Презентация по казахскому языку на тему Мені? балаба?шам


Ересектер тобына арналған
ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: «Қазақ тілі»
Тақырып: Менің балабақшам.
Бағдарламалық міндеттер:
Білімділік: Балабақша туралы түсінік беру. Жаңа сөздермен таныстыру. Ң дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.
Дамытушылық: жаңа сөздермен танысып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту. Ң дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.
Тәрбиешілік:  балабақшасын мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабаққа арналған материалдар: балабақша бейнеленген суреттер.
Билингвальді компонент: балабақша-детский сад, кең-просторный, қос қабатты – двухэтажный, таза –чистый, жарық –светлый.
Әрекет кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушы
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңберге тұрып, амандасайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан !
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Сабаққа қонаққа қуыршақ келгенін хабарлайды.
-Қонағымыздың аты – Айжан.
«Сенің атың кім?» дидактикалық ойынын ойнату.
-Балалар, Айжан қайда келгенін білмейді. Қайда келгенін айтайық.
Сәлемдеседі.
Шаттық шеңберге тұрып, бірге қайталайды.
Балалар аттарын атайды.
Балабақшаға.
Ұйымдас-тырушылық –
ізденісТақтадағы суретке назар аударады.
-Мына суретте не бейнеленген?
-Біздің балабақша қалай аталады?
Біздің шағын орталық әдемі, таза, қос қабатты, жарық.
Сөздік жұмыс
Балабақша – детский сад.
Таза –чистый
Қос қабатты – двухэтажный
Жарық – светлый
Кең –просторный
Дыбыстық жаттығу
-ң-ң-ң-кең
Сергіту сәті
Біз жүрдік, жүрдік, жүрдік.
Бақшаға жақын келдік,
Армысың, балабақша,
Біз саған оқуға келдік.
Тілдік жаттығулар:
Ша – ша – ша -әдемі балабақша
Оп – оп –оп – жақсы топ
Ла- ла –ла – үлкен бала
Зе – зе –зе – үлкен терезеТақпақ жаттау:
Балабақша есігінҮшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Ө. Ақыпбеков
-Балалар, Айжан үйіне қайтады, қазақша қоштасайық.
Балабақша.
Шағын орталық.
Сөздерді дұрыс қайталайды.
Кең сөзін қайталайды.
Дыбыстық жаттығу орындайды.
Өлеңді қайталап, қимылдар жасайды.
Балалар қайталайды.
Балалар тақпақты жаттайды.
Сау бол, Айжан!
Рефлексивті-коррекциялаушы-Қонаққа не келді?
- Айжанға не туралы айттық?
Білгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: балабақша туралы түсінік алады, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біледі;
игереді: қойылған сұраққа жауап беруді;
меңгереді: осы алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану.