Ерте?гілік ?ош бол с?йікті балаба?шам!



«Өнер және спорт мектебі» КМҚК жанындағы
«Еркетай» шағын орталығы

«Құлыншақ» тобының тәрбиешілері:
Сейдилдаева Майра Саулебайқызы
Кабабаева Мадина Ерболқызы
Приозерск қаласы
2015 жыл
Музыка ойнайды, екі бала кіреді.
Жансая: Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі күн ерекше.

Әділ:Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік.
Сүйген өз ұл, өз қызын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім.
Апай болды анамдай...
Жансая: Әділ, олай болса, достарымызды шақырайық!
Екеуі бірге: Достарым, келіңдер.
Балалар, музыкамен кіріп, қолдарындағы шармен билейді.
«Маленькая страна»
Жансая: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам, мұқият тыңдаңдар!
Аялап, баулып өсірген,
Қателік етсек кешірген.
Оқытып бізді үйреткен,
Көңілге құйған қуаныш.
Бұл кім?
Балалар: Тәрбиеші. ( Тәрбиешілер кіреді).
1-жүргізуші:Құрметті ата-аналар, қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгін біз жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасып, мектепке қадам басқалы отыр. Қадамдарың құтты болсын!
«Еркетай» шағын орталығының меңгерушісі
Медетбекова Шолпан Аманқызына бүлдіршіндерімізді құттықтау үшін сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші:Бөбек еді ол рас,
Кіп- кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап,
Тілейік ақ жолдарын.
Жансая: (Сандықшаны беріп) Біз сіздерді жақсы көреміз, мына сыйқырлы сандықшаны сіздерге сыйлағалы тұрмыз, сіздердің арман тілектеріңіз болса, осы сандықшаға айтып орындатуға болады.
1-жүргізуші: Шынымен қызық екен, олай болса Мадина сандықшаны
ашып көрейік!
Сандықшаны ашады, ішінен жұздызшаға жазылған сөзді оқиды.
Сендердің алғаш балабақшаға келген сәби шақтарыңды
көз алдымызға елестетіп, көргіміз келеді.
(сәбилер тақпақ айтып береді)
Мумина:Бізде де бар қуыршақ,
Аю, қоян, құлыншақ.
Қуыршақтар ойнайды,
Айтқаныңды тыңдайды.
Мұхамеджан: Көбелек ау көбелек,
Әдемісің керемет.
Гүлден гүлге қонағой,
Өзін де гүл болағой.
Бейбарыс: Мәпелейді, аялайды біздерді.
Ойнап күліп өткіземіз күндерді.
Балабақша өмір біздің басқаша,
Күліп, билеп, ән саламыз әрқашан.
2-жүргізуші: Сәбилік кездерің естеріңе түскен болар.
Би: «Гүлдерайым»
Ақбөпе, Айкөркем , Жансая, Ақжарқын, Полина.
2-жүргізуші:Ендігі кезекті түлектеріміздің тақпақтарына береміз
Бейбарыс:Ботақандай бөбек деп, Еркелеткен ұл - қызын, Анамызды ерекше, Қуантамыз біз бүгін. Қолыма гүл аламын, Дайын дәптер қаламым. Таңғалдырып достарымды, Мен мектепке барамын.
Амина: Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен.
Өзіңізді қимаймыз.
Ақтаңбет:Қуанамыз сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызбен қимай біз, Қоштасатын күн бүгін. Ильяс:Балабақша есігін, Сәби болып ашқанбыз. Балапандай мәпелеп, Өсіреді бақшамыз.Ернар:Бұл екінші үйіміз, Біз туғанбыз бәріміз. Біз осы үйдің гүліміз, Біз осы үйдің сәніміз.
Жанерке: Біз сабақты бастаймыз, Қайталаудан аспаймыз, Есептен де қашпаймыз, Жазуды енді бастаймыз.
Мирас:Баптап баулып өсірген, Бұзықтық етсек кешірген. Ұмытпаймыз өзіңізді, Ұмытпаймыз сөзіңізді.
Айкөркем:Сүйген өз қыз, өз ұлын, Бөбегім деп аянбай, Балабақша өз үйім, Апай болды анамдай.1-жүргізуші: «Бала бақша» әні
«Жігіттер» биі Шоқан , Шерхан, Ақтаңбет, Бекзат, Әділ, Нүрпейіс.
2-жүргізуші: Балалар сендер ертегі еліндегі кейіпкермен бірге болғыларың келеді ме?
Бір ерте заманда бір кішкентай түймедей ғана қыз болыпты.
Ол кішкентай болған соң оның аты - Түймеқыз екен. Ол кішкентай болғаны соншалық гүлдің ішінде өмір сүріпті.(сол кезде гүлдің күлтешелері ашылып ішінен Түймеқыз шығады.)
1-жүргізуші: Балалар қараңдар, міне Түймеқыздың өзі де келді.Түймеқыз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің атым – Түймеқыз.
Мен кішкентай болғансоң менің атымды – Түймеқыз деп қойды. Мен гүлдердің арасында отырып шаршадым. Менде сендермен бірге мектепке барғым келеді.
2-жүргізуші: Түймеқыз сен уайымдама. Біздің кішкентай бүлдіршіндерімізбен бірге біздің мерекені бірге тойла, Олай болса «Көбелектер» биін тамашалайық! Жанерке, Інжу, Аяулым, Алуа , Жансая, Ақжарқын.
2-Жүргізуші:
Балалардың тақпақтары
Алуа:Бөлмеде кеңес бересіз, Болашағымызға сенесіз. Бізден кейін кетесіз, Бізден кейін келесіз.
Бексұлтан: Мектепке енді барамыз, Оқимыз сауық құрамыз, Қашық емес арамыз, Бақшаға келіп тұрамыз.
Айдос:Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.

Станислав: Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Бек: Ақылы бар баласын, Айтқан тілді аласың, Намысты болып өстің сен,
Нағыз адам боласың.
2-Жүргізуші:
«Көк аспан» биін тамашалаңыздар!
Ақбөпе, Айкөркем; Полина; Жансая, Ақжарқын.
Сайқымазақ:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Мұнда қандай мереке болып жатыр?
Балалардың жауабы:
Балабақшамен қоштасу мерекесі болып жатыр.
Балалар, сендер әдемі болып кетіпсіңдер, менде сендермен бірге мерекені тойлағым келіп тұр.
Балалар, сендер балабақшада ойын ойнадыңдар ғой, олай болса мен сендердің ата-аналарыңмен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын шарты мынандай:
Үш дөңгелектің ішіне бала жинаймыз, мен 4,5,3 дегенде сол санға сәйкес бала жинаймыз.
Сайқымазақ балаларға сыйқыр жасайды.
Бөтелкені балаларға көрсетіп, үрлетеді, оның ішінен тиын шығарады.
Балалар менің билегім келіп тұр, ата-анамен билейді, гүл береді.
Сыйқыр жасайды:
Гүлді ата-ананың көйлегіне салып, орамал шығарады.
1-жүргізуші: Би билеп, бойымызды сергітіп алайық,
«Шығыс» биі Полина, Алия, Жансая, Ақжарқын, Айтолқын, Лиза, Ақбөпе.
2-жүргізуші:Біздің жас түлектеріміз балабақша қызметкерлеріне өздерінің алғыстарын өлең шумақтарымен жеткізгілері келіп тұр екен. Ендеше қабыл алыңыздар! 
Ақжарқын:Гүлдендірген бақшаны, Меңгеруші апай жақсы адам. Сондықтан да біз үшін, Артықсыз сіз басқадан.
Шолпан Аманқызына мың алғыс!
Ақбөпе:Жайдары жүз, ай қабақ, Жүреді бізді қарайлап. Тобымызға жиі кеп, Білгеніңді сұрайтын. Ақыл айтып тұратын, Әдіскер апайға мың алғыс!Шерхан:Денсаулығы болаттай, Ауруларды жолатпай. Күнде болған әбігер, Қамқоршымыз дәрігер. Айша апайға мың алғыс!
Іңкәр:Есеп- қисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін.
Апайымыз Клара,
Біз айтамыз мың алғыс!

Асхат:Төсек орын тап- таза,
Аппақ жуған сүлгісі.
Айнұр апай сізге де,
Балалардан мың алғыс!
Әділ: Тәтті тамақ пісіретін,
Айран сүтін ішкізетін.
Әсем ,Зүлфия апайлар сіздерге де,
Айтамыз біздер мың алғыс!
Аягөз: Жазу жазып үйреткен,
Ән салдырып, билеткен.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген
Күлшай ,Индира апайымызға мың алғыс!
1-жүргізуші:
«Корей» биі: Іңкәр, Лиза, Аягөз, Жанерке.
Алия:Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып, психолог апаймен
Біріншіге барамыз.
Гүлжанат апайға мың алғыс!

Ерсұлтан:Күліп қарап ісімізге шаттанған, Дәмді асымен жайған бізге дастархан. Анамыздай аялаған біздерді, Малика апайға мың алғыс!.Шоқан:Бізді баптап қараған, Күлімдеген жақсы адам. Ақ төсекке жатқызған, Басымыздан сипаған. Айгүл апайға мың алғыс!
Айтолқын:Еңбек еткен еңселі, Сырты менен ішіне. Балабақша қызметін  Иығына көтере. Венера апайға мың алғыс!
Нүрпейіс:Жазу жазып үйреткен, Әріптерді оқытқан. Санамақты жаттатып, Санауды бізге үйреткен. Жақсы болсақ қуанған,  Қате болсақ кешірген Ақмаржан , Айдана тәрбиеші апайымызға мың алғыс!
Елизавета:Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен.
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен.
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды.
Бойымызға сіңірген.
Майра, Мадина апайымызға мың алғыс!

Бәрі хормен: Балабақшам бесігім
Қайсысын айта берейін,
Қабыл алшы гүлімді,
Сіздерге сыйлап кетейін
Барлық апайларға мың алғыс!
2-жүргізуші: Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын сіздерге,
«Испан» биін сыйлаймыз-деп Әділ мен Жансая қызымыздың биін тамашалаңыздар!
Інжу:Біз бақытты баламыз, Жетіліп ой санамыз. Бақшамызбен қоштасып, Мектепке кетіп барамыз.
Жәңгірхан:Көңілді өскен баламыз, Шырқап әнге саламыз. Тойымызға сән беріп, Ән де айта аламыз!
Данияр:Біздер алты жастамыз, Сәбиліктен асқанбыз. Мектеп бізді шақырды, Қош бол,әсем бақшамыз.
Әнел: Қуанамыз, сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызбен қимай біз, Қоштасатын күн бүгін.
Аяулым:Ботақандай бөбек деп, Еркелеткен ұл – қызын. Анамызды ерекше, Қуантамыз біз бүгін.
«Қоштасу Вальсі»
1-жүргізуші: Ендігі кезекті, балабақшамыздың меңгерушісі Медетбекова Шолпан Аманқызына түлектерге диплом марапаттау рәсімін береміз.
Түлектерге диплом марапаталады.
2-жүргізуші: Келесі сөз кезегі ата - анаға беріледі.
2-жүргізуші: Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.-деп
  «Қош бол балабақшам» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Сайқымазақ:
Жоқ-жоқ әлі аяқтамаймыз ең қызық сәт енді басталды.
Сендерді сыртқа қызықты ғажайып сәтке шақырғым келіп тұр.
Жүріңдер менімен.Менің қолымдағы шарларды көрдіңдер ме ?
Олай болса,  қазір біз тілек тілеп шарларымызды ұшырамыз.