Мектепке дейінгі даярлы? тобына арнал?ан С?лем са?ан с?йікті,алтын ?я балаба?шам атты ерте?гілік


Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Құрық селосы «Болашақ» мектепке дейінгі
қазақ гимназиясының тәрбиешісі
Шаухаева Гульмира Каржаубаевна
"Сәлем саған сүйікті, алтын ұя балабақшам"
Мақсаты: 1. Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын
ұғындыру.
2. Сахналық мәдениетін қалыптастыру.
3. Мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Жүргізуші: - Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және қадірменді ата-аналар мен балалар! " Сәлем саған сүйікті, алтын ұя балабақшам " атты білім күніне арналған мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Биіктерге бастайтын асқаралы,
Әр жүректің сүйікті асқақ әні - деп бүгінгі мерекені Қазақстан Республикасының гимнінен бастайық.
Қоңырау үні естіледі.
Жүргізуші: Дүбірлі думан басталсын,
Жүректерді ән тербеп,
Шапалақ ұрсын асқар шың.
Мінекей, 2015-2016 оқу жылының да алғашқы қоңырау үнін естідік. 1 - қыркүйек білім күні құтты болсын!
Білім күніне арнап балалар өз тақпақтарын паш етпекші.
Ажар: Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпар гүлімен.
Келіп ем, қарсы алар балабақшам,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Сымбат: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Балабақшаға келген алғашқы,
Жан досым саған мың сәлем.
Әлібек: Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар.
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың.
Нұрболат: Біз балдырған баламыз,
Тәртіпке біз үйреніп
Білімді де аламыз.
Жүргізуші: Керемет, балалар. бүгінгі кешіміз қызығырақ болу үшін кезекті ойынға берейік. "Пішіндерді жина"
Ойынның шарты: төтбұрыш және үшбұрыш ортаға қойылады, балалар 2 тоқа бөлініп 1ші топ төртбұрыштарды 2ші топ үшбқрыштарды жинайды.
Әуенмен Жалқаубек жүгіріп кіреді: - Балалар сендер мені көрген жоқсыңдар. Мен анашымнан тығылып жүрмін, анам келсе мені жоқ деп айтыңыздар. Жалқаубек балалардың артына тығылып қалады.
Жалқаубектің анасы келеді: Амансыңдар ма, балалар! Менің баламды көрген жоқсыңдар ма? Балам тығылып неғып отырсың? Тұр қане!
Жалқаубек: Туу, қойшы анашым.
Анасы: Балам жүр мектепке апарайын.
Жалқаубек: Жоқ, мектепке бармаймын.
Анасы: Балалар көмектесе көріңде менің балам мектепке барғысы келмейді.
Жүргізуші: Жалқаубек, сен санап білесің бе?
Жалқаубек: Иә, санап білемін, - деп санай алмай сандарды шатыстырады.
Жүргізуші: Қане балалар көмектесейікші. Балалар 1-10 санайды.
Жалқаубек: Керемет балалар, өздерің менен кіші болсаңдарда бәрін біледі екенсіңдер. Ерінбей менде балабақшаға келегенде бәрін білер едім.
Жүргізуші: Олай деп өкінбе, әлі де кеш емес. Білім жалғыз мектепте, балабақшада емес, білім үйде, көшеде, білім сені аялаған анада.
Жалқаубек: Рас па онда мен жалқаулықты тастап мектепке барамын. Балалар сіздерде балабақшадан қалмай барып жүріңдер. Анашым жүріңіз мектепке барайық. Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Күтіп тұр алда сан қызық,
Асулар асқар неше сын.
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Үміттің отын жандырған,
Қыдырдан болсын қолдаушың.
Қош келіпсің балдырған,
Қадамдарыңа нұр жаусын - деп ортаға "Балапан" тобының бүлдіршіндерін тақпақ айтуға шақырамыз.
Әуенмен Білім патшайымы кіреді.
Жүргізуші: Саламатсыз ба, Білім патшайымы, төрлетіңіз. Балалар білім патшайымы сенлерге "Өз түсіңді тап" деп аталатын ойын әкеліпті.
Жүргізуші: Керемет ойын болды. келесі кезекте ортаға балаларды тақпақ айтуға шақырайық.
Құралай: Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар.
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтаны болыңдар.
Мадина: Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Бекназар: Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашасын арай күн.
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.
Адия: Білім алам ерінбей,
Армандарға жетуге.
Еліме қызмет етуге.
Рахман: Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Жүргізуші: Керемет балалар! Келесі "Ормандағы аңдар" көрінісін тамашалаңыздар.
Мұғалім: Саламатсыздар ма, сендер мектепке баруға дайынсыздар ма?
Аңдар: Саламатсыз ба, дайынбыз.
М: Онда сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Мына тақтада не жазылған?
Аю: Бұл жазылған сөз "Бал"
Түлкі: Бұл жазылған сөз "Балық"
Қоян: Бұл жазылған сөз "Білім"
М: Дұрыс айтасың қоян. Сен мектепке баруға дайынсың. Аю, түлкі сендер дайындалу керексіздер.Аю, Түлкі: Кешірерсіз, дайындаламыз.
Сау болыңыздар.
Жүргізуші: Ду қол шапалақ, көрініс унаған секілді.
- Балалар, сіздер әрдайым балабақшаға келіп тәртіпке үйреніп, білім алуға ұмтыласыздар ма?
- Иә
- Өте жақсы. Әрдайым балабақшаға келіп тәртіпке үйреніп, білім алуға ұмтылып, әр түрлі мерекелік шараларға қызығушылық танытып, белсенді қатыссаңыздар қоян секілді білімді боласыздар, мектепке де дайын боласыздар.
Келесі кезекте ойын: "Кім жылдам?"
Жүргізуші: Білім бастауы - балабақшада. ендеше бүгінгі мерекеде әнімізді балабақшаға арнайық. Ән "Балабақша"
1 Қыркүйек Білім күні мерекесі тағыда құтты болсын. Қош сау болыңыздар!