?ош бол, с?йікті балаба?шам!


-1045319-704325ЖШС «Балапан» балабақшасы

Тәрбиеші: Әділ Қаламқас
2013-2014 оқу жылы
Қош бол Әсем бақшамыз!
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз үшін қуанышы мен қимастығы қатар толқытқан, есте қалар ерекше күн. Дәл бүгінгі күні біз тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салмақпыз.
Вальс: 3
Әнұран
Тәрбиеші: Ия қаншама қимастықпен қиналсақта бүлдіршіндеріміздің үлгілі де озат оқушы атанып, өмірдің әрбір белсенің биіктеріне көріне берулеріне тілектеспіз. Ендеше бүгінгі той иелері мектеп табалдырығын аттар балаландарымыз «Балапан» балабақшасының «Балауса» тобын ортаға шақырайық.
Салмақты жігіт –Саят, Өнерлі жігіттеріміз – Жомарт пен Нұртас, әнші қызымыз –Аймереке, Ерке қызымыз-Анель.
Тәрбиеші:
Айналайын балалар,
Алдында мектеп ана бар
Өздеріңнен өседі
Өнерлілер, даналар
Өсті міне, бойлар
Өсті ақыл ойларын
Қуанышқа ортақпыз
Қуанышты тойларын
Тәрбиеші: Осы қуанышты сәтімізде мектепке бастар жол алдында балабақшамыздың әдіскері Жұмашева Жадыра апайдың лебізін тыңдағымыз келеді.
Тәрбиеші:
Қайырлы болсын балалар,
Білімге қадам басқан жол
Сөмке артып, арқалап
Болашаққа ашқан жол
Тілегіміз дарын болындар
Сөнбейтұғын жалын болындар
Жақсы оқып, ер жетіп
Ел сүйсінер ғалым болындар!
Хор. Біз мектепке барамыз.
Саят:
Мінекей, өсті бойымызда
Ақылға ақыл, ой қостық ойымызға
Қош келдіңіз, апайлар, ата-аналар
Бүгінгідей дүбірлі тойымызға
Той дегенің қуаныш
Сыйлар барлық балаға
Құттықтаусыз сірә де
Тойдың сәні бола ма?!
Хор. Мұғалім ол біздің.
Анел:
Қуан, шаттан балақай,
Қуанатын күн бүгін
Қанаттанып балапан
Самғап ұшар күн бүгін
Біз күттік бұл күнді
Қуанышпен асыға
Барамыз енді мектепке
Жасымыз келді алтыға
«Ақбоз ат» Жомарт, Саят, Нұртас
Аймереке:
Өсіп оймен санамыз
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз
Скоро мы учится будем
Школа ждет уже ребят
Но мы долга не забудем
Наш любимый детский сад
Хор. Балабақша
Тәрбиеші: Балалар кәне біз мектепке бармас бұрын әріптер мен сандарды еске түсірейік.
Ойын: Санамақ
Балалар кане ағылшын тілінде шумақ өлеңдерімізді айтайық.
Ән: Қарлығаш. Анельдің орындауында.
Ойын: Кім жылдам?
Балалар кане кім мектепке дайын екен.
Ойын шарты: Сөмкені алдарына қойып, алдында құрал жабдықтарды жылдам арада жинау.
Ән. Домбыра. Орындайтын Аймереке.
Жомарт:
Еңбегіңізге тілейміз
Әрқашанда зор табыс
Көп рахмет
Қуансақ бірге қуанған
Күлімсіреп қараған
Әдіскері бақшаның
Жадыра апайды сағынам
Дильназ:
Дені саудың жаны сау
Балаларға ұқтырған
Жылда емдеп қараған
Роза апайға мың алғыс!
Нұртас:
Қош келді, деп балдырған
Күліп шыққан алдымнан
Шексіз сеніп ата-ана
Балаларын қалдырған
Сипап қойып басымнан
Құрбы-құрдастарымен
Достастырған асыл жан
Тәрбиеші Қаламқас апайға мың алғыс!
Хор: Ардақты ұстазым.
Бақшамыздың даңқын асқақ ұшырыңдар,
Керітартпа кедергіні ысырындар
Халқымызға танымал азамат боп
Асыл жырын жүректің ұсынындар
Әрқашан от жігермен алға асындар
Қас жүйрік топты жарып алға шығар
Өмір заңы – бақшамен қоштасқанмен
Туған елмен мәңгілік жалғасыңдар!
Бүлдіршіндеріміздің мектепке бастар жолының ашық, қадамдарының сәтті болуына ата-аналар тарапынан_______ әжеден бата тілейміз.
Ләһи аумин!
Қорытынды құттықтау сөз!
Хор: Ризамыз!