Плюс и минус 2-класс


Сарсенбаева Бактыгул Аширбаевна
«Тәжен мектеп – балабақша кешені»
Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы.
2-сынып
Математика
Тақырыбы: «Қосу және азайту» 26+30, 56-30
Мақсаты: оқушыларға қосу мен азайтудың амалдарын және әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Бірден жүзге дейінгі сандар жиынын санауды және таңбалауды үйрете отырып, білімдерін шыңдай түсу. Математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: мың теңгелік ақша, алма, кәмпиттер, плакаттар, сөзжұмбақ, сағат т.б.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, бақылау, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
а) амандасу.
ә) назарын сабаққа аудару.
Сұраққа жауап берген оқушыларға 1000 теңгелік ақша беріледі. Бір есеп 1000 тг тұрады. Есептерді орындау үшін алма, кәмпит сатып алады.
Үй тапсырмасын сұрау.
а) 6-тапсырманы пысықтау.
ә) ондықтармен жүзге дейін санату.
б) саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата.
в) санның ( 30, 55, 79) алдындағы санды ата.
г) санның (50, 76, 94) көршілерін ата.
Жаңа сабақ.
Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.
Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын. Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар. (31,32,33,34,35,36,37,38,39,40)
Зейінділік есеп.
Себетте 9 алма бар еді, оның 2-еуі жерге түсіп қалды. Себетте неше алма қалды?
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Суреттерді және жазуларды пайдаланып, қосу мен азайту тәсілдерін түсіндіру.
26+30= 56-30=
(20+30)+6=56 (50-30)+6=26
20+30 50-30
Жазуы нені білдіреді? Жазуы ше?
Ондықтарға ондықтарды қосады. Ондықтардан ондықтарды азайтады.
2-тапсырма. Түсіндіре отырып, тақтаға орындалады.
53+30= (50+ 30)+3 83-30=(80-30)+3 35+40= (30+40)+5 75-40=(70-40)+5

50 3 80 3 30 5 70 5
3-тапсырма. Өзіндік жұмыс. Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
а) (20+5)+60=85
(70+9)-40=39
(60+4)-40=24
(20+2)+50=72
ә) Теңдеулерді шеш:
6+а=10 10-а=6 а-6=4
a=10-6 а=10-6 а=6+4
a=4 а=4 а=10
6+4=10 10-4=6 10-6=4
4-тапсырма. Дәулет қарындаштарының 2-еуін досына берді. Өзінде ? қарындаш қалды. Дәулеттің неше қарындашы болған еді?
Тапсырманы есепке айналдыр. Оны шығар. Осыған кері екі есеп құрастыр және шығар.
Қысқаша жазуды схема (сұлба) түрінде орындаған қолайлы.
№1 №2 №3
Болғаны - ? 12 12
Бергені 2 қ. 2 ?
Қалғаны – қ. ? 10
10+2=12(қ) 12-2=10(қ) 12-10=2 (қ)
Жауабы: 12 қ. болады. Жауабы: 10 қ. қалды. Жауабы: 2 қ. берді.
Сергіту сәті: «Кім жылдам» ойыны.
Кәмпиттерді салыстыр.

Балапандарды салыстыр.

Алмаларды тез сана.

Бірдей қатарды тап.
Есеп құра.
5-тапсырма. Сағат цифр болатын пайдаланып, ауызша орындалады.

Миға  шабуыл: Жұмбақты есептер
Ағайынды бес құрдас,
Бірдей болып еш тұрмас(саусақтар)
Көкте бір дәу,
Жан-жағы мың бір әлем (ай мен жұлдыз)
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.(түйе)
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан (қайшы)
Таңертен тұрдым
Екі жолды қудым (шалбар)
Рефлексия. Шығармашылық тапсырма. «Сиқырлы үшбұрыштарды» оқушылар жұппен талқылайды және толтырады. Өз жауаптарын негіздеп береді.




7-тапсырма. Топпен жұмыс. Ойланып отырып, ауызша жауап бер.
10+5= -5= -10=
20+5= -5= -20=
30+5= -5= -30=
Сабақты бекіту.
Жұп сандарды ата?
Тақ сандарды ата?
Бірліктерді ата?
Ондықтар дегеніміз неше таңбалы сан?
Жүздіктер дегеніміз неше таңбалы сан?
Бүгінгі өткен сабағымыз ұнады ма?
Бағалау. Жинаған кәмпиттерімен бағалау.
Үйге тапсырма. 6-тапсырма