?аза? тілінен 4-сынып?а тест тапсырмасы (ІІ н?с?а)


2 -нұсқа
1. 2006, 20006 санының дұрыс жазылуын белгіле
А) екі мың алты
В) жиырма мың алты
С) жиырма алты мың
D) екі мың алты, жиырма мың алты
2. Қатаң дауыссыздармен жазылған сөз
А) қызанақ
В) қысқыш
С) құмыра
D) қалам
3. Баспалдақтан сөзіндегі тасымал саны
А) екі
В) үш
С) төрт
D) бес
4. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі
А) дыбыс үндестігі
В) буын үндестігі
С) үндесу заңы
D) буындардың байланысы
5. БҰҰ толық атауы
А) Балалар ұстаздар ұйымы
В) Біріккен ұлттар ұйымы
С) Балдырған ұлдар ұйымы
D) Бас ұлағаттар ұйымы
6. Қос сөздер қатарын белгіле
А) тасбақа, итмұрын
В) Айсұлу, Нұрсұлу
С) АҚШ. БҰҰ
D) жап-жасыл, әке-шеше
7. Жіңішке дауысты дыбыстармен берілген сөз
А) етікші
В) еңбекқор
С) мұғалім
D) кітапхана
8. Антоним сөздер қатарын белгіле
А) қалың-жұқа, биік-аласа
В) қалың-жіңішке, биік-үлкен
С) аласа-төмен, ана-әке
D) кішкентай-балғын, үлкен-кіші
9. Жіктеген қатарды белгіле
А) жұмысшымын, жұмысшысың, жұмысшы
В) жұмысшының, жұмысшымның, жұмысшысының
С) жұмысшылар, жұмысшымен, жұмысшыдан
D) жұмысшыларға, жұмысшылар, жұмысшының
10. Тәуелдеулі қатарды белгіле
А) досым, қарындасым, бауырым
В) досқа, қарындасқа, бауырға
С) доспын, қарындаспын, бауырмын
D) достар, қарындастар, бауырлар
11. Көпше түрдегі зат есімдер қатары
А) әкелер, шешелер, балалар
В) балалар, шеше, әке
С) желдеткіш, шайнек, түйме
D) балапан, газет, моншақ
12. Табыс септігінде тұрған қатарды белгіле
А) Баланы, қантты
В) Балаға, қантқа
С) Баланың, қанттың
D) Баламен, қантпен
13. Заттың пішінін білдіретін сөзді белгіле
А) сарғыш, көгілдір
В) ащы-тұщы
С) сопақ, домалақ
D) мамық, жұмсақ
14. Келер шақта берілген сөйлемді белгіле
А) жатжазу жаздық
В) жатжазу жазамыз
С) жатжазу жазып отырмыз
D) жатжазу жазғамыз
15. Сөйлем айтылуына қарай бөлінеді
А) бірге
В) екіге
С) үшке
D) төртке
16. Қоңырау соғылды, мұғалім сыныпқа кірді
А) жай сөйлем
В) құрмалас сөйлем
С) жалаң сөйлем
D) жайылма сөйлем
17. Жалаң сөйлемде сөйлемнің қандай мүшелері болады?
А) тұрлаулы мүше
В) тұрлаусыз мүше
С) бірыңғай мүше
D) түбірлес мүше
18. Туынды сөзді көрсет
А) асық
В) азық
С) құмалақ
D) сәулетті
19. «Қап, бәлем» қыстырма сөзін мына сөйлемдердің біреуінен орнын тап
А) Дүкенге барып кел.
В) Мұны білген күнде, келмес едім
С) Жатар алдында есікті жап
D) Бүгін түскі асқа кел
20. Түбірлес сөздер қатарын көрсет
А) балалық, балақай, балалы
В) терезе, күнделік, мешіт
С) әке, шеше, бала
D) кітап, оқулық, дәптер
2 – нұсқаның кілті
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
D B B A B D A A A A A A C B C B A D B A