?аза? тілінен тест тапсырмасы 1-то?сан 6-сынып


1-нұсқа 6-сынып 2-тоқсан
1. Біріккен сөзді белгіле:
1) ашық 2) кәсіпорын 3) отыз 4) балдырған2.Қос сөзді белгіле.
1) қаптесер 2) балықшы 3) домбыра 4) жан-жануар
3.Тіркесті сөзді белгіле.
1) ата-ана 2) ауа райы 3) балапан 4) шаруашылық
4. Одағай сөзді белгіле.
1) бәрекелді 2) жазбаймын 3) селк етті 4) сайын
5.Дерексіз зат есімді белгіле.
1) қарындаш 2) парасат 3) жиырма 4) ақкөңіл
6. Туынды сын есімді белгіле.
1) жақсы 2) денелі 3) таза 4) терең
7.Болжалдық сан есімді белгіле.
1) екеу 2) екіден 3) алтыншы 4) жүздей
8.Сілтеу есімдігін белгіле.
1) мынау 2) барлық 3) біз 4) әркім
9.Туынды зат есімді белгіле
1) қақпа 2) қалың 3) төмен 4) достық
10. Жинақтық сан есімді тап
1) екінші 2) оннан 3) төртеу 4) жүздеген
11. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын тап.
1) Еш уақытта, еш қашан 2) әлде кім,әр адам 3) әркім,ешқайда 4) кей ағаң, кей біреу 5) бүгін,еш теңе
12. Есімдерге нелер жатады?
1) есімдік, етістік, сан есім 2) зат есім, шылау, үстеу 3) зат есім, сын есім, сан есім 4) етістік, сан есім, одағай 5)есімдік, еліктеу сөздер, сын есім
13.Шақты, шамалы, тарта, жуық. Қандай сан есімге тіркеседі?
1) бөлшектік сан е. 2) реттік сан е. 3)топтау сан е. 4)болжалдық сан е. 5)жинақтық сан е.
14. Кең маңдайлы, қызыл ала. Қалай жасалған сын есім?
1)қосарлану арқылы 2)тіркесу арқылы 3)бірігу арқылы 4)жұрнақ арқылы 5)жұрнақсыз
15.сын есім нешінші сөз табы?
1) бірінші 2) бесінші 3) жетінші 4) екінші 5) үшінш
2-нұсқа 6- сынып 2- тоқсан
1. Біріккен сөзді тап.
1) Талдықорған 2) Ашық ауыз 3) бес дәптер 4) қоңыр ала 5) тісін қайрады
2. Дара сөзді тап.
1) тізесін бүкті 2) әкімшілік 3) бес жүз 4) отыз бестерге 5) жақсы көру
3. Күрделі сөзді тап.
1) қолын жуды 2) миллионның жартысы 3) жарақаттану 4) жығылып қала жаздады 5) Ел отырды
4. Кіріккен сөзді тап.
1) Мөлдір су 2) Ақыр заман орнату 3) күздігүні 4) Қазақстан Республикасы
5) Қабағынан қар жауды.
5. Қысқарған сөзді тап.
1)Көз шырымын алды 2)Әлек салды 3) Кетіп барады 4) Оқуды үздік оқиды
5) педколледжді бітірді
6. Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны тап.
1) АҚШ-қа 2) медбикеге 3) ТМД-на 4) БҰҰ-ны 5) см-ден7. Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді тап.
1) ағалы-інілі 2) басқа-басқа 3) жекпе-жек 4) оқта-текте 5) жап-жасыл8. Туынды сөзді тап.
1) отыр 2) От ала келу 3) Жина 4) көйлек 5) Сүзгі
9.Қайталама қос сөзді тап.
1) балапандар 2) бала-шаға 3) анда-санда 4) бетпе-бет 5) киім-кешек10. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді тап.
1) балалар 2) қалалық 3) жауырын 4) қауырсын 5) дау
11. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.
1) толықтауыш 2) баяндауыш 3) пысықтауыш 4) бастауыш 5) анықтауыш
12. Басқа сөз тбынан жасалған сын есім
1) қатыстық сын есім 2) сапалық сын есм 3) негізгі сын есім 4) туынды сын есім
5) есептік сын есім
13. Есептік сан есім қандай жұрнақ жалғану арқылы жасалады?
1) - ау, - еу 2) –Ыншы, - інші 3) тарта, жуық 4) еш жұрнақсыз 5) -ншы,- нші
14 . Күрделі есімдікке қандай есімдіктер жатады?
1) жалпылау, өздік 2) сілтеу, сұрау 3) белгісіздік, болымсыздық
4) жіктеу, белгісіздік 5) жалпылау, болымсыздық
15.Бір сөзден болған сын есім қалай аталады?
1) дара сын есім 2) күрделі сын есім 3) туынды сын есім 4)қос сөзді сын есім
5) тіркес сөзді сын есім
3- нұсқа 6-сынып 2-тоқсан
1. Дара зат есімді тап.
1) тұрғын 2) оқу 3) тасбақа 4) қиял 5) ата-ана
2. Күрделе зат есімді тап.
1) зейін 2) білгіш 3) әдеп-ғұрып 4) самғау 5) бос
3. Жалпы есімді тап.
1) «Абай жолы» 2) Құлагер 3) Балқаш 4) «Жас Алаш» 5) Тау
4. Негізгі зат есімді тап.
1) күнделік 2) көркем 3) ұлық 4) қол 5) ұғу
5. Сөйлемдегі бастауыш қай сөз табынан жасалып тұр?
Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.
1) сын есім 2) зат есім 3) үстеу 4) етістік 5) шылау
6. Деректі зат есімді тап.
1) тас 2) шабуыл 3) дәулет 4) азап 5) ар-ұят
7. Дерексіз зат есімді тап.
1) алтыбақан 2) жер 3) даңқ 4) дария 5) жусан
8. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтарын тап.
1) –лық,-лік 2) –жан,-еке 3) –ғы,-гі 4) –ым, -ім 5) –к,-ік
9. Жалқы есімі бар сөйлемді тап.
1) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым. 2) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын. 3) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
4) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, қызыл пүліш камзол.
5) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
10. Болымсыздық есімдігін көрсет.
1) бірнеше 2) саған 3) дәнеңе 4) әлдекім 5) түгел
11.Болжалдық сан есімге қандай сөздер тіркеседі?1) шамалы, шақты , қаралы 2) секілді, сияқты, таман 3) жарты, жуық, таяу
4) есім, есімдік, үстеу 5)секілді, шамалы, туралы
12. Ақ, сары, төмен. Қандай сын есімдер?
1) туынды сын есім 2) тіркес сөзді сын есім 3) қатыстық сын есім
4) қос сөзді сын есім 5) негізгі сын есім
13. Нешеу ?деген сұраққа жауап беретін сан есім
1) есептік сан есім 2) жинақтық сан есім 3) бөлшектік сан есім
4) болжалдықсан есім 5) топтау сан есім
14. Барыс септіктегі сөзді тап
1) ұяда 2) балықшыны 3) тауға 4) жолдың 5) ақынмен
15. Күрделі сын есімді тап
1) күрең қызыл 2) көк 3) сары 4) жасыл 5) көкшіл
4- нұсқа 6- сынып 2- тоқсан
2. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты тап.
1) Өнерлі бала сүйкімді. 2) Көп сөз—күміс 3) Ел жасымен көрікті
4) Халық сөзі—қаһарлы. 5) Оның көйлегі көгілдір
3. Туынды сын есімді тап.
1) жылтыр 2) биік 3) момын 4) кенді 5) жұмсақ
4. Дара сын есімді тіркесті тап.
1) хош иісті зат 2) аппақ қар 3) киім тазаланды 4) көгілдір аспан 5) теп-тегіс жол
5. Негізгі сын есімді тап.
\1) түртіншек 2) батыл 3) шыдамды 4) адам 5) рухани

6. Күрделі сан есімді тап.
1) мыңдап 2) елулерде 3) жүз 4) екеу 5) екі бүтін оннан үш
7. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?
1) он оннан 2) отыз қырықтарда 3) екеу үшеу 4) төрт мың 5) үш төрт
8. Жіктеу есімдігіне жатпайтын сөзді тап
1) Біз, ол 2) сіз, сен 3) мен, сендер 4) бұл, осы 5) сіздер, олар
9. Шығыс септігінде тұрып,пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?
1) есептік 2) реттік 3) жинақтық 4) бөлшектік 5) топтау
10. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді тап.
1) екі 2) он сегіз 3) жиырма алты 4) он 5) мың11. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті тап.
1) осынау 2) оған 3) әрне 4) кейбіреулер 5) ештеңе
12. Болжалдық сан есімді тап
1) он екі, төртінші 2) алтау, жүзден бір 3) қырықтай, жиырма бірлерде
4) екіден үш, бес 5)үш- үштен, алпыс шақты
13. Біріккен сөзді тап
1) Қысқы күн, әдемі көйлек 2) үй, жарыс 3) әкелді, апар 4) ТУ- 154, км
5) екі- үш, он- оннан
14. Қысқарған сөзді тап
1) ҚР, ТМД 2) қонақ, парта 3) дарабоз, белбеу 4) он, жүз 5) ол, біз
15. Қазақ тілінде неше септік бар?
1) 5 2) 7 3)8 4)9 5) 6
5-нұсқа 6- сынып 2- тоқсан
1. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
1) X –сынып 2) 2004-жылы 3) 24-қараша 4) 1-інші үй 5) 3-алма алды
2. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді тап.
1) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп. 2) Екі жастың қуанышы тойланды.
3) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.
4) Екеуіне сүйсінумен өтермін. 5) Ән айтатын өнерпаздар—осы үшеуміз
3. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?
1) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген. 2) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.
3) Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты.
4) 30-40-тай адам жиналған екен. 5) Біз 2-еу едік.
4. Есептік сан есім қатысқан сөйлемді тап.
1) Күллі ақыл мен ғалымды тоздыратұғын төрт нәрсе бар.
2) Құрдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. 3) Арада жыл жарым өтті. 4) Бір үйден он бес-жиырмадан мал өреді. 5) Мен 11-сыныпта оқимын.
5. Сан есім қандай жағдайда пысықтауыш қызметін атқарады.
1) Барыс,жатыс,шығыс,табыс септіктері тұлғасында. 2) Заттанып, ілік септік жалғауы тұлғасында. 3) Заттанып,атау септік тұлғасында
4) Жіктеліп не көмекші етістікпен тіркесіп 5) Етістіктің алдында келіп.
6. Күрделі есімдіктер қатарын тап.
1) күллі, барша, тегіс 2) өзім, өзді-өзі, өздеріңіз 3)қашаннан? қайсысы?
4) әркім, қайсыбір,ешқашан 5) мынау, осыңыз, соным
7. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті тап.
1) Олар жиналысқа түгел қатысты. 2) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.
3) Оның ағасы ешкімге тиіспейді. 4) Бұлардың ойы іске аспады.
5) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.
8. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.
1) Ешкімге тіл қатушы болма. 2)Саған тай сатып әперемін. 3)Өзің үлкен,қылығың-
бала-шаға. 4) Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
5) Әрбір жинақылықтың түбі—кеніш.
9. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін тап.
1) кіміңіз? Несі? 2) бұнысы, мынауымыз 3) соның,анаған 4) өздерің,өзіңіз
5) барлығынан, бәрінің
10. Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?
1) әркім,кейбіреу,әлденеше 2) олар,мен,біз 3) кім, қашан, неше
4) біреу, ешбір,қайсыбір 5) бәрі,түгел,барша
11. Дұрыс септелген есімдікті тап.
1) менге 2) сенмен 3) сода 4) бұдан 5) сеннің
12. Қанша? Нешеу? Сұрағына қай сөз табы жауап береді?
1) зат есім 2) есімдік 3) сан есім 4) етістік 5) сын есім
13. Деректі зат есімді тап
1) тақта, кітап 2) арман, ой 3) қиял, сезім 4) адамгершілік, сенім 5) жігер, намыс
14. Бас әріппен жазылатын сқзді тап
1) бор, дәптер 2) айна, ақша 3) жер, жүрек 4) гүлсім, ақтабан 5) бес, жетпіс
15. Тіркес сөзді көрсет
1) қап- қара, әп- әдемі 2) жүректілік, қорқақ 3) орта мектеп, сары ала
4) БҰҰ, кг 5) бала- шаға, бүгін