Та?ырыбы: Сипаттау м?тіні туралы ??ым.


Тақырыбы: Сипаттау мәтінін пысықтау.
Мақсаты
Мәтін туралы алған білімдерін кеңейту, мәтінге ат қою негізгі ой туралы мағлұмат беру. Сипаттау мәтіні туралы білімдерін толықтыру. Заттарды салыстырып сипаттауға үйрету.
Күтілетін нәтиже Мәтіннің ережесін еске түсіреді, түрлерін айтады, мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйренеді.
Түйінді идеялар Қайталау-білім анасы.
Сабақ кезеңдері: Сабақ барысы Бағалау Ресурстар
Кіріспе
Ынытымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Атыспақ» ойынын ойнату арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, орыс тілінен енген сөздер айтып, олардың жазылуын есте сақтау. Үш шапалақ
Тұсаукесер «Мәтін» сөзіне ассоциация құрастыру.
Мәтін
Мағына жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлемдер
******************Мәтіннің 3 түрі болады.
********************
–Мәтін дегеніміз не?
-Мәтіннің бөліктерін ата. Негізгі бөлім 16-жаттығу. Оқушылар мәтінді оқып танысады. Мәтін кейіпкерлерін анықтайды. Боданбек пен Шоғанбекті суреттеген сөйлемдерді көшіріп жазады.
Боданбек аққұба өңді, жұқалтаң, қағілез. Боданбек елгезек.
Шоғанбек жалпақ беттеу, бақабастау, тотыққан қызыл қоңыр, жұп-жұмыр, төртпақтау. Боданбектен жасы үлкен болса да, бойы үш елідей аласа.
17-жаттығу. Оқушылар суретте берілген құстарды өзара сипаттайды. Ол үшін құстардың көлеміне, түріне, түсіне назар аударады. Оқушылар сипаттап айтылғаннан кейін мұғалім оқушыларға бұл құстар туралы мәліметті таратады. Оқушылар сол мәліметтерді пайдалана отырып, екі құстың біріне сипаттау мәтінін өздері құрастырады.
Қарлығаш Сауысқан
Жыл құсына жатады.
Қысқатұмсықты, бас жағы қызыл түсті, бауыры ақ болады.
Құйрығы айыр.
Ол адамның досы, адамға қамқор боп жүретін адал құс.
Көктемде келе салысымен ұя сала бастайды. Ұзамай 4-6 ақ шұбар жұмыртқа туады.Екінші рет тамыздың басында жұмыртқалайды.
Қорегін ұшып бара жатып қағып жейді.
Адамға үйірсек.
Сүйкімді.
Қазақ қыздарының арасында ең көп кездесетін есімнің бірі – Қарлығаш. Кіші денелі, түзу ірі қысқатұмсықты құс.
Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады.
Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны қазақта алақанат сауысқан деп те атайды.
Құрт-құмырсқа жейді, етқоректі, аздап шөп жеп қоректенеді.
Отырықшы құстар қатарына жатады.
18-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы өлеңде не туралы айтылғанын анықтау.
Қайың мен қарағайды салыстыру. Мұғалім оқушыларға қарағай мен қайың туралы мәліметтер оқып таныстырады. Екі ағашты ауызша салыстырады.
19-жаттығу. Өлеңді оқып танысу. Не туралы екенін анықтау. Өлеңнің екінші шумағын көшіріп жазу. Бұлан мен құланды салыстыру.
Қорытынды Сипаттау мәтінінің бөліктері қандай? Үш шапалақ Үйге тапсырма 33-бет. 20-жаттығу.
Рефлексия «Мен білдім...» (оқушылар өз білгендерін «Мен білдім...» деп бастап тез, тез айтып шығады.) Бағалау
4 «В» класс
Бақылау жұмысы дәптерлері.
26 оқушы