М?тінні? т?рлері, пайымдау м?тіні.4 сынып


Тақырыбы: Мәтіннің түрлері, пайымдау мәтіні.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 26 жаттығу 53-бет
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
Мәтін дегеніміз не?
Оның қандай түрлері бар?
Сипаттау мәтініне мысал келтір.
 Проблемалық әдісБақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан - жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді.Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.Екі баланың ісіне ел риза болды.1. Бұл тыңдағандарың не?2. Мәтінде неше сөйлем бар?3. Әр бөлік неден басталған?4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?Мәтіннің үш бөлімі болады:БасыНегізгі бөліміСоңыЕрежеМәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
Ү.Жаңа материалмен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс:
27-жаттығуды оқу, мазұнын түсіну.
тақырыбын автор қалай қойды деп ойлайсыңдар?
Сендер қандай ат қоятын едіңдер?
Мәтін ары қарай қалай жалғасты?
Мәтін немен аяқталады?
28-жаттығуда берілген үш мәтінді салыстырып, қай түрлеріне жататындығын ажырату.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.Көркем жазу.
28-жаттығудағы үш мәтіннің ұнаған біреуін көшіріп жазу.
Сергіту сәті:Орнымыздан тұрайық,Алақанды созайық.Оңға қарай иіліп,Солға қарай иіліп,Бір отырып, бір тұрып,Сәл тынығып алайық.
Өзіндік жұмыс:
Адасқан сөйлемдер (ойын)Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра. 1. ауасы бөлменің таза.
2.үлкен терезелері оның.
3.бөлмем мынау -менің .
4. төсегім тұр оң жақта менің.
5. орындықтар қойылған, сол жақта үстел,.
30-жаттығудағы мәтінді оқу, мазмұнын ашу:
Мәтін кім жайында?
Бала неліктен жүре алмай отырады?
Оған көмекке нелер келеді?
ҮІ. Бекіту: Тіл дамыту жаттығулары
Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.Тақырып: Көше тәртібі.Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол.Жол тәртібін білейік,Аман – есен жүрейік!
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ.Қорытындылау.
Мәтін дегеніміз не?
Оның қандай белгілері бар?
Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай?
Мәтін болу үшін нелер керек?
Олар бір-бірімен байланасу керек пе?
Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 29 –жаттығу, 55- бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау