Урок на тему: Ыбрай Алтынсарин-выдающийся просветитель казахского народа


Ы.АЛТЫНСАРИН- ӘДЕБИЕТШІ.
Ысмағұл Жәния
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
Сабақтың мақсаты:
Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері мен шығармашылығының маңыздылығына көз жеткізу .а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және жазушылық тіл шеберлігін ұғындыру.Қазақ әдебиетіне қосқан үлесін пайымдау. ә) Дамытушылық: студенттерді шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.б) Тәрбиелік: өнерді құрметтей білуге, адамгершілікке, патриоттыққа, еңбек етуге тәрбиелеу.Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндірілмелі-иллюстративтік әдіс, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, шығармашылық іздену , ойын элементтері, кластер
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті, қазақ тілі, дін тану
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялық слайд, видео материал, бүктеме, кітаптар көрмесі.
Пайдаланған әдебиеттер: «Таза бұлақ» 1988 ж, «Ы.Алтынсарин» 3 томдық шығармалар жинағы, 1975 ж
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 – 2 мин
Психологиялық дайындық
Сәлемдесу, кезекші көмегі арқылы топ санын түгелдеу.
Студенттерді 3 топқа бөлу . «Білімділер» , «Ғибрат», «Ізбасарлар»
ІІ.Үй тапсырмасы: 10 – 12 мин
1.Ой – қозғау .

2. «Кім білгір?» ойыны
«Білімділер» тобы
Ыбырай Алтынсарин қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1841жылы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы)
Қай жылы, қандай мектепке қабылданады? (1850 жылы, Орынбор )
Ыбырай еңбектерінің жетістіктері неде? ( тұңғыш оқулық авторы, тұңғыш қыздар мектебін, қолөнер мектебін ашқан)
«Ғибрат» тобы
1859 жылы Орынборда кейін досы болған ғалым, профессормен танысады? Ол кім? (В.В.Григорьев)
Қай жылы , қай өңір мектептеріне инспектор болып тағайындалды? (1879ж, Торғай облысы)
Қандай оқулықтардың авторы? («Қазақ хрестоматиясы)
«Ізбасар » тобы
Ыбырайдың орыс достарын атаңыздар? (Н.И.Ильминский, В.В.Григорьев, Я.П.Яковлев)
«Қазақ хрестоматиясы» қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1879 жылы Орынборда)
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияда қандай қызмет атқарады? ( тілмаш)
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. 2 – 3 мин
«Сәйкестендіру» тапсырмасы
Ыбырайдың ықпалымен ашылған мектептерді жылдарына сәйкес табу
IV. Жаңа сабақ. 18 -20 мин
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері: өнер-білім, ғылым жайлы
Кел, балалар, оқылық
Өнер - білім бар жұрттар
Тәрбиелік мазмұнда
Әй, достарым
Әй, жігіттер
Өсиет өлеңдер
Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен
Ананың сүюі
Әлеуметтік теңсіздікті,ел билеуші әкімдердің келеңсіз қылықтарын сынау
Залым төреге
Азған елдің хандары
Азған елдің билері
Азған елдің байлары
Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөз
Табиғат лирикалары: «Жаз », «Өзен»
Ы.Алтынсарин - аударма жанрының көшбасшысы.
«Книга для чтения и практических упаржений в русском языке» И.Б.Паульсон
«Детский мир» ,«Родное слово» К.Д.Ушинский
“Егіннің бастары ”,“Қарға мен түлкі” И.Крылов
Л.Н. Толстой
Халық ауыз әдебиеті
“Жиренше шешен”
“Қара батыр”
“Алтын айдар”
“Қобыланды батыр”
“Жәнібек батыр”
“Бір ақынның әділ төреге айтқаны”
“Нұржан бидің сөзі
“Абылхайыр хан мен Каналы турасында ”
Орынбай батырдың Ерденге айтқан әні
””Шектібайдың Карағұл дегенді мақтауы”
“Жанақ пен Баланың айтысқаны”
“Шалгездің Жәнібек ханға айтқан сөзі”
«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастапқы құралы»
Зат есім. Имя существительное
Сын есім. Имя прилагательное
Сан есім. Имя числительное
Местоимение деген сөздің бөлімі. Есімдік.
Үстеу, жалғаулық. Наречие и союз
Предлог деген сөздің бөлімі.
Глагол деген сөздің бөлімі. Етістік
Видео материал көрсету
«Шығармашылық шарт » тапсырмасы
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арналған өлең н/е эссе, н/е көрініс
V. Білімді бекіту. 8 - 10 мин
«Поэзия минуты » өлеңдерін мәнерлеп оқыту, талдау
VI.Бағалау: 1 – 2 мин
VII.Үйге тапсырма: 1 – 2 мин:
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына тест тапсырмасына дайындалу
«Дала қоңырауы» тақырыбында реферат дайындау
Қазақ әдебиеті 10 сынып, 83 – 95 бет