??растыру Лактар мен боталар?а арнал?ан ?оршаулар атты технологиялы? карта


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі : Құрастыру
Тақырыбы: Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар
Мақсаты: құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс ораластыруға және көлеміне, пішініне, түсіне қарай қоршаулар жасай алуға дағдыландыру,үй жануарлары туралы қарапайым түсініктер беру және оларға қамқорлық жасай білуге тәрбелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер, үй жануарларының ұсақ ойыншықтары.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар
Сөздік жұмыс: лақ, бота, қозы, құлын, бұзау,қоршау.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғалаушылық Педагог үй жануарларының ұсақ ойыншықтарымен «Төлін таны» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Лақ, бота, қозы, құлын, бұзау туралы балалар ажыратып айтып берулерін сұрайды.Үнтаспадан олардың дыбыстарын тыңдайды. Осылайша ойын соңында лақ пен ботаны екі шетіне шығарып қояды, енді біз лаққа бөлек, ботаға бөлек тұратын өоршаулар жасап берейік деп өтініш білдіреді Балаларға педагог сиырды кқрсеткенде балалар бұзауды оның қасынаәкеліп қояды,түйені көрсеткенде ботаны,ешкіні көрсеткенде лақты т.б.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Педагог үлгідегі суретті көрсетіп, қоршаулардың ерекшелігіне назар аударады. Қайсысы үлкен, қайсысы бік болатыны алдын ала ойланып алынады.Әр баланың алдына ұсақ ойыншықтар таратылады, лақ алған бала лаққа қоршау жасаса, ботаны алған бала ботақанға қоршау жасайды. Лақтың қоршауын жасау үшін кірпіштер көлденеңінен пайдаланады, ботаға қоршау үшін кірпіштер тігінен пайдаланылады. Не себептен? Балаларға ойлануға мүмкіндік береді. Құрылыс матералдарын дұрыс пайдалануға бағыт береді, көмектеседі,басшылық жасайды. Балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырып ойын ойнауға бағыттайды Балалар өздері таңдап алған төлдеріне қоршаулар жасайды, үлгіге қарап отырып,кірпіштерді дұрыс орналастыруға әрекет етеді.Лақтың қоршауы аласа, ботаның қоршауы биік екеніне көңіл бөледі. Қоршаудың есігін ашып-жабатын етіп, жасап көреді. «оларға шөп немесе су бересіңдер ме?»-деп балаларға ол тастайды. Төлдер қалай дыбыстайтынын айтады.
Рефлексиялық-түзетуші Балалардың жасаған қоршауларын педагог қарай отырып, олардың құрылыс материалдарынқалай пайдаланғанына мән береді.Жасқы жасалған қоршаулар мадақталады.
Өздерінің жасаған қоршаулары және төлдері туралы айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: құрылыс материалдарынынң түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды, үй жануарларының төлдері жайындағы ұғымдарды;
игереді : «биік», «аласа» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
Қолданады: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды;