Word. С?біз ж?не оны? адам а?засына пайдасы ?ылыми жоба


М А З М Ұ Н Ы:

І Кіріспе ...............................................................................................3
ІІ Негізгі бөлім:
2. 1 Сәбіздің пайда болу тарихы ...............................................5
2. 2 Сәбіз дақылының жалпы сипаттамасы .............................6
2. 3 Сәбіздің сорттары ...............................................................8
2. 4 Сәбіздің адам ағзасына пайдасы .......................................9
2. 5 Сәбіз шырының пайдасы ...................................................14
2. 6 Сәбізден жасалатын салаттар мен тағамдар ....................15
2.7 Сәбіз туралы ауыз әдебиетінде ..........................................21
2. 8 Оқушының күнделік дәптерінен .......................................21
ІІІ Қорытынды ...................................................................................23
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................24
І К І Р І С П Е

Күн сайын жылдың кез келген уақытында ағзамызға көкөністер қажет. Олар – денсаулық кепілі. Оларды дұрыс таңдау арқылы ағзамызды тек көмірсумен, маймен, дәрумендермен, минералды заттармен ғана емес, мұнымен қатар аминқышқылдарынан бөлініп шығатын ақуызбен қамтамасыз етеміз. Түрлі көкөніспен тамақтанатын адамдар мүлдем ауырмай, өмір жасы ұзақ болады.
Ересек адам күніне картопты қоспағанда одан бөлек 300-400 грамм көкөніс жеуі керек. Көктем мезгілінде ағзамызға көкөніс құрамындағы заттектер жетіспейтіндіктен, түрлі инфекциялық ауруға қарсы тұра алмаймыз.
Біз физиолог мамандардың кеңесін үнемі есте ұстағанымыз жөн: таңертеңгі, түскі және кешкі аста міндетті түрде көкөніс болуы тиіс.
Ет секілді пісірілген көкөністер де зиян. Алайда олардың құрамындағы заттектерді сақтап қалғыңыз келсе, аз мөлшердегі суда, қабығымен пісіріңіз. Осылайша құрамындағы дәрумендер мен тұздар сақталады.
Кез келген асқа көкөніс немесе олардың шырынын қосу арқылы ағзаға тигізер пайдасын арттырасыз. Көкөністер су мен тұз алмасуды реттеп, қатық, ірімшік, жұмыртқа, балық, ет, жаңғақ, жеміс-жидек сынды азық-түліктермен үйлеседі.
Көкөніс шырындарының орны ерекше. Олардың құрамындағы пайдалы заттар ағзаға небары 10-15 минуттың ішінде сіңеді. Оны күнделікті, бірақ 300 грамм ғана тұтынған жөн. Тамақтан 2-3 сағат бұрын ішіңіз. Оларға ешуақытта қант қоспаңыз.
Егер ішектеріңіздің қызметінің бұзылуына байланысты көкөністер жей алмайтын болсаңыз, оларды шырынымен алмастырыңыз. Алайда бір стақанда бес түрлі көкөністің шырыны болуы керектігін ұмытпаңыз.
Осындай адам ағзасына пайдасы зор көкөніс дақылдарының бірі – сәбіз.
Сәбіз – барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сорттары бар. Асханалық сорты онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ, қантты. Асханалық сорттарының ең таңдаулысы Нантская, Витаминная Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Сәбіз құрамында қант, белок, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар. Сәбіз – негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60 - қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл - сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген.
Мақсаты: Күнделікті тұрмыста жиі қолданып жүрген сәбіз дақылының сан қырлы сипатын ашып көрсете отырып, оның адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиеттерін айқындау.
Міндеттері:
- Сәбіздің пайда болу тарихынан деректер келтіру;
- Сәбіз дақылының жалпы сипаттамасын айқындау;
- Сәбіздің адам ағзасына пайдалы жақтарына талау жасау;
- Сәбізден жасалатын салаттар мен тағамдар
- Сәбіздің ауыз әдебиетінде кездесетін жанрларына тоқталу;
- Сәбізді өсіру туралы оқушы күнделігін жасау.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Сәбіздің пайда болу тарихы
Сәбіздің пайда болу тарихы өте қызық. Адамзат баласы бұл тамырлы көкөністі 4000 жыл бойы пайдаланып келеді. Адамдар сәбіздің дәмін алғаш аттардың жеуінен көрген екен. Жылқылардың бейтаныс күлгін түсті жемісті сүйсіне жегеніне қарап, ежелгі адамдардың да қызығушылығы оянса керек. Ал дәмін көргеннен кейін, жапырағына қарап, сол жемісті іздеп, оны қазып алып, отырғыза бастапты.
Кейінірек римдіктер мен гректер сәбізді көп пайдаланған екен. XVI ғасырда сәбіз деликатес болып саналған. Император Карл сәбізді жақсы көрген екен, оның сарайында сәбізден жасалған тағам құрметті тағамдардың бірі болыпты. XVII ғасырда еуропалықтардың бұл жеміске қызығушылығы оянып, оны мәдени жеміске айналдырып, көп өсіре бастаған. Сонда сәбіздің ең жақсы сұрыптарының бірі – каротель шыққан болатын. Осы кездерде немістер мен француздарда бүгінгі күнге дейін пайдаланылатын сәбіз соустары шықты. Ресейде де сәбіз мөлшері XVI ғасырда пайда болды. Оны алғаш орыс емшілері емдік қасиеті бар деп санап, ауруларға берген. Сәбізді балға салып сақтаған, сонда сәбіздің дәрумендері жақсы сақталатын болған. Атап айтқанда, сәбіз шырынын жүрек, бауыр, тыныс ауруларын емдеуде пайдаланған. Қазіргі француз және неміс шаруалырының мынадай дәртүрлері бар – Жаңа жыл кешінде әр отбасы мүшесіне десерт ретінде балға салынған сәбіз беріледі. Олардың сенімі бойынша, бұл адамға жыл бойына жақсы денсаулық сыйлайды. Бүгінде сәбіз өзінің құнды қасиеттерін еш жоғалтқан жоқ. Керісінше, тамақтану саласындағы ғалымдардың зерттеулерінің арқасында бұрынғыдан да пайдалырақ. Сәбіздің көптеген пайдалы құрамы туралы келісі тақырыптан біле аласыздар.   Күлгін көкөністер   Адамзат баласының жылқыдан көріп жеген сәбіздің түсі бүгінде біз пайдаланып жүрген сәбізден өзгеше болатын. Жабайы сәбіз күлгін түсті, ақ түсті еді. Сары сәбіз сирек кездесетін. Алғаш қызыл сары түсті сәбіз XVI ғасырда дат бағбандарының мәдени сұрыптарды шығару арқасында шыққан болатын. Сәбіздің қызыл сары сұрпының өнімі көп, басқа түрлерінен дәмдірек әрі әдемі болған соң, кеңінен тарады.

2. 2. Сәбіз дақылының жалпы сипаттамасы
Сәбіз барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ, қантты. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбізді ең дұрысы 0 градус С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады. Сәбіз шырынының езбесінің т. б. диеталық және емдік қасиеті бар. Кептірілген сәбізді сорпаға, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады (пайдаланар алдында 30 минуттей салқын суға салып жібітеді). Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамаққа қосады. Сәл қуырылған не қақталған (қабыршақтанғанша) сәбізді ыстық сорпаға қосса дәмі мен иісі жақсарады. Майға қуырылған сәбізді сорпаға не соусқа әзір болардан 15-20 минут бұрын салып дәмін кіргізеді, витаминдерін байытады. Дамудың алғашқы кезеңінде жарықты өте қажет етеді. Өз уақытында арамшөптерден отап, сиретпесе жақсы өнім бермейді. Басқа өсімдіктерге қарағанда құрғақшылаққа төзімді. Бірақ өз уақытында ылғалды беріп отырса, жақсы өнім береді. Егер ылғалда көп уақыт тұрса, өнімге зиянын тигізеді, ауруға шалдығады.
Сәбіз – сабағының бойы 1 метрге дейін жететін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан тамырынан бірнеше жапырақ шығады, ал екінші жылы сабағы өсіп шығып, гүлдеп, тұқым береді. Сәбіз Қазақстанның
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!