Ашы? саба?ты? та?ырыбы: §1. Х?ІІ-Х?ІІІ ?асырларда?ы Жо??ар шап?ыншылы?ына ?арсы азатты? к?ресі


11-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
Сабақтың мақсаты:
Жоңғар мемлекетінің құрылуынан бастап олардың жүргізген басқыншылық саясаты, қазақ жеріне басып кірудегі мақсаты, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», «Ақырақай шайқасының» тарихын толығымен баяндау.
Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.
Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.»
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Жоңғар», «Қалмақ» сөздері айтылғанда ойымызға не оралады?
Олар туралы не білеміз?
«Елім-ай» әнінің тарихын білеміз бе?
Жаңа сабақтың жоспары:
Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.
Қарақұмдағы құрылтай
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
Аңырақай шайқасы
Сабақты бекіту:
7-8 және 10 сыныптарда жоңғар шапқыншылығы туралы оқығандарыңды естеріңе түсіріңдер.
Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
Қарақұмда өткен құрылтайда қандай мәселе шешілді?
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?
Бағалау: Өзін-өзі
Үйге тапсырма: §1