Паскаль программалау тіліні? алфавиті ж?не синтаксисі


Сыныбы: 7
Күні: 10.11.2016
Сабақтыңтақырыбы: Паскаль программалау тілінің алфавиті және синтаксисі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі:Жекелей жұмыс, топтық жұмыс, «Даналық ағашы» әдісі.
Стратегиялар: «Рефлексия».
Сабақтың көрнекілігі: стикерлер, даналық ағашының суреті, кесте-6, таңбалардың жазылу кестесі, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
Сабақтың кезеңі Кезең мақсаты Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, түгендеп, өзімді таныстыру жәнеде оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару мақсатында жүргізіледі. 2 мин -Сәлеметсіздерме.
-Сыныпта кім кезекші?
-Кім жоқ.Отырыңыздар
-Мен Аяулым Мұратбекқызы бүгінгі информатика сабағын жүргіземін. Амандасады, кезекші сыныпты түгендейді. Сабаққа дайындалады.
Үй тапсырмасын тексеру Өткен тақырыптарды қаншалықты түсінгенін тексеру. 5 мин Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
Алгоритм дегеніміз не?
Программа дегеніміз не?
Программалау тілі дегеніміз не? Оқушылар сұраққа жауап береді.
2.Программа- компьютерге түсінікті тілде жазылған алгоритм.
3.Компьютерде өңделетін ақпаратты сипаттайтын және оларды түрлендіру алгоритмдерін жазуға арналған жасанды тіл.
Жаңа білімді меңгерту
Дәптермен жұмыс.
Тақтамен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа материалды оқушыларға түсіндіру.
Оқушылар даптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.
Ілінген кесте бойынша түсіндіріледі.
Оқушылар даптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады. 20 мин Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетінің профессоры Никлаус Вирт жасады. Программалау тілінің алфавиті, синтаксисі және тілдік құрылымдары бар.
Алфавит- программа элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынтығы.
Тілінің алфавитіне әріптер, цифрлар, арнайы белгілер (символдар) жатады.
Шартты түрде мынадай түрге бөлуге болады.
Атаулар (идентивикатор)
Цифрлар
Айыру белгілері
Арнайы символдар.
6- кестені оқулық бойынша түсіндіріп, қысқаша жазғызу.
Арифметикалық немесе логикаалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиындар, т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.
Программалау тілінде белгілі бір іс- әрекетті тізбектеп орындай алатын ең қарапайым сөйлем оператор деп аталады.
Тіл нысандарын, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұймдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны- программаның сипаттамасы болып табылады.
Идентификатор- міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау.
Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында сандық мәнді бірден берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде индентификатор түрінде белгілеп алып мәнін берсек те болады.
Программалау тілінің синтаксисі – алфавит символдарынан программаны дұрыс құру тәсілдерін анықтайтын ережелер жиыны. Жол- апострофтар арасында жазылған символдар тізбегі.
Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer , ал нақты сандар real деп жазылады.
Атау (идентификатор)- программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б белгілеп жазу үшін қажет.
Тұрақты немесе констант. Олар сандық, символдық, логикалық және жолдық (integer, real, Boolean, cha, string) мәндерді қабылдайды. Логикалық түрдегі тұрақтылар-true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие болады. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша жазып алады.
Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетінің профессоры Никлаус Вирт жасады.
Алфавит- программа элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынтығы.
Шартты түрде мынадай түрге бөлуге болады.
Атаулар (идентивикатор)
Цифрлар
Айыру белгілері
Арнайы символдар.
6- кестені дәптерлеріне сызып алады.
Арифметикалық немесе логикаалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиындар, т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.
Программалау тілінде белгілі бір іс- әрекетті тізбектеп орындай алатын ең қарапайым сөйлем оператор деп аталады.
Тіл нысандарын, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұймдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны- программаның сипаттамасы болып табылады.
Идентификатор- міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау.
Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында сандық мәнді бірден берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде индентификатор түрінде белгілеп алып мәнін берсек те болады.
Программалау тілінің синтаксисі – алфавит символдарынан программаны дұрыс құру тәсілдерін анықтайтын ережелер жиыны. Жол- апострофтар арасында жазылған символдар тізбегі.
Жаңа білімді бекіту Жаңа материалды қаншалықты түсінгендерін тексеру. 1 мин 10 div 3
15 div 2
21 mod 4
18 mod 5
5 mod 2 5 div 2
11 div 5  10 div 3 2 div 3 123 div 4  17 div -5 -17 div 5  -17 div -5
10 mod 5 11 mod 5  10 mod 3 14 mod 5 17 mod - 5  -17 mod 5  -17 mod -5
y=1+x+7x2+4x10 div 3= 3
15 div 2 = 7
21 mod 4= 1
18 mod 5 = 3
5 mod 2 = 1 5 div 2 = 2
11 div 5 = 2 10 div 3 = 3  2 div 3 = 0 123 div 4 = 30 17 div -5 = -3 -17 div 5 = -3 -17 div -5 = 3 
10 mod 5 = 0 11 mod 5 = 1 10 mod 3 = 1 14 mod 5 = 4 17 mod - 5 = 2 -17 mod 5 = -2 -17 mod -5 = -2
Sqrt (x+7)/ sqr (x)+4*x
Қорытынды. «Рефлексия» 6 мин «Даналық ағашы» әдісін қолдану.
Оқушыларға стикер таратып беру. Өз сұрақтарын жазып шығуын сұрау. Оқушылар орындарынан тұрып сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма беру. Өз бетімен материалды бекіту. 1 мин Күнделіктеріңді ашып, үйге берілген тапсырманы жазып аламыз.
«Программа» сөзі шығатындай сөзтізбек құрастырып келу. Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Бағалау Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау. 1 мин Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңа рахмет. Оқушыларды бағалау.
Сау болыңыздар. Оқушылар күнделіктеріне бағаларын қойғызады.