Программалау тілдері. Ба?ылау ж?мысы №3


Класс: 7а,ә,б,вКүні Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері.
Бақылау жұмысы №3
Мақсаттары: Оқушыларға программалау тілі туралы білім қалыптастыру, өз ойын ашық айтуға үйрету, өз-өзін бағалауды дағдыландыру, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.Программалуа тілі туралы білді.Өзін – өзі бағалай алады.
Ұйымдастыру бөлімі Класты түгендеп, жағымды қарым-қатынас орнатуОқушылар операциялық жүйелердің жіктелуі арқылы топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау
«Жол тәртібін білейік» Оқушылар осы бөлінген топтары бойынша өткен тақырыпты сары, қызыл, жасыл түстерге бөлу арқылы түсіндіріп шығады. Негізгі бөлім
ДЖИГСО – 1 әдісі Алдымен өзім жалпылама Турбо Паскаль жайлы түсінік беремін.Жаңа сабақ өтуде ДЖИГСО - 1 әдісін пайдаланамын. Жаңа сабақты өту барысында орындалатын іс - әрекеттер:1. Оқушылар топқа бөлінеді. 3 топ (Ойшылдар, Тапқырлар, Зеректер) және 1 эксперт тобы.2. Жоспардағы 3 сұрақты 4 топқа беремін.3. Әр топ өздеріне берілген мәтінді оқып, аудиторияға топ лидері түсіндіреді. (Топтарға сұрақтарға дайындалу үшін уақыт беріледі )4. Лидердің сөзін өз тобы немесе эксперт тобы толықтырады.5. Эксперт тобы мәтінде жоқ қосымша ақпараттардың деректерін қосуға болады. Деректі алған әдебиеттерін, газет - журналдарын атау міндетті.6. Эксперт тобы қосымша сұрақтар қояды. (Пысықтап, бекіту мақсатында)1. Программалау тілдерінің түрлері2. Программалау тілдерінің қандай түрлері бар?3. Алғаш пайда болған тіл?4. Паскаль тілін шығарған кім?5. Паскаль тіліндегі программа құрылымы.7. Эксперт тобының қызметі:А) Мәтінді толықтыруБ) Қосымша деректер қосу.В) Сұрақтар қою.Г) Талдау жасап, бағалайды1. Топ Ойшылда: Программалау тілдері2. Топ Тапқырлар: Паскаль тілінің шығу тарихы3. Топ Зеректер: Паскаль тіліндегі программа құрылымы Компьютермен жұмыс. Компьютерде Паскаль программалау тілінің терезесімен танысып, керекті мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.
Бақылау жұмысы:
Компьютерден электронды оқулық арқылы тест орындайды

Қорытындылау:
"Ойлан, тап" Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым....... қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады:...........,......,......Кез келген программаның алғашқы жолы............ сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің........... жазылады.
Бағалау Эксперт тобының ұсынысымен оқушылар бағаланады.Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып, сабақты қорытындылауы.
Үй тапсырмасы:  Паскаль - программалау тілі. Паскаль тіліндегі программа құрылымын жазып келу.