К?сіптік ба?дар та?дау бойынша психологиялы? ?олдау к?рсету


Ишанова Алмагуль Амангелдиевна №2 «Айгөлек» бөбек бақшасының педагог – психологі
Психологиялық тренинг
Тақырыбы : Мен таңдаған жолМақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету
Қатысушылыр: ата-аналарҚұрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлерТренинг барысы1 Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана
болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»
Жоспар:
Есімдер аллитерациясыМамандық таңдауда ұстанатын ережелерЕң-ең... (ойын)
«Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыруМамандықты тап (ойын)
Мейірімділік алаңы (жаттығу)
Бос микрофон
2 «Есімдер аллитерациясы» ата-ана баласының, бала ата-анасының есімін және де біржағымды қасиетін айтып шығады
3 «Ең-ең...» (ойын)
Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа
парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :ең жасыл мамандықтар
ең ақшалы мамандықтар
ең таза мамандықтар
ең көңілді мамандықтар
ең тәтті мамандықтар
2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керекжәне де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.
7 «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)
Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасылшөптер таратылады. Гүлдерге – оқушыларға, жасыл шөптерге – ата-аналарға, күннің
шауқтарына - ұстездерға арналған кәсіби бағлар таңдауда ұсыныстар жазылады және
де ақ ватманға бекітіледі.
8 «Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікірбөліседі.