К?сіптік ба?дар та?дау бойынша психологиялы? ?олдау к?рсету


Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету
Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету
Қатысушылар: 11 сынып оқушылары,ата-аналары
Тренинг барысы
Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын,мақсатын,жоспарын,эфиграфын айтып кету). Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эфиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес,ол өзіңнің ішкі жан дүниеңе үңілу...»
Жоспар:
Есімдер аллитерациясы
Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер
Ең-ең... (ойын)
«Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру
Мамандықты тап (ойын)
Мейірімділік алаңы (жаттығу)
Бос микрофон
«Есімдер аллитерациясы». Ата-ана баласының,бала ата-анасының есімін және де бір жағымды қасиетін айтып шығады.
«Мамандық таңдауда ұсынатын ережелер»
Мектептегі оқу пәндері-нақты мамандық емес. Пәнге қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.
Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару
Егер мамандық сенің досыңа ұнаса,саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды
Мамандықтың мазмұны,қызықты қырлары,жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдауыңдағы ой-ниетің салмақтана түспек
Сән қуып,мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмәмдап,жұмыс істегенше,ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін
Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын,шетел тілін үйреніп,компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы
Заманның ағымына қарай мамандықтар тез ескіріп,оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек
Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн
(оқушылар мен ата-аналар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)
«Ең-ең ...» (ойын)
Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:
-ең жасыл мамандықтар
-ең ақшалы мамандықтар
-ең таза мамандықтар
-ең көңілді мамандықтар
-ең тәтті мамандықтар
2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдермен таныстырып шығады.
«Мен қаладым» сұрақнамасының қорытындысы
Алдын-ала жүргізілген « Мен қаладым» атты сұрақнамасының қорытындысы интербелсенді тақтада көресетіледі. Мақсаты-оқушының бейімділігін және кәсіби қызығушылығын анықтау. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екеніндігі анықталады.(Салалар:табиғат,техника,басқа адамдар,белгі жүйесі,көркем бейнелер,адамның өзі).
«Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға үлестүрмелерге жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек.
Хирург
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Ұста
«Мейірімділік алаңы» (жаттығу)
Қатысушылырға түрлі – түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл шөптер таратылады. Гүлдерге – оқушыларға, жасыл шөптерге – ата – аналарға, күннің шуақтарына – ұстаздарға арналған кәсіби бағдарлар таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманга бекітіледі.
«Бос микрафон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылыр психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.