Сынып жетекшілерге арнал?ан т?рбие са?аты


«Темекі мен арақтан, аман болшы, балапан»
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер.
! Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады. Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздермен, бүгінгі «Темекі мен арақтан аман болшы, балапан» атты акциямызды бастауға рұқсат етіңіздер
Акциямызды бастамас бұрын мектебіміздің директоры С.А.Бутабаевқа сөз береміз.
Әдеби монтаж 1-4 сыныптар арасында.
Мектеп психологы А.Б.Нуракова өзінің слайд көрсетеді.
6. Мақал – мәтелдердің жалғасын табайық:1. Денсаулық -(зор байлық)2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)3. Жан ауырса тән азады,(Қайғы басса - жан азады.)4. Дені саудың (жаны сау.)5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)6. Ауруын жасырған (өледі.)7. Шынықсаң (шымыр боларсың)8. Дені сау адам -(дәулетті адам)9. Ішің ауырса, аузыңды тый,(Көзің ауырса, қолыңды тый.)10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)11. Азған денеге (ауру үйір)
1.15. Сахналау. 11 сынып оқушылары Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым. (Жергілікті ақын, дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)Бала:/ «арақтың» жанына келіп/-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?«Арақ»:-Мен арақпын, арақпын,Жер жүзіне тараппын.Жұрттың құмар асы боп,Керегіне жараппын.Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?«Темекі»:-Мен темекі шылыммын,Аузына елдің іліндім.Қанша мені тартса да,Демеді ешкім бүліндім.Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?«Есірткі»: -Мен есірткі нашамын,Уытымды шашамын.Атым шулап турғанда,Алшаңдап аяқ басамын./Сахнаға ересек бала шығады/Ересек бала:-О, жаратқан, жаратқан,Жұрттың аузын қаратқан.Ағайынды үшеуін,Қандай пәле таратқан.-О, адамдар, санаң бар,Үш пәлеге қараңдар.Үшеуі де үлкен жау,Бүкіл әлем алаңдар!/Екі бала бірігіп/:«Арақ», «Темекі», «Есірткі»Үшеуі де ауыр дерт.Бүкіл елді бүлдірмей,Арамыздан аулақ кет!/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/1.16. Әдеби-монтажУа халқым, назар аудар денсаулыққаӨмірде бақыттысың денің сауда.“Денсаулық – терең бақыт” деген сөздіҚұр айтпаған ұлы Абай данамыз да.Денің сауда күштісің бұл әлемдеДенің сауда сұлусың жер бетінде. Сол мықты денсаулықтың арқасындаЖеңерсің ауыр заман тәлкегін де.Денің сауда жетерсің арманыңаЖоспарлап алға қойған мақсатыңаДенің сауда көрерсің бұл дүниенің Бар қызық, рахатын, жарығын да.Денсаулық – шексіз бақыт халқым меніңСондықтан көңіл аудар денсаулыққа.Қолда барда біл оның қасиетінКүтіп, баптап аяла әр уақытта.
9 сынып оқушылары сахналық қойылым
( Сахнаға  ақ  сақалды  дана  қарт  пен  жас  бала  шығады )
Ата , мен шылым  шегуді  үйреніп  жүрмін. Қалай  ойлайсыз , бұл  денсау-лыққа  пайдалы  ма ?
Шылым шегудің  үш  түрлі  «пайдасы»  бар , балам. Біріншіден , шылым  шеккен  адам  ешқашан  да  қартаймайды.
Қалайша ?Себебі , олар қартайып  үлгермейді. Шылым  шегетіндердің  өмірі  қысқа  болады , олар  жастай  өліп  кетеді , балам. Екіншіден , олардың  үйін  ешқашан  ұры  тонамайды.
Қалайша ?Себебі , шылым шегетін  адамның  өкпесі  таза  болмайды  да  күндіз-түні  күркілдеп  жөтелумен  болады. Ұрылар  үй  иесінің  көкжөтелін  естіп , үйге  жақындай  да  алмайды. Үшіншіден , шылым  шегетін  адамды  ешқашанда  ит  қаппайды.
Қалайша ?Себебі , олар өте  ерте  мүгедек  болып  қалады  да , таяққа  сүйеніп  жүреді. Ал  қолында  таяғы  бар  адамға  ит  жақындай  ма ,айналайын?
( Ақсақал  қулана  жымияды. Ал  бала  ойланып  қалады )Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақөміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақөмірімізге неге балта шабамыз?Хормен:Өз өміріміз үшін күресе білейік!Біз нашақорлыққа қарсымыз!Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Темекі - денсаулықтың дұшпаны» атты бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!Қадірлі ұстаздар мен оқушылар осымен бүгінгі «Темекі мен арақтан , аман болшы, балапан» атты акциямыз аяқталды.