?лтты? біры??ай тестілеуге психологиялы? т?р?ыда о?ушыларды дайындауда?ы мектеп психологыны? р?лі


Оқушыларды Ұлттық біріңғай тестілеуге психологиялық тұрғыда дайындаудың жолдары
Оқушыларды ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ психологиялық тұрғыда дайындауда мектеп психологының ролі
Мамандықтың маңызы мен түрлері және оқушыларға бағыт – бағдар беру тәсілдері.
11-сынып оқушыларын ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ дайындаудың тиімді жолдары және психологиялық көмектер ұйымдастыру.
Жалпы ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не?
Ұлттық бірыңғай тестілеу – білім ұйымдарынан тәуелсіз, мектеп бітірушілерді мемлекеттік аттестаттау және жоғарғы оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіретін,
жаңа технологияларға негізделген, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
Мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
Міндеттері:
1.Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасы мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Қазіргі таңда біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның көмегі керек.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық
білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай
ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды
кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
464058093345Нақты тесті кезіндегі
мінез-құлқы;
00Нақты тесті кезіндегі
мінез-құлқы;
287655150495Тестіге дайындық,
тесті алдында оқу
материалын зерделеу;
00Тестіге дайындық,
тесті алдында оқу
материалын зерделеу;
2487930150495 Тестілеу алдындағы
мінез-құлқы;
00 Тестілеу алдындағы
мінез-құлқы;



Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыру кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін-өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі.
Оқушы бойында: үрей, сенімсіздік, уайым, мазасыздану, стресс, қорқыныш, қобалжу пайда болады. Алдын –алу мақсатында түрлі іс-шаралар, психологиялық тренингтер, бой сергіту жаттығулар, ойындар ұйымдастырылып келеді.
Нәтижесінде:
* Ұлттық біріңғай тестілеуге деген оқушылардың бойында сенімділік қалыптасады;
* Ұлттық біріңғай тестілеуге тиімді дайындалу жолдарын ұғынады;
* Тренинг барысында ұлттық біріңғай тестілеуге деген қорқыныш пен іштей қобалжудан арылуға мүмкіндік береді;.
* Сабақ барысында ойларын ашық айтып,өздерін еркін ұстауға үйренді
* Мамандыққа деген қызығушылығы артты;
* Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалудың тиімді жолдарын меңгерді;
Оқушыны психологиялық жағынан ұлттық біріңғай тестілеуге дайындауға ата - аналарға кеңес.1. Балаңыздың Ұлттық біріңғай тестілеуге барар алдындағы алдын - ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл - кеңес беруге тырысыңыз.2. Балаңыздың күнделікті Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдайжасаңыз3. Балаңыздың көңіл - күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс - жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз.7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.
Қорыта келе,
Әрбір психолог өз оқушысын аталған топқа бөле отырып, жеке жұмыстар істеуіне оңтайлы екендігін бүгінде тәжірибеде көрсетуде. Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған әсерлерін байқап пікірлесеміз. Ең бірінші оқушыда өзіне деген сенім пайда болады және өзін – өзі құрметтей біледі. Кездескен тосын сұрақтарға қобалжымай, байсалды жауап беретіндігіне өз тәжірибемде көз жеткіздім. Мектепте психолог мамандар оқушылармен Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын орта буыннан бастап жүргізсе оң нәтиже беретіндігіне сенемін.
Әл –Фараби бабамыздың: «Адамға бірінші тәрбие беруіміз керек. Тәрбиесіз берілетін білім, адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі», деген терең мағыналы сөзі, біздің заман үшін айтылғандай. Сөйтіп заман талабына сай білімді, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға түрлі жолдар ашуымыз керек.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!