Психологиялы? тренинг К??іл к?й кімге ж?не неге байланысты пед ?жыммен


Тақырыбы: Көңіл күй кімге және неге байланысты?!
Мақсаты: Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.
Тренинг ережесі:
Белсенділікті арттыру
Бірігіп жұмыс істеу
Бір-біріне кедергі келтірмеу
Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
Өзіме пайдалы нәрсені алу
Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.
Өзімді еркін ұстауға үйрену
Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Көңіл күй кімге және неге байланысты?!» тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу «Шаттық шеңбер»
Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)
2. «Акула -күш беруші »жаттығуы
Еденге бірнеше «аралдар» сызылады. Басқарушы барлық қатысушыларға нұсқау береді. Сендер қазір барлықтарың балықтар боласыңдар. Сендер бөлмеде яғни, өзенде жүзесіңдер, ойнайсыңдар, көңілденесіңдер. Ал, мен «Акула!»-деп айғайлағанда, аман қалу үшін аралға секіріп шығасыңдар. Ал мен «акула кетті!» дегенде көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыңдар. Акула әрбір келіп-кеткен сайын бір аралды алып тастау қажет. Ойынның соңында тек қана бір арал қалады , бірақ қатысушы балықтар неғұрлым көп сақталып қалуы тиіс.
3. «Мен жұмыста кезде...»жаттығу
Ортаға үш мұғалім шығады. Мұғалімдерге жұмыс барысында кездесетін сәттер беріледі. Сол сәттегі мұғалімдер өз – өзін қалай ұстайды, қалай сезінеді соны, мимика және пантомимамен көрсету ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі.
Сізге ұрысып жатыр себебі сіз жоспарды дайындамағансыз
Сізгі мақтап жатыр себебі сіз «Ұлағатты ұстаз атандыңыз»
Сізге қорқынышты, себебі сіз сабаққа дайын емессіз
Сізге көңілді, себебі сіздің бар жұмысыңыз ойдағыдай
Жиналыста жауап беріп тұрсыз, себебі сіздің жұмысыңызда кемшілік
4. «Моншақ»жаттығуы: ( 3 топқа да, алдын ала стол үстіне 3 ине мен жіп беріледі)
Тренер сөзі: Нұсқау: менің қолымдағы моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша алыңыздар.
Енді алған моншақты өз есіміңізді атай отырып,жақсы қасиеттеріңізді атаңыз. Әр жақсы қасиетіңізге бір моншақтан мына ине жіпке тізіп көрейік. Әр мұғалім өздеріне моншақ жасап алады.
Тренер талдау: Көрдіңіздерме Әр біріңіздің өзіндік қасиеттеріңізге ие бола отырып, әр қайыссыңыздың өзіндік орындарыңыз бар. Осы жақсы қасиеттеріңіздің арқасында сіздер осы мектебімізге үлгі бола алатын Ұлағатты Ұстаз болуға, мектебіміздің көзмоншағы болуға әбден лайықсыздар. Сол үшінде мұғалімдер жақсы қасиеттерді бірктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер. Бір- бірімізге қол соғып қоямыз.
«Суреттегі ой» жаттығуы: экраннан 3 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі.
Тренер сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын ,түсінгендерін айтып ой бөліседі.
1тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады.
2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік . сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау керек.
4-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғлім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар!

Рефлексия: « Ашығын айтсам»
Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?
тренингтен қандай әсер алдыңыз?
тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай?
Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Әр бір істеген жақсылығымыздан алар әсеріміз көңіл күйімізді көтерері анық.