О?ушыларды ?БТ тапсыру?а психологиялы? т?р?ыдан дайындау ?ажет.


Балаларды ҰБТ-ға дайындайтын   мұғалімдерге психологиялық ұсыныстар
         Емтихан – оқушылар үшін күйзеліс жағдайы. Мектеп бітіруші түлектердің қорытынды аттестатталуын өткізу түріндегі ҰБТ үйрейленудің қосымша көзі болып табылады.Сондықтан ҰБТ түлектер үшін айтарлықтай күйзеліс туғызатын жайт.Мұндай жағдайда оқушының психологиялық көмек пен ата-ана, педагогтар мен психологтар қолдауын қажет ететіні сөзсіз.Келесі ұсыныстар педагогтарға түлектерді сауатты және тиімді қолдауға көмектеседі:
·  өзін-өзі бағалауды бекіту мақсатында оқушының жағымды жақтарына, ерекшеліктеріне назар аударыңыз;
·  оқушының өз-өзіне деген сенімін бекіте біліңіз;
·  қателеспеуге көмектесіңіз;
·  әрдайым қолдау көрсетіңіз;
·  ҰБТ қалай өтетіні туралы егжей-тегжейлі айтып беріңіз;
· ата-аналар түлектер үшін ережелермен танысып қана қоймай, балаларға толықтай көмек, қолдау көрсету қажет;
· емтиханға дайындық және емтиханды өткізу кезінде оқушылардың
жеке психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ұмытпаңыз.
Психофизиологиялық ерекшеліктер - ойлау әрекетінің нәтижелігінде, ойлау-сөйлеу үрдістерінің өту жылдамдығында көрініс табатын, жас ерекшелігіне байланысты өзгермейтін тұрақты табиғи қасиеттер.  
ҰБТ-ға оқушыларды дайындаушы  сынып жетекшісіне арналған кеңестер
         Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
Мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру. Мұндай тестілеу түріндегі емтиханға оқушылар дайындалу қажет. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға психологиялық, педагогикалық және ақпараттық қолдау көрсету маңызды. 
Қазір,ҰБТ ұйымдастырушылық-технологиялық дайындық кезінде, тестілеу алдында жалпы қобалжу үдей түседі.Сондықтан бұл дайындық жұмысының мақсаты – тестілеу алдындағы қобалжу мен үрейленудің деңгейін төмендету бойынша оқушылармен психологиялық жұмыс жүргізудің мүмкін бағыттарын белгілеу, өзін-өзі ұйымдастыру, жинақталу әдіс-тәсілдері туралы айту.