Химия ж?не косметика


Химия және косметика
Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
Қызылорда обл.
Сырдария ауданы
№130 Абай атындағы орта мектебі
Жұмыстың мақсаты: косметикалық заттардың химиялық құрамын,әсерін,оларды қолдану туралы практикалық кеңестерді үйрену.
Гигиена сөзі грек тілінен аударғанда емдік шипалы ал косметика сөзі сәндік өнері дегенді білдіреді.Косметика сөзімен парфмерия сөзі байланысты.
Косметика өнері өте ертеден басталған.Египеттік мумияларды ашқанда,олардың тырнақтары боялған.Египет пирамидаларынан табиғи бояу лар мен косметикалық құралдар,сақтауға арналған мазьдар мен майлар табылған.Папирус Эберстің жазбаша документтерінен косметикалық ережелер мен рецептер табылған. Ескі қолжазбаларда шығыс әйелдері мыңдаған жыл бұрын қабақтарын табиғи материал-сүрмемен бояғандығы жазылған.

Косметикалық коллекцияларды демонстрациялау:
1.Косметикалық декоративті пудралар. Химиктердің көзқарасы бойынша жаздың ыстық күндері жағылған пудра зиянды,ол беттің барлық тесіктерін жауып тастайды.
Пудраның екінші функциясы-қорғаныштық. Бет терісі мен мойынды атмосферадағы қышқылдық оксидтерден қорғайды.
Пудраның құрамында тальк,каолин,мырыш пен титанның оксидтері,крахмал,
стеарин қышқылының мырыш және магний тұздары,органикалық және бейорганикалық пигменттер,темір(III) оксидінің бөлшекткрібар.
Тальк құрғатады.Ол жетіспесе тері майлы жылтыр болады.Тальк пудраның құрамында 50-60% болу керек.
Каолин теріден артық май бөлінуін тежейді. Мырыш оксидінің антисептикалық қасиеті бар және дезенфикциялаушы роль атқарады.Крахмал теріге әдемілік береді,ал мырыш пен магний стеараттары пудраны теріде жақсы ұстайды.
2.Тырнаққа арналған лак. Лак құрамында органикалық еріткіштерде ерітілген нитроцеллюлозаның ерітіндісі бар. Еріткіш ретінде сірке қышқылының амил эфирі,ацетон,әр түрлі спирттер қолданылады.Лакқа пластификаторлар-кастор майы қосылады.
3.Иістендіргіштер. Мамандар әтірлердің иісін үш стадияға бөледі. Бастапқы иіс қақпағын ашқанда сезілетін иіс.Ол иіс 3-5 минут сақталады.
Негізгі хош иіс 20-25 сағат сақталады. Әтірдің басым бөлігінде болады. Қалдық хош иістің сақталу ұзақтығы 10-15сағат.Бұл уақытта әтірдің қалған бөлігі тотығады.
4.Шаш бояулары.5 топқа бөлінеді.
-ағартатын бояғыштар.
-химиялық бояғыштар,шаштың кератинімен реакцияға түседі.Оларды тотықтырғыштар дейді,олар шашты сутек пероксидімен тотықтырғаннан кейін бояйды.
-физикалық бояғыштар,кератинмен химиялық реакцияға түспейақ шашқа әсер етеді.
-табиғи бояғыштар-хна,басма.
-металы бар бояғыштар (қолданылмайды).
5.Дезодоранттар.
Олардың құрамында бактериялардың бөлінуін тежейтін және микроорганизмдерді жоятын бактерицидті заттар болады.Препарат құрамындағы заттар тер компоненттерімен әректтесіп,ерімейтін қосылыстар түзеді,тер бездерінің түтікшелерін жауып,тер бөлінуді азайтады.
Видеосюжеттер демонстрацияланады.Аэрозольдардың құрамында жанғыш газдар бояғандықтан,қолдану кезінде өте сақ болу керек:
-жанып тұрған отқа жақындатпау.
-балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау.
Басты назарды "Химия біздің шаш сәнімізде"тақырыбына аудару қажет
1.Шаш жуу ерекше назар аударуды қажет етеді.Кір сабынмен шаш жууға болмайды,шаш құрылысына әсер етеді.Егер су сабын жоқ болса,балалар сабынын пайдалану қажет!
2.Судың әсерінен кератин молекулаларында сутектік және иондық байланыстардың бұзылуы болады.Сондықтан ылғал шашты тарау зиянды.
3.Шашты химиялық бояғыштармен бояғанда тотығу процесінің маңызы зор. Сондықтан бояу кезінде шашқа ауаның жақсы келіп тұруы үшін үнемі тарау керек.