Презентация по географии на тему Солт?стік Америка материгін ?орытындылау. (7 класс)


Сыныбы: 7 «А»
Күні: 17.03.2015
Тақырыбы: Солтүстік Америка материгін қорытындылау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Солтүстік Америка материгінің негізгі ерекшеліктерін жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары,табиғат зоналары, халқы және елдері, негізгі ірі мемлекеттері жөнінде алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.
Дамытушылық: Солтүстік Америка материгі бойынша білімдерін пысықтау және тереңдету, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, өздік және шығармашылықпен орындауға қызығушылықтарын арттыру, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. 
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, топтық жұмыс, картамен жұмыс, сызба-нұсқалар.
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы, кескін карта, оқулық, қосымша оқулық, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Қызығушылықты ояту (топқа бөлу).
II. Оқушыларға сұрақ. Солтүстік Америка материгі қай жарты шарда орналасқан? (солтүстік)
Бүгінгі сабақ тақырыбы – Солтүстік Америка материгін бекіту.
Бұл яғни, Солтүстік Америка материгі тарауы бойынша нені білдік?
Оқушылар: материктің географиялық орнын, зерттелу тарихын, жер бедері мен пайдалы қазбаларын, климатын, ішкі суларын, табиғат зоналарын, халқы мен елдерін оқып білдік.
III. Физикалық картамен жұмыс. Солтүстік Америка материгінің шеткі нүктелерін және жағалауындағы мұхиттар, теңіздер мен аралдарды табу.
IV. Мағынаны ажырату.
Тапсырма.
1-топ. Зерттелу тарихы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.
2-топ. Климаты. Ішкі сулары.
3-топ. Табиғат зоналары.
4-топ. Халқы мен елдері.
Зерттелу тарихы.
р/с Жыл Зерттеді Жаңалығы
1 1492 ж
Х. Колумб Материктің оңтүстік жағалауы
2 X ғасырдың аяғы
Нормандар Гренландия аралының оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалауы. Лабрадор түбегінің солтүстік-шығыс жағалауы
3 XV ғасырдың аяғы Джон Кабот Ньюфауленд аралы, Лабрадор түбегі
4 1519 ж Эрнан Картес Мексика жері
5 XVII ғасыр
Генри Гудзон
Александер Макензи Материктің солтүстік және шығыс жағалауларының көптеген жерлерін ашты
6 1741 ж
Витус Беринг
Алексей Чириков Алеут аралын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді
7 1778 ж
Джеймс Кук Материктің батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Нортон шығанағын зерттеді
8 XX ғасырдың басы
Руаль Амундсен Материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюсінің орнын анықтады
Жер бедері.
Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: батысын HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%B5%D1%80%D0%B0" \o "Кордильера"Кордильера тау жүйесі, шығысын кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биіктігі 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. Солтүстік Американың ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солтүстік және солтүстік-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңтүстікке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Батысындағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солтүстігіндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орталық жазық шығысында Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңтүстігіндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген.
Климаттық белдеулер.
Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)
Неше кламматтық белдрек кесіп өтеді? (6 белдеу)
Климаттық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)
Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)
Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)
Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)
Ішкі сулары.
р/с Алабы Қоректенуі Ерекшеліктері
1 мұхиты
алабы Жаңбыр, қар суымен Басты өзен – Миссисипи, ең суы мол өзен, ұзындығы 6420 км. «Су атасы» дегенді білдіреді. Ол Мексика шығанағына құяды.
2 Солтүстік Мұзды мұхит Қар суымен Макензи «Үлкен өзен» деп аталады. Ұзындығы 4250 км. Жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады.
3 Тынық мұхиты алабы Жаңбыр суымен Алаптың ең ірі өзендері – Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді.
Ірі көлдері.
Атауы Ауданы, мың шқ² Ең терең жері,м
Жоғарғы көл 82,4 393
Гурон 59,6 228
Мичиган 58,1 281
Үлкен Аюлы көл 30 137
Үлкен Еріксіздер көлі 28,6 156
Эри 25,7 64
Виннипег 24,3 28
Табиғат зоналары.
Табиғат зоналары Өсімдіктері Жануарлары
Арктикалық шөл зонасы Тундра зонасы Тайга зонасы Аралас және жалпақ жапырақты ауыспалы ылғалды ормандар Орманды дала, дала зонасы Шөлейттер Ылғалды мәңгі жасыл ормандар Халқы мен елдері.Халықтары


Жаңа халқы: мулаттар, самбо, метистер
Байырғы: үндістер мен эскимостар

Картамен жұмыс. Астаналарды табу.
Америка Құрама Штаттары – Вашингтон
Канада – Оттава
Мексика – Мехико
Коста-Рика – Сан-Хосе
Панама – Панама
Сальвадор – Сан-Сальвадор
Гондурас – Тегусигальпа
Белиз – Бельмопан
Никарагуа – Манагуа
Куба – Гавана
Гаити – Порт-О-Пренс
Доминика – Санта-Доминго
Ямайка – Кингстон
V. «Кім тапқыр?» ойыны
1-топ
Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел? (Америка Құрама Штаттары)
Орталық Америка елдеріне қай мемлекеттер жатады?(Мексика, Коста-Рика, Панама, Никарагуа, Сальвадор Гватемала)
Канада да қандай зауыттар, өнеркәсіптер жақсы дамыған? (ірі мұхит кемелері, жеңіл машиналар, ауыл шаруашылық машиналары жасалынады. Ағаш өңдеу, қағаз жасау өнеркәсіптері жақсы дамыған)
АҚШ-тың астанасы қалай аталады? (Вашингтон)
АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ағып өтетін ең ірі өзен? (Миссисипи)
2-топ
АҚШ-тың ең ірі қаласы? (Нью-Йорк)
Канада атауы қай тілден аударғанда қандай мағына береді? (Елдің аты үндістер тілінде «қоныс» «қауымдастық» дегенді білдіреді)
АҚШ-тың әкімшілік құрылымы? (50 штат, Вашингтон қаласы, Колумбия округі)
Канаданың туында қандай өсімдік бейнеленген? (үйеңкі)
Канада дүние жүзінде ауданы жөнінен нешінші орын алады? (Ресейден кейін 2-ші орын).
3-топ
АҚШ-тың «автомобильдер астанасы»? (Детройт)
Канада жерінің ауданы (9 млн 970 мың км)
Канадада табиғатты қорғауға алынған ең ірі парктерді атаңдар? (Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди)
Канада ормандарында терісі бағалы тіршілік ететін аңдар? ( бұлғын, күзен, ақкіс, қара аю, барибал, сілеусін, кайот)
Канада елінде неше ұлттық парк бар? (31)
4-топ
Канаданың байырғы халықтары? (эскимостар)
АҚШ дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында? (4-ші орын)
Канада жылына қанша бидай өнімін жинақтап, басқа елдерге сатады? (40 млн тонна)
Канаданың пайдалы қазбаларын атаңдар? ( уран, никель, алтын, мыс, темір, мұнай мен газ)
АҚШ-тың қанша қаласында автомобиль шығарылады? (125 қала)
Солтүстік Америка материгін пысықтау және бекіту мақсатында 4 топқа 4 түрлі тапсырма беріледі.
VI. Сәйкестігін табу. 
1. Йеллоустоун              тау
2. Кордильера               парк
3. Мак-Кинли                өзен
4. Миссисипи                 тау шыңы
5. Канада                       ағаш 
6. Өлім аңғары              астана7. Секвоя                       мемлекет8. Оттава                       ең төмен нүкте
9. Тундра                      шалғын шөп10. Прерий                      зона
11. Сахара                      мемлекет12. АҚШ                         шөл
13. Аппалач                    ұшақ
14. Каньон                      қала15. Чикаго                      тау16. Боинг                        каньон
17. Тас көмір                  аң
18. Барибал                    пайдалы қазба
19. Джаспер                    аң
20. Қойөгіз                     қорық
VII. «Ең...ең...ең...» (Географиялық сергіту)
1. Ең үлкен арал ............................... Гренландия
2. Ең биік сарқырама ....................... Анхель
3. Ең ұзын тау .................................. Кордильера
4. Ең үлкен материк.......................... Еуразия
5. Ең үлкен мұхит ............................. Тынық
6. Ең кіші мұхит ................................ Солтүстік Мұзды мұхит
7. Ең биік нүкте ................................. Мак-Кинли
8. Ең дамыған мемлекет .................... АҚШ
9. Ең биік ағаш .................................. секвоя
10. Ең ыстық жер ................................. Өлім аңғары (+570)
11. Ең үлкен тау мұздығы.................... Хабборт мұздығы
12. Ең ұзын жер асты үңгірі ................ Флинт-Мамонт
13. Ең үлкен, әрі терең каньон ............. Колорадо
14. Ең күшті жел ................................... Ураган
15. Ең суы мол өзен .............................. Миссисипи
VIII. Миға шабуыл. (Тест сұрақтары)
1. Солтүстік Америка материгінің  экваторға қатысты орны.
а) тек оңтүстік жарты шарда жатырә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шардаб) экватор материктің ортасын кесіп өтеді
в) тек солтүстік жарты шарда жатыр2. Солтүстік Америка материгінің  ең төмен жатқан жері.
а) Каспий теңізі              ә) Өлім аңғарыб) Өлі теңіз                     в) Валдес түбегі
3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.
А) Куба                        ә) Гаитиб) Баффин жері           в) Гренландия
4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?а) экваторлық              ә) арктикалық
б) қоңыржай                в) тропиктік
5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.
а) Калифорния             ә) Лабрадорб) Гольфстрим             в) Батыс желдер6. Солтүстік Америка материгінің  бастапқы меридианға қатысты орны.
а) түгелдей шығыс жарты шарда жатырә) көпшілік бөлігі батыс жарты шардаб) түгелдей батыс жарты шарда жатырв) көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда7. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.
а) -150 м   ә) -132 м    б) -86 м   в) -403 м8. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.
а) Миссисипи        ә) Ниагараб) Макензи            в) Колумбия
9. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?а) арктикалық                 ә) қоңыржай
б) тропиктік                    в) экваторлық
10. «Прерий» деп нені айтады?
а) шөлді                    ә) саваннаныб) орманды               в) егіс даланы
IX. Семантикалық карта.
X. Оқушыларды бағалау.