Саба? жоспары: Африка материгін ?айталау


Сабақтың тақырыбы: Африка материгін қайталау
Сабақтыңмақсаты: : Оқушылардың Африканың табиғаты, халқы, климаты, ішкі сулары және  табиғат зоналары   туралы алған  білімдерін тексеру, қайталау, бекіту.
Сабақтың міндеттері:  
  а )Білімділік: Оқушылардың Африканың табиғаты, халқы,    климаты, ішкі сулары және  табиғат зоналары      туралы алған  білімдерін тексеру, қайталау, бекіту.
  ә) Дамытушылық : оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, дүниетанымдық көзқарасын      қалыптастыру, қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
  б) Тәрбиелік: Сынып оқушыларын түгел сабаққа қатысуға, топпен жұмыс істей білуге, ынтымақтастық,   бірлікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдай білуге  тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау – жинақтау   сабағы.
Сабақ  әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап.
Пәнаралық  байланыс: биология, тарих.
Сабақтың  көрнекілігі: Африканың физикалық және саяси картасы,суреттер  және  сөзжұмбақ, және т.б.
Қажетті  құрал–жабдықтар: кітап, дәптер, қалам, кескін карта, атлас.
  Сабақтың барысы.
    І. Ұйымдастыру  кезеңі: 1) оқушылармен сәлемдесу,
                           2) сынып кезекшісі арқылы оқушылардың сабаққа  қатысуын түгелдеу,
                         3)сабаққа қажетті құралдарын алғызу, құралдардың түгелдігіне парағы таратылады.).
   ІІ. Сабақ тақырыбы бойынша  жұмыс: Балалар өткен сабақтарда біз қай материкпен таныс болдық. Яғни, Африка туралы не білдіңдер?Ал бүгін Африка материгінің соңғы сабағы сондықтан алдымызға қандай мақсат қоямыз?
Бүгінгі сабағымызда алдыңғы сабақтарда алған білімдерімізді пысықтап, жинақтап, қорытынды сабақ өткіземіз. Бүгінгі сабағымыз қайталау сабақ болмақ .Сабағымыз мына жоспар бойынша өтеді.
1)Кім картаны біледі?
2)Мағынаны тану
3)Тапқыр болсаң,тауып көр
көз жеткізу
                       4)оқушылар назарын сабаққа аудару.    
 (Сынып 2 топқа бөлініп отырғызылады. Әр топ өз топбасшыларын өздері сайлайды.Бағалау
4)Кім жүйрік?
5)Жалпы сұрақтар
6)Суреттеу(постер құру)
1) Кім картаны біледі?
(Бұл кезеңде мына географиялық нысандарды өз орындарына орналастыруымыз қажет)
(5 минут)
1 топ 2 топ
1 Сахара шөлі 1. Килиманджаро
2 Мадагаскар 2.Конго
3 Чад 3.Тугела
4 Судан 4.Калахари
5. Танганьика. 5. Алжир
2 «Мағынаны тану» сөздердің мағынасын түсіндіреді.
( 2 топқа берілетін тапсырма термин сөздердің мағынасын түсіндіру. ( 5- минут)
І топ
Гвинея.....................(Шығанақ)
Вильвичия.....................(Намиб шөліндегі өсімдік)
Суэц.....................(канал)
Виктория..............(көл)
Шірнежегі.............(ең кішкентай құс. )
Рас—Хафун...........(шеткі мүйіс)
Марабу...............(түйеқұс)
Уәдтер................(кеуіп қалған өзен арнасы)
Окапи..............(жануар)
Сомали..................(түбек)
ІІ топ
Хамада................(тасты шөл)
Саванна .............(табиғат зонасы)
Дромедар.............(жабайы түйе)
Дебунджа.................(жауын- шашын көп түсетін жері)
Тубкаль..................(Атлас тауының биік шыңы)
Намиб..............(шөл)
Самум..............(жел)
Альмади...............(шеткі мүйіс)
Ассаль...........(көл)
Цеце................(шыбын)
3)   Тапқыр болсаң, тауып көр (7 минут)
(қара жәшік ,жеке оқушымен жұмыс)
1)   жәшік сұрақтары
1)   Африкалықтар бұл тауды «Суық құдайы» деп атаған.Ол қандай тау?(Килиманджаро)
2)   Тана көлі қалай пайда болған және одан қандай өзен ағып шығады?(Лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған.Одан көк Ніл ағып шығады.)
3)   Материктегі ірі өзендер жүйелеріне қандай өзендер жатады?(Ніл,Конго ,Замбези)
4)   Чад көлі қандай көл?(ағынсыз)
5)  Материктегі ең биік сарқырама?(Тугелла)
2)   жәшік сұрақтары
1)   Атлас тауларының жоталарын ата?(Телль– Атлас,Эр–Риф,биік Атлас,Сахара Атлас)
2)   Материктегі ең суы мол өзен?(Конго)
3)   Африка материгін қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?(экваторлық,субэкваторлық ,тропиктік,субтропиктік) 4)   Африканың қандай табиғат зонасы ауыл шаруашылығына пайдалануға қолайлы?(Саванна) 5)  Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы?(Ливингстон) 6)   Африканың экваторлық ормандарында Конго,Заир,Огове,Итурм өзендеріне жақын жерде мекендейді ,бойы140-150см ,терісі Африкандықтарға қарағанда ашықтау,қызғылт–қоңыр түсті. Бұлар үшін ең қауіпті нәрсе–күн көзі.Олар жақсы аңшы,өте мерген атқыш.Бұл тайпа.......(Пигмей «Пигмейос»–грек сөзі орысша денесі жұдырықтай
4. Кім жүйрік? ( Сөзжұмбақ шешу) 5 минут
1. АЛЖИР
2. КОНГО ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
РЕСПУБЛИКАСЫ
3. СОМАЛИ
4. НИГЕР
5. ОҢТҮСТІК АФРИКА
РЕСПУБЛИКАСЫ
6. БОТСВАНА
7. МАВРИТАНИЯ
8. ЗАМБИЯ
9. КОНГО
10. КЕНИЯ
Сөзжұмбақ
«АФРИКА МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ
АСТАНАЛАРЫ»

ІІ топ
1. ЕГИПЕТ
2. ЧАД
3. АНГОЛА
4. МАЛИ
5.МАРОККО
6.МОЗАМБИК
7. ТАНЗАНИЯ
8. СУДАН
9. НИГЕРИЯ
10. ГАНА
Сөзжұмбақ
«АФРИКА МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ
АСТАНАЛАРЫ»

5. Жалпы сұрақтар (3 минут)
1 топ:
1)    Жерорта теңізінің жағалауындағы ірі портты қалаларды ата?(Касабланка, Рабат, Александрия,Триполи,Алжир, Тунис)
2)    Ніл аңғарындағы ең ірі қала туралы не білесіңдер? (Каир қаласы  973 жылдан Египеттің (Мысырдың)  астанасы. Бұл ежелгі қала өзіндік сәулет  өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базарымен ерекшеленеді.)
3)   Гвинея елінің табиғат байлықтары?   (Гвинея елінде алмас пен алюминийдің өте ірі кен орындары орналасқан.)
4)    Судан халқы қандай кәсіппен айналысады?(Суданда қой шаруашылығы дамыған. Өзен – көлдер бойында халық балық аулаумен және балық өңдеу шаруашылығымен айналысады.)
5)Африканы қай өзені экваторды кесіп өтеді? (Конго )
2 топ:
1)  Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады?(Нигерия халқының саны жөнінен Африкадағы ең ірі ел. Халқының  саны 125 млн-нан асады. Нигерия ауыл шаруашылығымен айналысатын ел,соңғы жылдары өнеркәсіп те қарқынды дамуда.)
2)   Кения жерінің табиғаты қандай дақылдар өсіруге қолайлы?
(Кения жерінде шайдың бағалы түрлері өсіріледі. Құнарлы топырақ және жауын – шашынның жеткілікті болуы астықдақылдары мен тропиктік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді).
3)    Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?(Оңтүстік Африка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүниежүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді.Африка халқының6%-ы ғана тұратын Оңтүстік Африка Республикасында материктегі өнеркәсіп өнімінің 40%-ы өндіріледі.)
4) Бұл өсімдік Солтүстік Африка аймағында өседі.Оның көлеңкесінде дәнді дақылдармен жеміс ағаштары өседі.Бұл өсімдіктің жемісі?(құрма)
5. Африканың табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер? ( Васко до Гама, Давид Ливингстон, Генри Стэнли, Юнкер, 600 нан аса өсімдіктерін зерттеген Вавилов , Әбу ибн Батутта.
6 Суреттеу (постер құру) (12 минут)
1 топ Африканың гографиялық орны, табиғат ерекшеліктері, климаты , өзен көлдері.
2 топ Африканың табиғат зоналары, халқы мен елдері.
Үйге тапсырма: «Африкаға саяхат» тақырыбына эссе жазу
Бағалау (3 минут)