Та?ырыбы: Жастайы?нан денсаулы?ы?ды са?та! Т?рі: бейнек?рініс, ой тол?ау Ма?саты: Салауатты ?мір салтына байланысты темекі шегу,насыбай тарту- ауруларыны? адам?а, ?о?ам?а тигізетін кері ?серін ашу ар?ылы балалар білімін арттыру.


ШҚО ББ «№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі»КММ
«Жастайыңна денсаулығыңды сақта!»
/ темекі, насыбай туралы түсінік /
Бейнекөрініс, ой толғау
Тәрбиеші: Аркашбаева К.К.
Семей қаласы 2017ж.
Тақырыбы: Жастайыңнан денсаулығыңды сақта!
Түрі: бейнекөрініс, ой толғау
Өткізілетін орны: кітапхана
Көрнекілігі: слайд,бейнекөрініс
Мақсаты: Салауатты өмір салтына байланысты темекі шегу,насыбай тарту- ауруларының адамға, қоғамға тигізетін кері әсерін ашу арқылы балалар білімін арттыру.
Балаларға темекінің,насыбайдың зияндығы туралы толық мағлұматтар беру.Зиянды заттардан бойын аулақ ұстауы туралы бейнекөрініс көрсету арқылы көздерін жеткізу және түсініктерін кеңейту.
Балалардың сөйлеу қабілітін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікір таластыра білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Айналасындағылардың денсаулығын сақтауға жауапкершілігін ояту.
Қайырлы күн, балалар «Жаны саудың дені сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Адам баласының өніп-өсуі, ғұмырлы болуы, көп жасауы-денсаулықтың арқасы. Адамның денсаулығы-қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығын сақтауға міндетті.Ендеше бүгінгі өткізілетін апталық сағатымыздың тақырыбы «Жастайыңнан денсаулығыңды сақта!» Тәрбие сағатының мақсаты-темекі, насыбай өсімдігінің құрамында кездесетін улы заттар туралы түсінік беру, темекі мен насыбайдың тартудың зардаптарының таралу тарихынан хабардар ету.
Тақтаға назар аударайық. Мына бейнекөрініс арқылы көріңдерші, темекі пайдалы ма жоқ па?
Бейнекөрініс
 Балалар, және бейнекөріністен сендер , шылым шегу зиянды, ағзаны улайтынын көрдіңдер.
 Ситуациялық сұрақтар:
1.Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы қалай барады?
Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы ауызға, жоғары тыныс жолдарына өтіп, кілегейлі қабықшамен өкпе көпіршіктеріне барып қонады. Сілекеймен қоса жұтылып, асқазанға барады.2.     Егер сендер темекі тартып тұрған баланы көрсеңдер не деп айтар едіңдер?3. Шылым шегетіндер адамның бет әлпеті қандай болады? Шылым шегетіндермен шекпейтіндерді оңай ажыратуға болады: шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен болып көрінеді, тісі ерте бұзылады, сарғаяды, жүрегі тез шаршайды. Қан тамырлары тартылады.
4. Темекі зардабынан болатын аурулар қандай болады екен және бейнекөріністен көрдіңдер?Темекі зардабынан болатын аурулар:Стенокардия, созылмалы гастрит, жүрек инфарктысы, асқазан жарасы бүйрек, бауыр, жыныс, тыныс, жүйке аурулары.
5.Әрбір тартылған темекі адам өмірін неше минутқа қысқартады?
Әрбір тартылған темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады. Күніне бір қорап темекі тартатын адамның бір жылда өкпесіне бір литр смола (шайыр) жиналады. Темекі тартатын адам зиянды заттардың 25 % – н жұтады екен, 5 % темекінің тұқылында қалады, 20% жанып кетеді, ал 50 % ауаға түседі. Бөлмеде отырсаңыз, ол адам ағзасына үлкен әсерін тигізеді.
6.     Сендер елімізді басқарып тұрсаңдар, темекіге қарсы қандай шара қолданар едіңдер?
Балалар темекінің зардаптарынан мысал келтірсек Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Мектеп жасында көбінесе ештеңемен шұғылдаңбайтын, сабақ оқымайтын, спортпен айналыспайтын оқушылар шылым шегеді.Сондықтан ерте бастан денсаулықты сақтап шылым шегуге әуестенбеу керек.
Балалар темекінің зиянын айтып жіберіңдерші
Ас қорытуға
Асқа деген тәбетті қайтарады.
Ас қорытуды қиындатады.
Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
Асқазанда жара пайда болады.
Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.
Тыныс алуға
Жөтел және қақырық пайда болады.
Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.
Қан айналымынаТамырды қатайтады (атересклероз).
Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
Басқа да зардаптарыЕсте сақтау қабілетін азайтады.
Көңілсіздікке душар етеді.
Ұйқыны азайтады.
Теріге әжім түсіреді.
темекінің өртке себепші болуы.
Насыбай деген не? Қайдан шыққан нәрсе? Бұл өз алдына ұзақ әңгіме. Біз бүгін осы бір темекімен аталас, бірақ, біздіңше, одан әлдеқайда зиянды әрі лас нәрсенің көпшілік арасына кең тарап бара жатқанын тағы бір еске салғымыз келеді. Насыбай, өкінішке орай, қазір бізде тән дерт болып тұр. Онымен шындап күресіп жатқан да ешкім жоқ. Газетті парақтасаң да, радио тыңдап, теледидар қарасаң да «ақ халатты абзалдарымыз» сан түрлі аурулардың алдын алу жайында айтады да жатады.Тіпті кең тараған бірқатар ауруларға қарсы жыл сайын «тұмау келе жатыр» деген хабар шығады. Тамақтану, санитарлық тазалық, гигиена, түрлі-түрлі дәрумендер жайында да кеңес беруге, көмектесуге әрқашан ақ халатты абзал жандар дайын. Темекінің зияндылығы туралы , темекінің қорабында оны шеккен адамның өз денсаулығына өзінің балта шауып отырғаны туралы сөз жазылған. Темекіні ашық жарнамалауға тыйым, шектеу бар. Ал насыбай ұмыт қалған. Оған қарсы үгіт-насихат та, күрес те байқалмайды. Насыбайдың құрамы және оның адам ағзасына келтірер зияны туралы зерттеп жүрген мамандар туралы да естімеппіз. . Жастар арасында насыбай ататындар көбейіп барады.  Насыбайдың заты түгілі атының өзі қалыпты адамның жирену сезімін тудырады емес пе. «Нас» және «бай» сөздерінен қосарланып тұруының өзі көп нәрсені аңғартады ғой. Енді затына, яғни құрамына қысқаша тоқталып өтейік.
… Соңғы кезде дәмі жағымсыз осы бір түйіршіктерді оқушылар мен студенттердің көбірек сұрайтынын байқап жүрмін. Әдетте бір шөкім насыбайды аузына салған адам оны тілдің немесе үстіңгі еріннің астында, яки ұртында ұстайды. Ауыз қуысына түскен дәрі-дәрмек, сол сияқты басқа да еритін заттар қанға тез сіңіп, денеге тез жайылады, миға жылдам әсер етеді. Ауызға түскен насыбай да солай, ол бірер минуттан соң-ақ басты айналдырып, көзді бұлдыратып жібереді.Басқаша айтқанда үнемі ұйқысырап жүретін жалқау денені сілкіп, оятқандай болады. Бұл, әрине, бір сәттік қана әсер. Насыбай темекіге қарағанда әлдеқайда улы, зиянды, былғаныш. Ол рак ауруына жол ашады. Насыбай ататындардың ауыз қуысы ойылып, жара-жара болып жүреді. Бұл — әктің әсері.
Енді бір қарағанда пәлендей зиянды әсері жоқ сияқты көрінетін нәрсенің адам ағзасына әсері, ықпалы қандайлық екеніне тоқталайық.
Бейнекөрініс экранға назар аударыңдар
Насыбай ататындар оның неден және қалай жасалатынына мән бермейді. (Білсе, бәлкім, басқаша болар ма еді?). Сондықтан осы жайында бір-екі ауыз сөз айтқанды жөн көріп отырмыз. Насыбайға әдетте темекі жапырағының ұнтағы, әк, ағаштың күлі, тауықтың саңғырығы қосылады.
. Тауықтың қиы қаншалықты қауіпті екенін айтып жеткізу қиын. Қазақтар тауықты «Құстың шошқасы» деп атайды. Өйткені оның жемейтіні жоқ, тамақ талғамайды, бәрін қылғыта береді. Сондықтан тауық ішегінде құрттар да көп. Тауық қиының қаншалықты улы екеніне бір мысал келтірейін. Егер қой шөппен бірге тауықтың қиын жеп қойса, өліп қалады. Біз оны тіл астына салып, сорамыз.  Бір кезде «нас» деген иісі жұпар ағаш болыпты. Сол насты жұрт иіскейді екен. Насыбай о баста содан шыққан … Міне, осындай аңыз бар. Иә, ол аңыз. Шындық басқаша.
Жаман әдеттен арылу дегенің қиын. Ең жаманы — насыбай атып, жан-жағына былш-былш түкіріп жүргендерге саусақ арасынан қараймыз. «Не істесе — әркімнің өз еркі» дейміз. Ондай надандықтың күйе сияқты жақындағанға, әсіресе жастарға жұға кететініне мән бермейміз. Өркениетті бірсыпыра елдер (мысалы, Голландия) адам денсаулығына зиянды деп тауып, сарымай мен ірімшікті пайдалануға шектеу қойып, оны жұртшылық құп алып, әлгіндей дәмді, таза тағамдарды тартына жеп жүргенде біз…кәдімгі күл-қоқыстан бір асап алып, былш-былш түкіруді жалғастыра бермекпіз бе?!
Өзбекстанның онкологиялық орталығы таратқан мәліметтерге қарағанда, ауыз қуысының рак ауруына шалдығатындардың 80 пайызы насыбай ататындар екен. Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, кеңірдек пен қолқаның рак ауруы қазақстандық ер-азаматтарда әйелдерге қарағанда 10 есе көп кездеседі. Осының өзі көп нәрседен хабардар етіп тұрған жоқ па
Иә, сонымен, қорыта айтқанда, темекі, насыбай ататындар рак, ішек құрттары және белсіздік ауруымен басқаларға қарағанда жиі ауырады.Темекі, Насыбайға әуестік — ең алдымен — өз денсаулығыңа балта шабу. Ракпен ауылдас боламын демесеңіз, насыбайдан аулақ жүргеніңіз жөн.
Насыбай ататындардың есіне: 
• Насыбай ату адам жасын қысқартады.
• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.
• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас азаяды.
• қызбалалар насыбай атса,келешекте баланың денсаулығына зияны тиеді.
• Тыныс алу жолдары қабынады.
• Ұйқысыздыққа апарады.
• Адамды ерте қартай-тады.
• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.
• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.
• Рухани күйзеліске ұшыратады.
Қортынды:Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Қол шатыр астына өз ойларымызды жазайық.1.     Бос уақытымызды дұрыс пайдалану.2.     Демалыс түрлерін қолдану.3.     Театрға бару.4.     Спортқа қатысу.5.     Денсаулығымызды шынықтыру.Ия, балалар, сонымен қатар темекі мен насыбайды 12 жаттығу түрлерімен алмастыруға болады екен.
1.Секіру.2.    Жүзу3.    Хош иісіті гүлдер иіскеу4.    Ойнау5.    Билеу6.    Веосипедпен серуендеу7.    Құстар әнін тыңдау8.    Сұхбаттасу9.    Ән айту10. Жүгіру11. Сурет салу12. Демалу
Cонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды «Жаманнан жирен-жақсыдан үйрен» қағидасын үнемі-есте ұстау.
Рахмет.