«Бала т?рбиесі м??гілік м?селе…» семинар — триниг


Бастауыш сынып ата-аналарымен жүргізілген
семинар-тренинг.

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі мәңгілік мәселе...»
Мақсаты:Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып,баланы толыққанды Адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі бір күннің не бір жылдың ісі емес.Баланың бас ұстазы ата-анасы.Сондықтан да ұстаз тәрбиесі мен ата-ана тәрбиесі ұштасып жату керек.Ұстаздың да, ата-ананың да мақсат-мүддесі ортақ,міндеті біреу.Ата-ана баланы дүниеге әкеліп,қалыптастырып,жетілдіріп жатса,мектеп арқылы білімі мен адамзаттық құндылықтары толысқан,жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге бейім,толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады.
Семинардың жоспары:
1.Семинардың ашылуы.
2.Баяндама.«12 жылдық білім беру»
3.Бала тәрбиесіне отбасының әсері.Жағдаяттар.
4.Қызықты шиырма (пәндер бойынша тапсырмалар.)
5.«Аяқталмаған сөйлем» .
6.Психологиялық тренингтер.
7.Ата-аналарға жадынама(үй тапсырмасы бойынша.)
8.Қорытынды.
Семинардың барысы:
Психологиялық дайындық.Семинардың алдында барлық ата-аналар өздері қалаған түсті таңдап,қызыл,сары,көк,жасылдар орталығына бөлінеді.
1.Семинардың ашылуына бастауыш сынып оқушыларының дайындаған ана,әке туралы тақпақ,ән, осы тақырыптағы үздік шығармалар тыңдалады.
2.Баяндамада 12 жылдық білім беруге көшудің алғы шарттарымен ата-аналарды таныстыру.
3. Бала тәрбиесіне отбасының әсері.Жағдаяттан шығу.
1-жағдаят.Балаңыз математикадан орындаған жұмысын көрсетіп,«Көріңізші,мен 5 алдым!»-дейді.Сіздің іс-әрекетіңіз?
2-жағдаят.Беті –қолы тырналып,көйлегі жыртылған бала үйіне келіп бір баламен төбелесіп қалғанын айтып береді.Сіздің іс-әрекетіңіз?
3-жағдаят.Бір нәрсеге ашулы ұлы мектептен келе сала:«Құрысын мектеп!Мұғалімдердің бәрі әділетсіз.»-деп ашуланды.Сіздің әрекетіңіз?
4-жағдаят.«Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын »-дейді балаңыз.Сіз не істер едіңіз?
4.Қызықты шиырма (пәндер бойынша тапсырмалар.)
Әр орталыққа математика оқулығындағы шығармашылық тапсырмаларды шығарту,әдебиеттік оқу
оқулығынан ақын –жазушылардың шығармаларын сұрау арқылы ата-аналардың баласының сабағын қаншалықты қадағалайтынын байқау.
5.«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы бала тәрбиесі туралы көзқарастарын білу.
1-орталық.Егер баланы үнемі сынап отырса,онда .......
Егер балаға үнемі күлсе, онда .........
2-орталық.Егер бала төзімділікке бейімделсе, онда ......
Егер баланы үнемі мақтай берсе, онда .....
3-орталық. Егер бала адалдыққа тәрбиеленсе,онда .....
Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе,онда .....
4-орталық.Егер бала кекшіл болса,онда ........
Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе,онда .......
6.Психологиялық тренингтер.«Сіздегі жақсы қасиеттер» тренингінде әр орталық бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.
7.Ата-аналарға жадынама.Ата-аналар баланың үй тапсырмасын әсіресе,жазбаша тапсырмаларды орындауда мына шарттарға назар аударуын талап ету.Олар:
1.Жазбаша жұмысты орындауда ең бірінші ережені оқып,соған сай істеуі.
2.Жаңа немесе түсініксіз сөз кездессе,бұрынғы жазғандарға қарап қате жібермеу.
3.Мәтінді түгел оқып,соңғы рет тексеріп шығу.
8.Қорытынды.
Семинарға белсене қатынасқан ата-аналарды мадақтау.