План-конспект урока географии в 6 классе на тему: «Масштаб»


Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:
Білімділік: Қоршаған заттардың сандық ұғымын, сан мөлшерін таныту барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, күнделікті өмірде ұстап, пайдаланып, көріп жүрген заттардың есебін білу.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін күшейту, сан есімнің жазылу емлесін практикалық жолмен меңгерту.
Тәрбиелік: Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, талдау, теңдеу шешу.
Пән аралық: Ауыз әдебиеті, математика.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайд, жай тақта, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сынып тазалығына мән беру
б) оқушылардың көңіл күйіне назар аударув) САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫН АЙТУ
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша, өтілген тақырыптарға байланысты интерактивті тақтамен жұмыс жасау.
1-слайд ҮСТЕУ
Үстеу дегеніміз не?
Үстеудің түрлерін атаңдар,мысал келтіріңдер?
Үстеу қандай сұраққа жауап береді?
Мезгіл үстеуді қатыстырып сөйлем құрандар?
Мекен үстеуді қатыстырып сөйлем құрандар?
Сын-қимыл үстеуді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар?
2-слайд. Сабаққа әзірлеу
Көктемнің күніндей жарқырап
Жүздеріңнен күлкі кетпей
Гүлдей жайнап жүре беріңдер
3-слайд Тыйым сөздердегі көрсетілген көп нүктенің орнына үстеулерді койып жазу.
Күндіз суға барсаң , кесек тастамай өтпе.
Аяқ киімді жоғары көтерме.
Кешке күл шығарма.
Түнде тырнақ алма.
4-слайд Тақырып Сан есімСан есім нені білдіреді?
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
5- слайд Мағынаны тану
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.
Сан есімдерге қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар
қойылады.
6-слайд САН ЕСІМ
Құрамына қарай
ДАРА КҮРДЕЛІ
Мағынасына қарай
ЕСІПТІК РЕТТІК
8-слайд Жаңа сөздер: уақыт, кеш, жарым, қазір, ғасыр, дәуір, тура, түс
- Хормен айту
- Сөздікке жазып алу
- Сөз тіркесін құрастыру
9-слайд
бірлік ондық жүздік мыңдық
1-бір
2-екі
3-үш
4-төрт
5-бес
6-алты
7-жеті
8-сегіз
9-тоғыз 10-он
20-жиырма
30-отыз
40-қырық
50-елу
60-алпыс
70-жетпіс
80-сексен
90-тоқсан 100-жүз
200-екі жүз
300-үш жүз
400-төрт жүз
500-бес жүз
600-алты жүз
700-жеті жүз
800-сегіз жүз
900-тоғыз жүз 1000-мың
2000-екі мың
3000-үш мың
4000-төрт мың
5000-бес мың
6000-алты мың
7000-жеті мың
8000-сегіз мың
9000-тоғыз мың
10-слайд Жазбаша
11-слайд Сергіту сәті.
1, 2, 3 –ал қанеке ұш
4, 5, 6 – мынау ауыл шеті
7, 8, 9, 10 – ал, қанеки қон
12 –слайд Семантикалық карта
Қ/с Сөз таптары Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
1 Бесінші        +
2 Дәптер  +      
3 Қызыл      +  
4 Көңілді      +  
5 Сызғыш  +      
6 Жазды    +    
7 Он        +
8 Айнұр  +      
9 Терезе  +      
10 Келді    +    
13- слайд
«Артық білім – кітапта»
Оқулықтағы 2- тапсырма.
Сызбаны сан есімдермен толықтырып жазуғасыр ____ 100 жылжыл ____ 12 ай
мезгіл ____ 4 жыл мезгіліай _______ 30 немесе 31 күн
апта ______ 7 күн
күн ______ 24 сағат
сағат _____ 60 минут
минут ____ 60 секунд ( Қорытынды, сұрақтар бойынша)
14- слайд ТЕСТ
1.Сан есімдердің қайсысы дұрыс жазылған.
а) онбес ә) он алты б) онсегіз
2.Заттың сынын білдіретін сөз таптары
а) етістік ә) зат есім б) сын есім
3.Сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз
а) не істеді? ә) неше? б) қандай?
4.Сан есімді табыңыз
а) шөп ә) кітап б) он
5.Туынды сын есімді табыңыз
а) отыз алты ә) ажарлы б) жүріп кетті
6.Күрделі сан есімді табыңыз
а) отыз ә) бірінші б) он жеті
7.Негізгі сын есімді көрсетіңіз
а) ағаш ә) гүл б) таза
15 слайд жауап
1 2 3 4 5 6 7
Ә Б Ә Б Ә Б Б
16 слайд Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтары?
3. Жұмбақ
Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде
Көзіне саусақ саласың
Жырақтан хабар аласың
4. Сан есімді қатыстырып сөйлем
Үйге тапсырма.
Сан есім ережесін жаттау. 146, 3 тапсырма – жаттығу
Өрнекті үлгі бойынша сөзбен жазу.
10 + 2 = 10 + 6 =
10 + 3 = 10 + 7 =
10 + 4 = 10 + 8 =
10 + 5 = 10 + 9 =
Бағалау.( комментарий арқылы)
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан-жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымщылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: тірек-сызба, суреттер, аққала
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық;
ә) сабақтың мақсатымен таныстыру- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұмат аламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) – Үйге қандай тапсырма берілді? (229-жаттығу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту (слайд ):
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе әңгіме.
- Балалар, тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып тұр? Кім оқиды? (сұрақ-жауап әлемі)
- Тағы қандай әлемдер болады деп ойлайсыңдар? (ертегілер, хайуанаттар, құстар, кітаптар, балалар, сиқырлар, т.б.)
- Бүгін сабақта сұрақ-жауап әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, тақтаның алдынан тағы нені байқадыңдар? (шарлар)
- Балалар, қараңдар, мына шарлардың ішінде бір нәрсе бар. Бұл не нрселер? Не істейміз?
- Қалай аламыз?
ә) Оқушыларға шұардағы қағаздарды алғызып, сөйлемді оқытып сұрақтарға жауап алу.
1-шар: - Сенің атың кім?
2-шар: - Нешінші сыныпта оқисың?
3-шар: - Сабақтарың нешеде басталады?
4-шар: - Сабақтан бос уақытта не істейсің?
Сұрақтар: -Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
б) Осыны тірек-сызба арқылы көрелік.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?
V. Дәптермен жұмыс.
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.
VІ. Тақтамен жұмыс:
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың нешеде басталғанын білу үшін;
- Асқардың сабаққа неге кешіккенін білу үшін;
- Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар екендігін сұрау.
3-жаттығу.
1. Сөйлем аяқталған ……………… . (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………………….. . (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер ……………. . (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші …………….. . (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына …………….. . (нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін …… . (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ….. . (сұрақ белгісі қойылады).
2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
- Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
VІІ. Шығармашылық диктант. Сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Қар қалың жауды.
2. Қасқыр – жыртқыш аң.
3. Анар қалада тұрады.
VІІІ. Қорытынды. Ойын «Аққала»
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы дегеніміз не?
4. Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Сонымен, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әлі де үйренетін боласыңдар.
ІХ. Үй тапсырмасы. 234-жаттығу.
Бағалау. Көштасу.