?аны??ан к?мірсутектер. Метан. Алкандар. (9 класс)


Сынып: 9А Күні:
Сабақтың тақырыбы Қаныққан көмірсутектер. Метан. Алкандар.
Сілтеме Н.Нұрахметов «Химия» 9-сынып
Жалпы мақсаты Қаныққан көмірсутектер және метан, метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік беру.
Оқу нәтижелері Метан-қаныққан көмірсутектердің ең қарапайым өкілі және ол табиғатта кең таралған көмірсутек. Метан мен оның туындыларының қолданылу аясы өте кең.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Қаныққан көмірсутектер молекулаларында көміртек атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы байланысады. Химиялық өңдеу арқылы алкандардан сан алуан басқа заттар алынады.
Көрнекіліктер Интерактивті тақта
Тапсырмалар I.Ұйымдастыру
II. «Метан», «этан», «пропан» тобына бөліну.
III. «Метан» тобына қойылатын сұрақтар:
1.Метан табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
2. Метанның физикалық қасиеттерін сипаттап беріңдер.
3. Метан оттектен ауыр ма, әлде жеңіл ме? Метанның оттекпен салыстырғандағы тығыздығын есептеңдер.
«Этан» тобына қойылатын сұрақтар:
1.Метан қандай газдармен қопарылыс беретін қоспа түзеді?
2.Метан кездесетін жерлерде және метанмен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?
3.Метанның жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша:
64 г метан жанғанда түзілетін жылу мөлшерін есептеңдер.
«Пропан» тобына қойылатын сұрақтар:
1.Метан және оның туындылары қайда қайда қолданылады?
2.Метанның сандық құрамын есептеңдер (%-пен).
3.Тетрахлорметан буының тығыздығы ауадан неше есе ауыр болатынын есептеңдер.
IV.Бағалау
V.Үйге тапсырма: $46,47;
№1-4 (158-бет)