Разработка по химии на тему К?мірсутектер мен оларды? таби?и к?здері тарауын ?айталау мен жалпылау


Бисенова Улдай Султанбековна ОҚО Мақтарал ауданы №20 Ш.Құдайбердиев атындағы жалпы орта мектебі
11-сынып химия пәні
Сабақтың тақырыбы: «Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері» тарауын қайталау мен жалпылау.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік :оқушылар «Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері» тарауынан алған білімдері негізінде көмірсутектердің құрылыстары мен қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын , өздеріне тән қасиеттерін ажырату
Дамытушылық: оқушылардың экологиялық сауаттылығын дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен ізденуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: өткенді қайталауға сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану, деңгейлік тапсырмалары, есептер шешу,семантикалық карта толтыру
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі . Сыныпты 3- топқа бөлу
1-топ Алкандар 2-топ Алкендер 3-топ Алкиндер
«Ой шақыру» кезеңінде өткен тарауларды еске түсіреміз.
«Алкандар» тобының сұрақтары
1.Алкандар деген не ?
2.Метан молекуласында неше сигма байланыс бар?
3.Метанның молекулалық,электрондық, құрылымдық формуласын жаз.
4.Метан молекуласының пішіні қандай?
5.Алкандарға қандай қасиеттер тән?
6.Табиғи газдың құрамы қандай?
7.Мұнайдан жанармайдан басқа не алынады?
8.Бензин маркасы немен анықталады?
«Алкендер» тобының сұрақтары
1.Этиленнің молекулалық, электрондық ,құрылымдық формуласын жаз.
2.Этиленнің сапалық реакциясы қандай?
3.Дегидрлену деген не?
4.Марковников ережесі деген не?
5.»Цис» ,»Транс» изомерлер деген не?
6.Мұнай неден тұрады?
7.Мұнайға серік гаэдар неше фракциясы бар?
8.Крекинг деген не, оның неше түрі бар?
«Алкиндер» тобының сұрақтары
1.Алкиндердің құрамында қандай байланыс бар?
2.Гидратация реакциясы деген не? Кім ашты?
3.Ацетиленнің молекулалық, электрондық, құрылымдық формуласын жаз.
4.Ацетиленнің үш молекуласынан қандай заттың бір молекуласын алуға болады?
5.Кучеров реакциясының теңдеуін жаз.
6.Мазут деген не?
7.Мұнай айдайтынтын қондырғы неден тұрады?
8.Бензиннің детонацияға төзімділігі немен анықталады?
«Танымдық ойындар» сайысы
«Алкан» тобы. Берілген заттардың ішінен алкандарды бөліп жазыңдар және гомологтық қатар құрыңдар: C2H6, C2H4, C4H10, C2H2 ,C6H14,C4H8, C2H5OH, C3H8 ,C6H6 , C6H12 , CH3CL, CH4
«Алкен» тобы. Берілген заттардың ішінен алкендерді бөліп жазыңдар және гомологтық қатар құрыңдар: C2H4, C4H8, С7H16, C2H2, CO2, C3H6, C2H6, CH4, C5H10, C6CI14, C5H12, C3H8
«Алкин» тобы.Берілген заттардың ішінен алкиндерді бөліп жазыңдар және гомологтық қатар
құрыңдар: C2H2,C6H12, C6H10,C10H22, CH4, C5H8, CH3CI, C2H4, C5H12, C3H4, C4H6,С5Н10
«Химик-эрудит» ойыны
Көмірсутектердің арасындағы генетикалық байланыстарды анықтайтын реакция теңдеулерін жазыңдар.
«Алкан» тобының тапсырмасы : C →CH4→ CH3Вr→С2Н6 →С2Н4→С2Н2
«Алкен» тобының тапсырмасы : C2H4→ C2H6→C2H5Вr→C2H5OH→C2H4
«Алкин» тобының тапсырмасы: СаО→CaC2→C2H2→C6H6→CO2




«Бағдарша, қайда барасың» ойыны
Орыны ауысқан химиялық формулалар мен олардың атауларын тауып , сәйкестендіру керек.


-СТИРОЛ С2Н2-ПРОПЕН

-ЦИКЛОПЕНТАН-АЦЕТИЛЕН

-ХЛОРБЕНЗОЛ

СІ

NH2- ЦИКЛОГЕКСАН
CI-БЕНЗОЛ

С2Н5ОН-НИТРОБЕНЗОЛ
С3Н6-ЦИКЛОБУТАН
CH=CH2-ЭТАНОЛ

«Артықпын мен» ойыны
1-ТОП2-ТОП 3-ТОП
а)C3H7OH а)CH4 а) этин-1
ә)C4H9OH ә)C2H4 ә)бутанол-1
б) C2H5CI б)С5Н10 б)бутин-3
в) C2H5OH в)С4Н8 в) пентин-2

Деңгейлік тапсырмалар
I-деңгей (5 ұпай)
Кестені толтырыңдар:
Көмірсутекер Жалпы формуласы Гибридтену түрі Валенттік бүрышы
Алкандар Алкендер Алкадиендер Алкиндер Арендер II- деңгей (7-ұпай)
а)Көп нүктенің орнына тиісті формуланы тауып, қойыңдар:
1) ... + ... = С2Н5Вr + НBr 3) .....= С6Н6
2) ... + ... = С2Н5OH 4) .... = С2H2+3Н2
б) Заттардың атын атаңдар:
1) СН3-СН2СІ2) CH3-CH(CH3)-CH2-CH3
3) CH2=CH-CH2-CH2-CH3
4) CH3-CH2 -C≡CH
III-деңгей (10-ұпай)
1-есеп.Жану нәтижесінде 134,4 л көмірқышқыл газы (қ.ж.) түзілсе, жанған бутанның қөлемін (л) есептеңіз.
2-есеп.101 г хлорметанды алуға жұмсалатын хордың массасын есептеңіз.

Семантикалық карта
С2Н6 С5Н12 С8Н18 С7Н16 С9Н20 С4Н10 С6Н14 С3Н8 С10Н22 СН4
Метан Этан Пропан Бутан Пентан Гексан Гептан Октан Нонан Декан Оқушыларды бағалау.
№ Оқушының аты-жөні Сұрақ
тар Таным
дық
ойын
Химик-
эрудит Бағдарша,
қайда
барасың? Артық
пын
мен Деңгейлік тапсырма
лар Семан
тикалық
карта
Қорытын
ды ұпай
1 2 3 4 5 6 7 8 Үйге тапсырма§3.1-3.6,4.1-4.6,5.1-5.3 қайталау