Мектеп жасына дейінгі балаларды? диалогты байланыстырып с?йлеу тілін дамыту барысында режиссерлік ойындар ж?не ойын драматизацияларын ?йымдастыру


Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты байланыстырып сөйлеу тілін дамыту барысында режиссерлік ойындар және ойын драматизацияларын ұйымдастыру.
Диалог күнделікті қарым-қатынаста, ойында, серуен кезінде үлкендермен, өз достарымен жүзеге асырылады.
Мұндай қарым-қатынастың өзі баланың қойылған сұраққа дұрыс жауап беруіне өзіндік ықпалын тигізеді.
Диалогты байланыстыра сөйлеудегі тілге қойылатын негізгі талаптың бірі – оның мазмұндылығында. Тіл дамыту сабағын тәрбиеші қызықты әсерлі түрде ұйымдастырса, ол әр баланың сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлесу қажеттілігін тудырады. Оқылған ертегіні айтып беру, сол топтағы балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейіне қойылған мақсатқа да байланысты.
Тәрбиешінің айтқан ертегісін зейін қоя тындап, ертегіні диалогты түрде айтып беруде, грамматикалық тұлғада, дұрыс байланыстырып айтуға үйретеді. Диалогты сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарланған сабақтарда, сабақтан тыс ойын сәттерінде, шығармаларда сахналар арқылы дамытылады.
«Балбөбек» бағдарламасы бойынша балабақша бөлімінде «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында балалар кейін кім болғысы келетінің сұрақтарға диалогты, монологты сөйлеу арқылы жауап беруге үйренеді. Байланыстырып сөйлеу үйретуде сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырады.
Балалар диалогты байланыстыра сөйлеуін дамыту барысында режиссерлік ойындар және ойын драматизациялар баланың дауыс ырғағын сұраулы сөйлем, лепті сөйлеу, хабарлы сөйлем, өтініш жасау, таң қалу, қуануды келтіріп айтуға жаттықтырады.
Драматизациялық ойын кезінде тәрбиеші оқып берген шығармадағы өз рөлінің сөздерін, бала жүйелі түрде диалогты сөйлеу арқылы толық жеткізеді.
Олай болса баланың тілін дамытуға алдымен бірінші сөйлеу процесін дұрыс жолға қоя керек.
Диалогты дұрыс сөйлеу дегеніміз – әдеби тілдік нормасының сақтап ойдың дұрыс берілуі. Баланың сөздік қорын байыту сөйлеумен байланыстыра жүргізіледі. Ал сөздік қорының баюы баланың байланысырып сөйлеуінің кепілі болмақ. Олай дейтініміз сөйлеу үшін бала өз ойын жеткізуге қатысты сөздерді білу қажет.
Естиярлар тобында драматизациялқ ойында «Балбөбек» бағдарламасындағы жас ерекшеліктеріне байланысты халық ертегілерін аламыз. Мысалы «Үйшік», «Тырна мен түлкі», «Жетіс қозы мен қасқыр» т.б. ертегілерден кейіпкерлерді қимыл арқылы және сөзбен айтуы. Балалар әр қимылды айтылған сөзге қарап отырып жұмбақ ойынның шешуін айтады. Сұрақ-жауап әрі қарай жалғастырылады.
Естиярлар тобында «Үйшік» ертегісін сахналағанда, ата-аналар көмегімен дайындаған кеіпкерлердің дайын костюмдарын киіп, балалар берілген рөлдерін диалогты айту және қимыл арқылы ойнап шықты. Балалар ертегідей жағымды, жағымсыз кейіпкерлермен, олардың достарын осы ертегіде диалогты ойлау арқылы танысты және ауыз екі сөйлеуге үйренді.
Ересектер тобында «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналадық. Ертегіні сахналамас бұрын маскалар балалармен бірге дайындалдық, Дамирдың анасы билеттер, ақшалар, жарнамалар дайындап берді. Ертегідегі «Мақта қыз бен мысықтың» үйінің ішкі көрінісіндегі заттарды алдын ала дайындап, балаларға ертегідей рөлдер, карточкаларды үлестіру арқылы бөлініп берді. Кейіпкерлердің кейпіне ене отырып, кейіпкерлердің атынан балалар диалогты байланыстыра сөйлеу тілін дамыта айта білді. Рөлдерде ойнағанда көркем сөздермен танысып, сөздік қорларын толықтырды. Берілген ертегідей кейіпкерлерге байланысты балалар қуанышты, жалынышты, мұңлы дауыс ырғақтарын интонациясын дұрыс қойып айта білді.
Драматизациялық ойын мен бірге режисерлік ойынын да балалар диалогты байланыстырып сөйлеу тілін дамыту барысында тигізер әсері мол.
Режисерлік ойын – балалардың ойындарының бір түрі. Мектеп жасына дейінгі балалардың режисерлік ойыны кинодағы, спектакльдегі режиссердің іс-әрекетіне ұқсас келеді.
Режиссерлік ойын балалардың бір мезетте әр түрлі рөлдерде орындауға және іс-әрекет пен сөздерді ойлауына ойынның дұрыс өтілуіне талап етеді. Балалар рөлдерде үлкендердің іс-әрекетіне дауыс ырғақтарына еліктеп айтулары балалардың сөйлеу тілін дамытуда үлкен әсерін тигізеді.
Ересектер тобында балалар фантазиясы өте жақсы дамиды. Балалар ойнау барысында үлкен кубиктерді машинаға, адамға, кірпішке, үлкен жұмсақ итті аюға, сұр матаның қиындысын қасқырға теңейді. Бала өзінің ойынан сценарий жүйесін өзі ойлап табады. Бұл сценарий жүйесі 2-3 сөйлемнен тұруы мүмкін. Бұл баланың өз тілек талабы. Бала сценарийдегі барлық рөлдерді өзі жалғыз орындайды, не болмаса 2-3 баламен ойнайды. Балалар ойнап жатқанда балалардың үлкендердің рөліне кіріп ойнап жүргенін көруге болады. «Шаштараздың», «дәрігердің» рөліне еніп көрген іс-әрекеттерді қайталап 2-3 баламен диалогты сөйлеу арқылы ойнайды. Машина жүргізушісі, сатушының т.б. ойындар. Болашақта мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты байланыстырып сөйлеу тілін дамыту барысында режисерлік ойындар және оның драматизацияларды жиі ұйымдастырып кіші топтағы балаларға ертегілерді көрсету. Балалар айна тәрізді өмірде нені көреді соны қайталап көрсетеді.
Ата-аналар көмектесіп қоймай, балалармен болашақта рөлдерге еніп ертегілерді өткізуге көмектессе.