Сенімділік — к?ш береді


«№12 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Тренинг
Тақырыбы: «Сенім – менің серігім»
Педагог-психолог: А.О.Сансызбаева
2015-2016 оқу жылы
“Сенім - менің серігім”
Мақсаты : Сенімділікті бойларына қондыру, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, стрестік қалыптан арылту,бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту.
Көрнекілігі: жіп
Тренингтің ережесі:
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2. Достарыммен жақсы қарым –қатынаста болу;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойын ашық айта білуге үйрену.
Тренингтің кезеңдері І.Психологиялық бағыт беру (Жайлы әуен ойнап тұрады)
Сәлеметсіздер ме, оқушылар ! Тренингке қош келдіңіздер!
С е н і м д і л і к сөзіне түсініктеме беру.
Бүгінгі тақырыбымыз:
“Сенім - менің серігім”
Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.
Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.
І.Амандасу рәсімі : «Достық торы» жаттығуы
Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуалды құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма жіпті бір саусағымен іліп алып өзі қалаған қатысушыға жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық торы» пайда болады
ІІ. Негізгі бөлім
“Жағымды сөздер”жаттығу:
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші жағымды сөздер айта отырып кез-келген біреуге доп лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа , ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.
Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?
Енді осы теріс жағдайлардан арылғымыз келеді ме? Не үшін?
Не себепті?
Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қырқып,қағазды умаждап қоқыс шелекке тастаймыз.
“Сілкіп таста”жаттығу
Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату.
Нұсқау:Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз
Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. Сабақтан кешіктім, тесттен бал жинай алмадым деген сияқты.
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер.
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер.
Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.
Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:
Мен ақылдымын.
Менің жаным тыныш
Мен қиындықтан қорықпаймын.
Мен жаспын, қандай әдемімін.
Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.
Маған сенімділік күш береді.
Мен дайынмын.
ІІІ. Қорытынды бөлім
“Күн шуақты алаңқай» жаттығу
Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру .
Нұсқау:Елестетіңіз, күн шуақты көк шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты.
“Күн шуақты алаңқай” қызыл-сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.
Талдау:
Көңіл-күйіңіз қалай?
Алған әсеріңіз қандай ?
Мақсаттарға жеттік пе?
Жаттығулар рефлексиямен аяқталады (оқушылармен сабақты талдау). Қатысушылар бір-бірінің арқасына стикер жабыстырып,тілек жазады және алдарындағы жатқан эмоция бейнесін таңдап,тренинингтен алған әсерлері жайлы әңгімелейді.
Мектеп педагог-психологы: Төлегенова С