Ша?ын ?ылыми жоба Диабет ауру емес — салауатты ?мір салты


№2 Песчан орта жалпы білім беру мектебі.

Тақырыбы: « Диабет –ауру емес, ол салауатты өмір .»
Орындаған: Ануварбекова Амина
Жетекшісі: Абраева Марал Болатқызы
Мазмұны
1.Кіріспе ...........................................................................................................3-4
2.Негізгі бөлім....................................................................................................5-13
2.1Диабет деген не?................................................................................................5
2.2Диабет эпедемиялогиясы..................................................................................6
2.3Диабетпен ауратындардың диетасы...............................................................7-11
2.4Лагерьдердің күн тәртібі, оларға қандай өзгерістер еңгізуге болады?.....12- 13
3.Қорытынды ......................................................................................................14-15
4.Пайдаланған әдебиет тізімі.................................................................................16
Кіріспе.
Осыдан 3 жыл бұрын менің ағам қант диабеті ауруына шалдыққан. Осы уақытқа дейін бұл аурумен өмір сүруді үйреніп , ағам жалпы орта білім беру мектебіндегі 8 сыныбында оқып жүр. Бірақ демалыс кезінде, әсіресе жазғы каникул кезінде, ағам балаларға арналған жазғы лагерьге бара алмайды. Себебі ондай диагнозы бар балаларды қабылдамайды. Сондықтан мен ойландым: не себептен жазғы лагерь бұндай балаларды қабылдай алмайды. Қазақстан бойынша ондай балалар аз емес олар қайтеді екен?
Менің ойымша егер де балалардың күн тәртібін реттеп, асхана мәзіріне қосымша тағамдар қосылса, немесе басқаға ауыстырылса , қант диабетімен ауратын бала басқа балалрдан еш айырмашылығы болмайды.
Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен «Диалог» атты халықаралық арнайы ғылыми журналын қарастырып, бір украин дәрігер мақаласында «Диабет ауру емес – ол салауатты өмір салты»деген екен. Неге олай айтқан екен? Сондықтан өз жобамның тақырыбын «Диабет - ауру емес – ол салауатты өмір салты» деп анықтадым.
Мақсатым: қант диабетімен ауратындардың мәзірі мен күн тәртібін зерттеп, баларға арналған жазғы лагерьдерде ондай балалрға да жағдай жаса алатынын дәлелдеу.
Міндеттерім:Қант диабеті деген не? Түсінік беру.
Диабет эпидемиялогиясы
Диабетпен ауыратындардың диетасы
Лагерьдердің күн тәртібі, оларға қандай өзгерістер еңгізуге болады?
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі уақытта жазғы демалыс орындарда қант диабеті ауратындарға жағдай жасау мүмкіндігін дәлелдеп көрсету.
Зерттеу болжамы: қант диабетімен ауратындарға көқарасын өзгерту. Олардың өмір жағдайын жасату.
Зерттеу әдістері
- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

2.Негізгі бөлім:
2.1 Диабет(лат diabetesmellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақ уыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегінөң дей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.


2.2 Диабет эпидемиялогиясы
Әлем бойынша 2010 жылғы жағдайға сәйкес шамамен 285 миллион адам қант диабетіне шалдыққан деп бағаланады. Ал 2011 жылы 366 миллион адам тіркелген. Салыстыратын болсақ, 1985 жылы 30 миллион адам осы аурумен ауырған. 15 жылдан соң бұл сан 150 миллионнан асты. Ал қазіргі кезде қант диабетіне шалдыққан аламдардың саны әр 12-15 жылсайын екі есе көбейуде. IDF-тің болжауымен, қазіргі қарқындар жалғасса, 2030 жылы олардың саны 435 млн-ға дейін өсуі әбден мүмкін.
Қазақстанда ВОЗ-дың мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10%, яғни миллионға жуық. Қант диабетінің кең таралуы бұл ауруды әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді.
Қант диабеті ауруына шалдыққан баланың жазғы демалыс лагерінде жағдай жаса алынатынын дәлелдеу үшін , біріншіден диабетпен ауратын балаларды диетасын қарастырып, кейін лагерьлерде ұсынылатын мәзірімен салыстырып қарастырайық.

2.3 Диабетпен ауыратындардың диетасы, қазіргі кезінде дені сау баланың тамақтану талаптарына сай. Тамағы құнарлы болу тиіс , барлық маңызды жағынан (ақуыз, майлар, көмірсулар және дәрумендер ) барынша теңдестірілген болу тиіс.
диетотерапия және тиісті режимді сақтау. Балалардың тамағы құнды болып, майларсыз, оңай қорытылатын, қанттары аз болуы керек. Тамақты күніне 5-6 рет ішкен дұрыс. Ауру баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер болуы керек (капуста, қияр, помидор, шалғам /редиска/, мүкжидек /клюква/, тәтті болгар бұрышы. Балалардың организмі өсіп келе жатқандықтан ақуыз мөлшері азайтылмайды. Кәмпит, қант, варенье, бал, торт мүлдем беруге болмайды. Біздің өнеркәсібіміз қант диабетімен ауыратындарға арнайы тамақтар шығарады: нан, шұжық, варенье, кәмпит, вафли құрамында қанттың орныны сорбит, ксилит қолданылған. Газдалған сусындар мен алкогольді ішімдіктер ішпеу. Белок мөлшері де шектелмейді. Мысалы диабетпен ауратын баланың мәзірі:
Таңғы ас
1 кесек қара нан 1 шай қасық маргарин1/4 кесе сүзбе немесе 1 жұмыртқа1/2 кесе сұлу ботқасы 1/2 стақан сүт1/2 банан
Түскі ас
120г қуырылған тауық төсі2/3 кесе пісірілген қоңыр күріш
1 кесе ас бұршақтан пісірілген көжеқияр немесе салат1 тоқаш тұтас дәннен піскен , 1 шай қасық маргаринВинегрет 1 кесе2 абрикос
компот
Полдник
( Күніне 2 рет болуы мүмкін.)2 қантсыз ( қант алмасты бар) печенье30 грамм ірімшік немесе 1 алма1 стақан айран
Кешкі ас
1/2 кесе гречка1 кесе қызанақтан салат1 маленькое яблоко
лимонмен шай
Ал лагерьлерде ұсынылатын мәзіртаңғы ас— май мен нан— ірімшік— Запеканка сүзбеден пісірілеген— пісірілген жұмыртқа.— лимонмен шайТүскі ас — ас бұршақтан пісірілген көже
қияр— сиыр етінен палау
венегрет— Компот Подник— Айран— ПеченьеКешкі ас— қызанақтан салат— қуырылған тауық еті— Картоп пюре— Жемістер— лимонмен шайекінші кешкі ас—сүт— алма қосылған пирог
Мұқият қарасақ, мәзірлерінде өте көп, маңызды өзгерістер жоқ. Тек қанты бар тағамдарды қантсыз тағамдармен ауыстырылған.Олай болса, кез келген лагерьдің асханасында бұндай мәзірді дайындау мүмкін. Ал екінші жағдай бұл балалардың күн тәртібін ұйымдастыру
 Шет елдерде бұл дертке шалдыққандар өз өмiрлерiне соншалықты түңiле қарамайды, керiсiнше, оны созылмалы аурулардың бiрiне жатқызып, қант диабетiн өмiр салты науқасы деп есептейдi. Өмiр салты деген сөз бүгiнде әрбiр адамға түсiнiктi болар деп ойлаймын. Оған дұрыс тамақтану, күн тәртiбiн сақтап, спортпен айналысу жатады. Қант диабетi спортты, яғни қимыл-әрекеттi, қозғалысты қалайды. Сол себептi қант диабетi деген диагноз қойылған адам ең алдымен дәрiгердiң ақылкеңесiне құлақ қойып, оның белгiлеп берген ем-домын қабылдаумен бiрге, өзiне спортты серiк ете бiлсе, қауiпсiз өмiр сүре алады.
Балалар дені сау балалармен бірдей еңбек еткені жөн. Оларға дене еңбегі тіпті қажет, сондықтан спортпен айналысу пайдалы. Шамасына қарай спортпен шұғылданатын науқастың дәрілерін азайтуға мүмкіндік пайда болып, қатты асқынудан сақтайды. Тек қана есінен танатын жағдайда ғана төсек тартып жатуына болады.
Олай болса, лагерьдегі өмірден науқасты балалар қалмауы мүмкін. Лагерьлерде жиі өткізілетін шығармашылық, көңіл-күй, әзілді шараларға науқас балалар толық қатыса алады. Ал спорттық шараларды алсақ, өте қатты қүш салуды қажет ететін шашарлға қатысуға тыйым салынған, дегенмен ондай балаларға да қатысу амалдарын табуға болады. Ол үшін әр бала «диабет мектебінде» қандағы қантын өлшеп, жаттығуына байланысты өзіне қажетті көмірсуді қабылдауды үйренген.
Ол үшiн күніне 2-3 рет қандағы қанттың мөлшерiн анықтап тұру тиіс.
жаттығу түрі жаттығудың алдындағы қанты жаттығулар алдындағы көмісуды қабылдау жаттығулар кезінде көмірсуді қабылдау. жаттығулардан кейін көмірсуды қабылдау.
Жеңіл жаттығулар (прогулка пешком
жаяу жүру). 7 ммоль төмен 10-15г Начиная со 2ч
2 сағаттан кейін 10г 1 сағаттан
7 ммоль жоғары Керек емес Орташа дене жүктемесі (бег жүгіру) 7 ммоль төмен 25-50г 15-25 г/час 50 г1 сағаттан кейін
7-10 ммоль 10-15г 15-25 г/час 10-15 ммоль Керек емес 2 сағаттан кейін15-25 г/сағ 2 сағ кейін көмірсуы мол тамақ
Ауыр дене жүктемесі (футбол) 7 ммоль төмен 50г 25-50 г 50 г 1 сағаттың ішінде
7-10 ммоль 25-50г 25-50 г 10-15 ммоль 10-15г 2 сағ кейін 25-50 г/ч 2 сағ кейін көмірсуы мол тамақ
Лагерьде барлық шаралар жоспарланған, сондықтан көмірсуы бар тағамдарды алдын ала жеп, қантын нормада ұстау мүмкін. Және орта, ауыр дене жүктемелі жаттығуларды 1-2 сағаттан артық өтуі мүмкін емес.


2.4 Енді лагерьдегі күн тәртібін қарастырып, салыстырып көрейік.
8.30— Қайырлы күн! Ұйқыдан ояну
8.40 — таңғы жаттығу
9.00 - жуыну
9.15 — таңғы ас
9.30 — отрядтың жұмысы
9.45 — корпустарды жинау
10.00 — спорт сағат
11.00 — өз қызығушылығымен айналысу
13.30 — түскі ас
14.00 — күндізгі ұйқы
16.00 - ояну
16.30 - полдник
16.45 — спорт ойындар, үйірмелер жұмысы
19.30 — кешкі ас.
20.00 — отрядтың, жалпы лагердің шаралары
21.00 — кіші балалар ұйқы кезі
22.00 — үлкен балалар ұйқы кезі
Байқасақ, бұл күн тәртібі сау балаға да, науқас балаға да келіп тұр. Тек бір ғана өзгеріс еңгізілу тиіс таңертең 8.30 дан 8.40 дейін аралығында және түскі ұйқыдан кейін  қантын өлшеп күнделігіне жазу
8.30— Қайырлы күн! Ұйқыдан ояну қантын өлшеу
8.40 — таңғы жаттығу
9.00 - жуыну
9.15 — таңғы ас
9.30 — отрядтың жұмысы
9.45 — корпустарды жинау
10.00 — спорт сағат
11.00 — өз қызығушылығымен айналысу
13.30 — түскі ас
14.00 — күндізгі ұйқы
16.00 — ояну, қантын өлшеу.
16.30 - полдник
16.45 — спорт ойындар, үйірмелер жұмысы, қантын өлшеу
19.30 — кешкі ас.
20.00 — трядтың, жалпы лагердің шаралары
кіші балалар ұйқы кезі, қантын өлшеу
22.00— үлкен балалар ұйқы кезі
Қорытынды.
Диабет ауруына шалдыққан бала 7 ережені сақтау тиіс:
1. Ерте тұру.
2. орта тазалығын ұстау.
3. дене шынықтыру
4. үнемі денені таза ұстау
5. үнемі сергек жүру
6. артық тамақ ішпеу
7. көп ұйықтап жалқау болмау.
Міне , бұлардың барлық адамдардың денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі.Лагерьдегі сау балалар осы ережелерді сақтап үйренсе, қате болмайды деп ойлаймын. Балалар осы айтылған 7 өсиетті орындаса міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын  дені сау,құрыш білекті, батыл жүректі, саналы, салауатты өмір салтын орнықтыруға  дайын , толыққанды ұрпақ  болып өсуді тілеймің .

Осы жұмысымда диабет науқас балаларды ңпроблемаларымен таныстырдым,
Диабет ауратын балалар басқа балалардан еш қандай кемшіліктері жоқ екенін дәлелдедім.
Қазіргі кезінде бұндай балаларды біріктіпіп кез келген лагерде 1 отряд болсын науқас балалардың бастарын қосуға болады екенін дәлелдедім
Ендеше алдыма қойылған мақсаттарына жеттім деп ойлаймын
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Ғылыми журнал «Диалог» №1, 2013 ж
2. .Ғылыми журнал «Диалог» №2, 2013 ж
3. .Ғылыми журнал «Диалог» №3, 2013 ж
4. .Ғылыми журнал «Диалог» №4 2013 ж
5. « Мектеп және диабет» анықтамалық кітапша