Саба?ты? та?ырыбы: Алюминий ?осылыстары. Алюминий ?ндірісі.


Сыныбы : 9
Химия пәні 23.01-2015ж
Сабақтың тақырыбы Алюминий қосылыстары. Алюминий өндірісі.
Мақсаты Алюминий қосылыстары, алюминий өндірісі туралы білімдерін қалыптастыру
Күтілетін нәтиже А. Алюминий қосылыстары, алюминий өндірісі туралы мағұлмат біледі.
В. Алюминий қосылыстарын пайдалана отырып сарамандық жұмыс жасай алады.
С. Алюминий қосылыстарын пайдалана отырып, есеп шығара алады.
Керекті жабдықтар Алюаиний хлориді, натрий гидроксиді, интерактивті тақта, маркер, флипчарт,
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Саламатсыздарма оқушылар (психологиялық ахуал қалыптастыру)
Орнымыздан тұрайық
Көзімізді жұмайық,
Көзімізді жұмып ап,
Жаксы ойлар ойлайық.
Жақсы ойлар ойлап ап,
Сабағымызды бастайық.
Топқа бөлу. АІ(ОН)3; АІ2(SO4)3 ; AI2O3 (3мину)
Үй тапсырмасын тексеру Тест (интерактивті тақтадан көрсету)
Жақсы тілек ойлайды.
Оқушылар топқа бөлінеді,топ ережесін құрастырады.
Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Бірін-бірі бағалайды. Бағалау шкаласын қолданып.
Тұсаукесер Бүгінгі сабағымызда сіздерді топқа бөлген кезде не себептен олай жасадық деп ойлайсыздар?
Сабақ критерийн құрайық (5мин) Себебі біз өткен сабағымызда алюминий өттік, енді бүгінгі сабағымызда оның қосылыстарымен танысамыз.
Бүгінгі сабақта не білуіміз керек?
А. Алюминий қосылыстары, алюминий өндірісі туралы мағұлмат білеміз.
В. Алюминий қосылыстарын пайдалана отырып сарамандық жұмыс жасай аламыз.
С. Алюминий қосылыстарын пайдалана отырып, есеп шығара аламыз.
Негізгі бөлім І топ Алюминий қосылыстары
ІІ топ Алюминий өндірісі
ІІІ топ Алюминий пайдасы мен зияны
Постер дайындау (25мин)
Сарамандық жұмыс көрсету
АІСІ3+ NaOH
Не байқадық? Интернет желісін пайдаланып, алюминий пайдасы мен зиянын жазады. Қалған екі топ кітаппен жұмыс жасап постер қорғайды.
Тұнба түзілді. Яғни алюминийді анықтадық
Қорытынды «Серпілген сауал» әдісі арқылы бекіту(5мин)
Әр топ бір-біріне доп лақтырып бүгінгі сабақты қалай меңгергендіктері туралы сұрақ қояды. Есеп шығару 213 грамм алюминий хлориді натрий гидроксидімен әрекеттескенде қанша грамм, қандай мөлшерде тұнбаға түзіледі?
Үйге критерий бойынша берілген есептерді шығарып келу.(почталарына критерийлерімен есеп жіберу) кері байланыс.
Сабақ туралы рефлексия жасау Сабақты қалай меңгергендері туралы сұрақтарға жауап береді.
Оқушы тест бойынша бірін-бірі бағалайды.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс айту арқылы бағалайды.
Сабақты қалай меңгергендіктері туралы жазады
Үй тапсырмасын тексеру
Сілтілік жер металдарының химиялық қасиеттерін қайталау мақсатында «сәйкестік тестісі» жұргізіледі:
2Ca+O2= CaH2
Ba+2H2O= MgO+CO2
MgCO3= 2CaO
Ca+H2= Ba(OH)2+H2
CaO+H2O= CaCO3+H2O
Ca(OH)2+CO2= BeCI2
Mg+S= Ca(OH)2
Be+CI2= MgSТаңдамалы тесті:
1) Ca→ CaO→ X айналу тізбегіндегі «Х» заты:
А) CaO Ә) Ca(OH)2 Б) CaH2
2) Э→ Э2O→ ЭОН айналу тізбегіндегі «Э» элементі:
А) Mg Ә)Ba Б) Na
3) Кальций сульфаты кристаллогидратының формуласы:
А) CaCI2 Ә) CaSO4*2H2O Б) CaSO3
Оқытушылық Химиялық диктант1. Алюминийдің атомдық құрылысы. ........2. Алюминий табиғатта таралуы бойынша.... орында тұр.
3. Жер қыртысының негізгі массасын....құрайды.4. Қосылыстарындағы тотығу дәрежесі......5. Алюминийдің табиғаттағы негізгі қосылыстары..........6. Алюминийдің кристалдық торы......7. Алюминий азот қышқылымен әрекеттеспейді, себебі............
1.Зат мөлшері 0,2 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль сутек бөлінеді?
Сабақ бойынша бағалау парағы
Оқушының аты-жөні Топқа бөліну Жеке жұмыс
тест (үй жұмысы) Постер қорғау Қорытынды баға
Есеп шығару Үйге почталарына есеп жіберу. Критериймен.
Металдар. Алюминий.
І нұсқа
І деңгей
1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы
2. Маңызды алюминий қосылыстарының формулаларын жазыңдар:
а) Корунд –
ə) Боксит –б) Каолинит –
ІІ деңгей
3.Берілген заттардың : Н2О, NаОН, НСІ, Nа2СО3, SiО2 ,СО2 қайсысымен
алюминий оксиді əрекеттеседі? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін
жазыңдар.
4. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін
жазыңдар:
АІ → АІ2O3 → АІСІ3 →АІ(ОН)3 →АІ2(SO4)3
ІІІ деңгей
5.Массасы 2,7 г алюминийді еріту үшін массалық үлесі 10% күкірт
қышқылы ерітіндісінің қандай массасы қажет болатынын есептеңдер.
6.Алюминтермия процесінде 80 г темір (ІІІ) оксидінтотықсыздандырғанда 42,5 г темір алынды. Теориялық мүмкіндікпен
салыстырғандағы өнім шығымын (%) анықтаңдар.
Металдар. Алюминий.
ІІ нұсқа
І деңгей
1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы
2. Мүмкін болатын реакция теңдеуін аяқтаңдар.
АІ + Br2 → AI + Cr2O3 →
AI + H2SO4 → AI + NaOH + H2O →
ІІ деңгей
3.Берілген заттардың : Н2О, NаОН, НСІ, Nа2СО3, О2 ,СО2 қайсысымен
алюминий əрекеттеседі? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін
жазыңдар.
4. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін
жазыңдар:
АІCI3 → АІ(OH)3 → АІ2O3 → NaАІО2
ІІІ деңгей
5.Құрамында 30 г АІСІ3 бар ерітіндіге калий гидроксидінің ерітіндісінқұйғанда тұнбаға түсетін алюминий гидроксидінің массасы қанша?
6. Алюминий хлоридін үш тəсілмен алыңдар. Молекулалық жəне иондық
теңдеулерін жазыңдар.
Облыстық семинардан көрініс
23.01-2015 жыл Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №6 ЖОББМ
Жаратылыстану бірлестігі


Топқа бөлу


Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру сәті
Облыстық семинардан көрініс
23.01.2015ж

АКТ мүмкіндіктерін қолдану сәті

Топтық жұмыс

Постер қорғау сәті

АКТ қолдану, сарамандық жұмыс көрсету сәті