?а?ылтырдан ?ала? жасау (7 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Қаңылтырдан қалақ жасау
Сабақтың мақсаты:
1.Металдардың түрлерін, қасиетін еске түсіру, металдарды белгілеп
қалақ жасаудың әдіс- тәсілдерін үйрету.
2.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары
қалыптастырып, дамыту.
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас, сарамандық
Пән аралық байланыс: сызу, химия, математика, физика
Көрнекіліктер және қажетті құрал саймандар:
1мм қалыңдығы қаңылтыр кесінділері, 6 мм дөңгелек сымдар, сызғыш, балға, белгі салғыш, қайшылар, ағаш дайындамалар, дайын бұйымның үлгілері, технологиялық карта, үлгілер, қыспақтар, қысқыштар, егеулер, тойтарма шегелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Түгендеу
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып кету
ІІ. Өткенді еске түсіру.
1. Металдардың қандай қасиеттері бар?
а) физикалық қасиеті- түрі, түсі, балқу температурасы, жылу,
электр өткізгіштігі
ә) механикалық қасиеті- қаттылығы, серпімділігі, беріктігі,
иілгіштігі
б) химиялық қасиеті- тоқтануға қарсылығы
в) беріктік- өздеріне түскен күштің әсерінен сынбауы
г) қаттылық-металдардың қатты заттың түсірген әсерінен қарсы
төзімділігі
ғ) серпімділік-оларға түскен күш тоқтаған соң өздерінің алғашқы
қалпына келуі
д) тотануға қарсылық- металдың коррозияға қарсы шыдамдылығы
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қалақ жасау- көрсетіп қажеттілігін түсіндіру
Жасалу жолдарын технологиялық карта бойынша түсіндіру
Іс жүзінде қалақ жасау жолдарын көрсетіп түсіндіру
а) Қаңылтырды түзету
ә) Үлгі арқылы белгілеу ( екі оқушы орындаған жөн)
б) Майыстыру - технологиялық карта бойынша ағаш кесінділерді
пайдаланып
в) Сап жасауды көрсетіп майыстыру
г) Саптың тесетін жерін балғамен ұрып жалпақтау, егеу
ғ) Белгі салып тесу
д) Тойтарма шеге арқылы бекіту
ІҮ. Өз бетімен жұмыс (жұпқа бөлу)
1.Жұмыс басталмай тұрып, техникалық қауіпсіздік ережесін ескерту
2. Әр оқушының жанына тоқталып, іс жүзінде жұмыстың
орындалу ретінде көмек көрсету.
Ү. Қорытынды:
1. Әр оқушының жасаған бұйымын қабылдап баға беріп, жіберген
қателерін қайта түсіндіру.
2.Қорытынды сұрақтармен жаңа сабақты бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма: Үйдегі қалақтарды көріп, оларға баға беру.