Тест на тему:Буыная?тылар типі


Буынаяқтылар типі
1.Денесі екі жақты симметриялы, денесі хитинмен қапталған, аяқтары бунақталған көпжасушалы жәндіктер :
а )былқылдақ денелілер ; ә )буынаяқтылар; б)тікентерілер; в )жұмыр құрттар; г)жалпақ құрттар
2.Шаянтәрізділердің дене бөліктері:
а )бас, көкірек, құрсақ ; ә )баскөкірек,құрсақ; б)көкірек,құрсақ; в )бас.құрсақ; г)бас, көкірек, құрсақ, аяқ
3.Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі:
а )бездер; ә )мальпигий тамырлары, сатанбез; б)бүйрек; в )несепағар; г)түтік
4.Өрмекшітәрізділерге жатады:
а )дәуіт; ә )мизан; б)шегіртке; в )инелік; г)маса
5.Өрмекшітектестерде бірінші жұпаяқ атауы:
а )күйісаяқ; ә )тұтқыаяқ; б)жүретін аяқ; в )жүзетін аяқ; г)секіретін аяқ
6.Өрмекшітәріздестерде жүретін аяқ саны:
а )2; ә )4; б)3; в)8 ; г)6
7.Өрмекшітәрізділердің тынысалу мүшелер3:
а )өкпе; ә )желбезек; б)демтүтік,өкпе қапшығы; в )демтүтік; г)демтүтік,желбезек,өкпе
8.Астың ішектен тыс қорытылуы:
а )жұмыр құрттар; ә )жалпақ құрттар; б)тікентерілер; в )өрмекшітәрізділер; г)шаянтектестер
10.Суда тіршілік ететін өрмекшітәрізділер:
а )кене; ә )бүйі; б)қарақұрт; в )айшықты өрмекші; г)мизан
11.Дара жынысты жәндіктер,жұмыртқа арқылы,кейбіреуі тірілей туып көбейеді:
а )көбелектер ; ә )тарақандар; б)шаянтәрізділер; в )өрмекшітектестер; г)кенелер
12.Кене дернәсіліндегі аяқ саны:
а )8; ә )6; б)5; в)4; г)7
13.Энцефалит ауруын тудырады:
а )мамық кене; ә )тайга кенесі; б)ит кене; в )жайылым кенесі; г)нәзікбас
14.Пироплазмоз ауруын тудыратын кене:
а )алма кенесі; ә )қышыма кене; б)нәзікбас кене; в)берішкене ; г)шашкене
15.Бунақденелілерді зерттейтін ғылым:
а )гельминтология ; ә )энтомология; б)малакология; в )арахнология; г)зоология
16.Бунақденелілерге жатады:
а )бүйі; ә )құршаян; б)тарақан; в)қарақұрт ; г)асшаян
16.Ауыз мүшесі сүзіп -жалаушы
а )құмырсқа; ә )шыбын; б)көбелек; в )суаршын; г)балара
17.Ауыз мүшесі кеміруші:
а )тарақан; ә )суқандала; б)инелік; в)шыбын ; г)зұламат
18.Ауыз мүшесі кеміріп -жалаушы:
а )қоңыз; ә )көбелек; б)құмырсқа; в )балара; г)тарақан
19.Шала түрленіп дамиды:
а )шаншарлар; ә )бүргелер; б)қоңыздар; в )шыбындар; г)инеліктер
20.Толық түрленіп дамиды:
а )дәуіттер; ә )инеліктер; б)шегірткелер; в )биттер; г)қоңыздар