?леуметтік желі дерт пе, алде ?ажет пе? та?ырыбында 11-сынып о?ушылары арасында?ы дебат-пікірталас ойыны


« Әлеуметтік желі дертпе, әлде қажет пе?» дебат-пікірталас ойыны.
Сынып: 11 «А», 11 «Б», 11 «Ә»
Мақсаты:
Білімділік: Әлеуметтік желі – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, қорытындылау;Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын тиянақты айта білуге, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауға ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге баулу;Дамытушылық: Оқушыларды өз көзқарасын білдіруге, оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі1. Сәлемдесу.2. Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру
Жүргізуші:
Салеметсіздерме құрметті ұстаздармен, оқушылар. Ақпараттық технология заманның қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Интернет алғаш 1968 жылы ARPANET деген атпен АҚШ-тың әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген желісінен құрылған. 80-жылдың аяғында INTERNET глобалды жүйеге айналды. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен  интернет төңірегінде болмақ. Әлеуметтік желі дертпе, әлде қажетпе? Деген тақырыпта жақтаушы және даттаушы топтар пікір-таласпақ, ал кім даттаушы, кім жақтаушы екенін тенге лактыру аркылы аныктадық яғни
11 « » сынып оқушысы
жақтаушы топ «Ақиқат» тобы, яғни әлеуметтік желінің дерт екенін дәлелдемек, ал екінші
11 « » сынып оқушысы
даттаушы топ «Парасат» тобы болмақ, яғни жақтаушы топтың дәлелдемелерін теріске шығарып, өз позицияларын ұсынып әлеуметтік желінің қажеттілігін алға тартамыз.
Бүгінгі дебат-пікірталас ойынымыздың қатысушыларының сөйлеу мәдениетіне, шыдамдылықтарына, ақиқат-шындықты дәлелдемелеріне, сыйластықтарына баға беруші сарапшыларымызбен таныс болайық:
Негізгі ережелер: Қатысушылар сіздердің міндеттеріңіз құрылымды сақтау , сөйлеу мәдениетін, шыдамдылықтарыңызды,  шындықты алға тарту, бір-бірлеріңізге сыйластық таныту .
1.Әр топ өздерін таныстырады (3 минут)2.Пікір-таласу (12 минут)3.Екі топ өзара сұрақ алмасады (10 минут)4.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары. Жауап беру (10 минут).5. Сарапшыларды тыңдаймыз (10 минут)
6. Қорытынды
Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік.
Таныстыру. Уақыттарыңыз-3- минут
2 бөлім өз ойларыңызды ортаға салыңыздар, қашан? Қалай? Не үшін? Осындай позицияны ұстану себептеріңіз.
3 кезеңіміз бойынша бір-бірлеріңізбен сұрақ алмасу кезеңі Даттаушы топ жақтаушы топқа сұрақтарыңыз.
4 бөлім көрермендер бүгінгі тақырыптың негізінде сұрақ қоюларыңызға рұқсат.
5 бөлім сарапшыларымыздың шешімін тыңдайық, жақтаушы сөз өз позицияларын дәлелдеп шындықты көрсете білдіме, даттаушы тобымыз парасаттылық танытып өз ойларын жеткізе алдыма, қай ьтоптың ұсыныстары басымдылық танытты.
Сөз кезегін сарапшы:
Қорытынды.
Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай  өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.
Мағжан Жұмабаевтың   «Мен  жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде  бейнелеген.
Тау суындай гүрілдеп,
Айбынды алаш елім дер
Алтын арқа жерім дерМен жастарға сенемін!
Қажу бар ма сұңқарға
Талу бар ма тұлпарға
Иман  күшті олардаМен жастарға сенемін!
Алаш айбынды  ұраны,
Қасиетті  құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін – дегендей ,ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар –дейміз.