Информатика п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар. Та?ырыбы: Анимация ?серлерін баптау


Тексерілді ДОІЖО
Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Мұғалімнің аты-жөні: Музафаров М
Күні: 09.12.2016 ж
СЫНЫП: 11,Ә үйірме Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Жаңа тақырып туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсніу
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы орындай алады: Мәтіндік редактордың қызметі, программа интерфейсі және құжаттарды құру, сақтауды үйрету.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Мәтіндік редакторға графикалық суреттерді кірісітіре алады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Мәтіндік редактордың суреттер кітапханасымен жұмыс істей алады.
Тілдік мақсат: Жалпы терминдерді түсіндіру
Ресурстар: Үлестірмелі материалдар, АКТ, маркерлер
Пәнаралық байланыс: Математика, геометрия, сурет
Алдыңғы оқу: САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Миға шабуыл, Жигсо, Спираль
Топтастыру әдісін пайдалану сұрақ-жауап немесе диалог арқылы үй жұмысын тексеру, СТО стратегиялары: Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрду. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну): Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Топ бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау. Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): құжаттарды құру және теру;
қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;
кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау; Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылады.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
ЖАҢА САБАҚ
12 минут
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру); « Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері, Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағанасын аштыру Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, картаға кескіндеу, картамен жұмыс жасау.
Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды.. САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей (білу, түсіну): Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру. Жұптық жұмыс.
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді. Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)
Анимация әсерлерін баптауды үйреніп біліп келу. Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Анимация пішімдеу амалдарын біліп келу.
Тапсырманы орындағанға «4» баға қойылады.
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Көркем жазуларды кірістіру және пішімдеу амалдарын біліп келу, қосымша материалдар жасап келу.
Тапсырманы орындағанға «5» баға қойылады.
БАҒАЛАУ
3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.
6-8 балл жинаған оқушыларға «4» баға қойылады.
9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады. КЕРІ БАЙЛАНЫС
Екі жұлдыз бір тілек Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?
Модератор: