Заттарды? ауада жануы. Химиялы? реакцияны? жылу эффектісі. Термохимиялы? те?деулер


Сабақ№36 Сыныбы:8 а
Сабақтың тақырыбы.  Заттардың ауада жануы. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер
Сабақтың мақсатыБілімділік: Реакцияның жылу эффектімен таныстыру, экзотермиялық және эндотермия- лық реакциялар жайлы ұғым қалыптастыру, жаңа ұғым «термохимиялық теңдеу» туралы мағлұмат беріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.Дамытушылық: Белгілі бір мазмұнға сын тұрғысынан қарау арқылы оқушылардың ойын , белсенділіктерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технология элементтеріКөрнекілігі: кесте , слайдтар, электронды оқулықтар.Пәнаралық байланыс: физикаСабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі:ІІ. «Ой қозғау»ІІІ. «Қызығуды ояту»ІҮ. «Мағынаны тану»Ү. «Тақырыпты бекіту»ҮІ. «Білімді тиянақтау»ҮІІ. Сабақты бағалау:ҮІІІ. Үйге тапсырма:І. Ұйымдастыру кезеңі:(сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.)Бүгінгі сабақтың ұраны: «Білім – таусылмас кен»ІІ. «Ой қозғау»Үй тапсырмасын тексеру:(өткен тақырып бойынша сұрақ қойылып, үй тапсырмасын қаншалықты меңгерген дәрежесі анықталады)
1. Оттектің латынша атауы, таңбасы, реттік нөмірі.
2. Өршіткі деген не?
3. Лаборторияда оттекті алу жолдары.
4. Оксидтер дегеніміз...
5.Атмосферадағы бос оттектің мөлшері.
6. Жер қыртысындағы оттектің массасы.
7. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы.
8. Жану реакциялары дегеніміз...
ІІІ. «Қызығуды ояту»а) «Кім жылдам? » ойыны.Берілген элементтерден оксидтердің формуласын құру.Na , Ca, Fe, K, P, Al, Cl, S.ә) Сөзжұмбақ шешу:Сөзжұмбақты шешу арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
1.Тыныс алу үшін қажетті элемент.
2. Химиялық элементтердің периодтық кестесін жасаған ғалым
3. Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын зат.
4. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.
5. Екі немесе одан да көп бөлшектерден тұратын заттар қалай аталады?
6. ІІІ-периодта, ҮІІ-топтың негізгі топшасында орналасқан элемент
7. Біреуі оттек болып еклетін екі элементтен
құралған қосылыс.
8. Алтынның латынша атауы
9. Денелердің пішінінің өзгеруі қандай құбылысқа жатады?
10. Химиялық құбылыс дегеніміз – химиялық
1. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс.
Реакцияны теңестір
а) Mg + O2 — MgO а) Fe + O2 — Fe2O3
ә) Ag2O — Ag + O2 ә) P + O2 —P2O5
ІҮ. «Мағынаны тану»- Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.- Жаңа білімді меңгерту.1) Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптарды еске түсіру сұрақтары:- химиялық реакцияның жүру белгілері қандай ?- жану реакциясы дегеніміз не?- жылудың қандай түрлерін білесіздер?- ішкі энергия дегеніміз не? 2) оқулықпен жұмыс:Химиялық реакциялар , әдетте, жылу түрінде энергия бөле немесе сіңіре жүреді.Жылу бөле жүретін реакция – экзотермиялық реакция деп аталады.«Экзо» гректің «сыртқа» деген сөз. Мысалы
CaCO3→ CaO+CO2 C+O2 = CO2 (№1 көрсетілім)Жылу сіңіре жүретін реакция – эндотермиялық реакция деп аталады. «Эндо» гректің «ішке» деген сөзі.Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффекті деп аталады. 2KMnO4→K2MnO4 + MnO2 + O2 –Q (№2 көрсетілім) Жылу мөлшері джоуль (Дж) немесе килоджоуль (кДж) арқылы белгіленіп,калориметрмен өлшенеді. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды Q (ку) әрпімен белгілейді.
C+O2 = CO2 + Q (+Q жылу бөліну)
N2 + O2 = 2NO –Q (-Q жылу сіңірілу)Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар – термохимиялық теңдеулер деп аталады.
C+O2 = CO2 + 402,24 кДж
2H2O →H2 + O2 -571,6 кДжХимиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы бірнеше факторларға:- әрекеттесуші заттардың табиғатына;- температураға;- реагенттердің мөлшеріне;- реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне тәуелді болады.
Температураға тәуелділігі. +250С-тағы жылу эффекті стандартты болып саналады.
Реагенттердің мөлшеріне; Химиялық реакцияның жылу эффектісі стандартты жағдайда химиялық реакция кезінде 1 моль өнім алғанда бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшерімен анықталады.
Реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне тәуелді болады
2H2+O2 = 2H2O(r) +467,6 кДж 2H2+O2 = 2H2O(с) +571,6 кДж
1кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін меншікті жану жылуы деп атаймыз. 3) Жанудың басталуы және оны тоқтату шаралары. Химия кабинетінде өрттен сақтану шаралары.
Затты ауада жағу үшін оны белгілі температураға дейін қыздыру керек. Ол заттың тұтану температурасы деп аталады.
Қорытынды Кез келген химиялық реакция кезінде жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері реакцияның жылу эффекті болады.
Ү. Тақырыпты бекіту.
а) оқулық бойынша № 6 жаттығуды орындау.(ауызша)
ә) есеп шығару: Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер жүргізу:1. Термохимиялық реакция теңдеуі бойынша мынадай жылу бөлінеді: C + O2 → CO2 + 393 кДж 2 г көмір жанғанда қандай жылу бөлінеді?2. реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: 2Н2 + О2 → Н2О + 570 кДж 80 г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар?3. Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: 4Р + 5О2 → 2 Р2О5 + 3010 кДж 31 г фосфорды жағу кезінде бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар?ҮІ. «Білімді тиянақтау»Гарфикалық диктант. «ия», «жоқ».1. Жану реакциясы кезінде жарық және жылу бөлінеді. Ия2. Жылу бөле жүретін реакция – эндотермиялық. Жоқ3. Оксидтер дегеніміз екі элементтен тұратын, біреуі оттек болып келетін күрделі қосылыс. Ия4. «Эндо» гректің «ішке» деген сөзі. Ия5. Жылу мөлшері грамм арқылы белгіленеді. Жоқ6. Жылу мөлшері калориметрмен өлшенеді. Ия7. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар – термохимиялық теңдеулер деп аталады. Ия8. Жылу мөлшері ку әрпімен белгіленеді. ИяҮІІ. Сабақты бағалауҮІІІ. Үйге тапсырма § 28. № 7 есеп