«О?ытуда сын т?р?ысынaн oйлayды пайдалану»


Тақырыбы: «Оқытуда сын тұрғысынaн oйлayды пайдалану»
Мақсаты: Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерді анықтайды.
Оқу нәтижесі Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
1 Сабақ барысы Сабақ бөлімі Уақыт Тренердің іс- әрекеті Тыңдаушылардың іс-әрекеті
Психология лық ахуал туғызу 10 мин Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу
«Допты ұсыну...» Шаттық шеңберіне тұрғызылады. Доп арқылы бір мұғалім бүгінгі күні не істегенін үш сөзбен айтады, келесі мұғалім сол мұғалімнін айтқанын қайталап, өзінін әрекетін қосады бір сөзбен)
Топқа бөліну 5 мин Суреттер ұсынылады:
Тыңдаушылар суреттердің бастапқы әріптері бойынша топтарға бөлінеді
Ой шақыру 10 мин Жарайсыздар, сіздер топқа бөліну барысында біреуіңіз ортаға идея тастап, логика қосып, бұл суреттер бойынша қалай бөліну керектігін ұқтыңыздар, яғни сыни тұрғыснан ойлана алдыңыздар, солай ма?!
Сұрақтар:
«Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз....»?
«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту құралдары?» (тыңдаушылардың жауаптарына сай сұрақтар туындай беруі мүмкін). Тыңдаушылар өз пікірлерін білдіріп, жауап береді
Сын тұрғысынан ойлауға тапсырма 20 мин презентация көрсету; (тыңдаушылармен бірге талқылау)
Түрткі сауал: «Сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілдерін өз сабағыңызда «Қалай?» және «Не мақсатпен қолданар едіңіздер?» Тыңдаушылар «Ти» кестесіне толтырып, тұжырымдайды, кейін әр топ берілген сұрақтарды «Ти» кестесі бойынша талқылап, тиімдісін анықтап, сараптап, негіздейді.
Теориялық мағлұмат 25 мин -«Өте жақсы, тамаша, сіздер сабақтың басынан бастап немен танысып, қандай іс-әрекеттер жасадыңыздар?»
-«Дұрыс айтасыз,сыни тұрғысынан ойлау әдістерін көбіңіз білдіңіз, бәріңіз түсіндіңіз, сабақта былай қолданар едім деп, «Ти» кестесіне толтырып, топтарыңызбен талқыладыңыз», Яғни бұл нені білдіреді, «білу, түсіну, қолдану....» -«Өте жақсы, әрине Блум таксономиясы», ал жақсы қазір сіздерге мынадай ресурстар үлестіремін, топтарыңызбен талқылап, «105» стартегиясы бойынша 5 нақты мәселе жазып,ортаға шығып, тұжырымдайсыздар. тыңдаушылар өз жауаптарын ұсынады;
Тыңдаушылар пікірлерін білдіреді;
Әр топ бір мәселе «Блум таксономиясындағы» «Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалауға» 5 идеядан ұсынып жазады, кейін ортаға әр топ өздерінің жұмысын тұжырымдайды.
Бағалау 5 мин -«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалап, ұсыныстарын білдіреді. Тыңдаушылар бір-бірлерінің жұмыстарын формативті бағалайды
Сергіту жаттығуы 10 мин - «Күн шуағын шашады...»
Тыңдаушылар шеңбер құрып отырады, ортаға бір тыңдаушы шақырылады, ол қалғадарына «Күн сәулесін шашады...»(сырға таққандарға, көйлек кигендерге т.с.с) дегенде сол кісілер орындарын алмастырып, орындарына тез отырулары қажет, ал соңында ортада қалған тыңдаушы өз өнерін көрсетеді.
Кері байланыс 5мин «Алғыс білдіремін»
(Мұғалім әр оқушыға ынтымақтастық үшін рахмет айтқысы келетін балалардың бірін таңдауды және осы ынтымақтастыққа нақты неден байқалғанын түсіндіруді сұрайды. Таңдалатындар санынан мұғалімді алып тастау керек. Педагогтың алғыс айту сөзі соңғы болады. Бұл ретте бұл қошеметтің ең төмен мөлшері тиген оқушыларды таңдап, оқиғаның осы қатысушысына да ризалық сөздерін табуға тырысады) Тақырыбы: «Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау»
Мақсаты: Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерді анықтайды.
Оқу нәтижесі Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
2 Сабақ барысы
Сабақ бөлімі Уақыт Тренердің іс- әрекеті Тыңдаушылардың іс-әрекеті
Психологиялық ахуал туғызу 10 мин Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу
-«Өрмекші торы» Тыңдаушылар үлкен шеңбер құрып, өткен сабақ бойынша білгендерін, түйгендерін ортаға сала отырып, өрмекші торын құрады;
Топқа бөліну 5 мин Мұғалімдер «Атом және молекула» ойыны бойынша топтарға бөлінеді.
(Тыңдаушылар өзара бір-бірлерімен араласып жүреді. «Молекула үшеу», «Молекула төртеу» т.с.с айтуы бойынша топ құрып алады) Ой шақыру 5 мин Сұрақ:
-«Өрмекші торына қарай отырып бүгінгі сабағымыздың қалай және не өтетіндігіне болжам жасап көрейік?!»
-«Дұрыс айтасыздар, керемет! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау» болап табылады».-Жеке: «Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау» дегенді қалай түсінесіз? Тыңдаушылар жауап береді;
Тыңдаушылар жеке ойланып, топпен талқылайды)
Сын тұрғысынан ойлауға тапсырма 15мин «Ұшқыр ой»
-«Әріптестер, Мен қазір сіздерге сөздер оқимын, ал сіздер сол сөз бойынша өз түсініктеріңмен сөйлем құрастырып, жазып көріңіздер. Сонымен бастаймыз
-Питотский...
-Бала Питотскиді іздеп жүр...
-Бала Питотскиді анасы үшін іздеп жүр...
-Анасы Питотскиді жақсы көреді....
-Ол теңіз жағасында болады....(«Питотский деген солтүстіктегі теңіздерде болатын қымбат асыл тас. Одан әйелдерге әшекейлер жасайды» деп тренер өз сөйлемін аяқтайды, кейін тыңдаушылардың жазғанын тыңдайды).
-Сұрақ: Сіз бұдан не түйдіңіздер?
-«Әрине, дұрыс айтасыздар, әр қайсысыңыз әр түрлі ойладыңыздар, біреулеріңіз бірден түсіндіңіздер, біреулеріңіз бір кісінің фамилисы деп, әркім түрліше пікір білдірдіңіздер. Сонда сізге аз ақпарат беріліп отырды, ал сіздер әрі қарай өздеріңіз ойланып, жетілдіріп отырдыңыздар. Яғни, сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған жаттығулар кезінде ақпарат аз мөлшерде беріліп, бала көбірек ойланып, іздену барысы басты мақсат болу керек» Тыңдаушылар тренердің әр сөзі бойынша өз ойларымен сөйлем немесе сөз тіркестерін жазып отырады;
Тыңдаушылар жауаптарын ұсынады;
Теориялық мағлұмат 30 мин -Сұрақ: «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту үшін тапсырмаларды оқушыға қалай бағыттап құрар едіңіздер?»
-Жақсы, дұрыс айтасыздар, ал қазір осы айтылғандарыңыз бойынша және Арнайы ресурс таратамын «Оқуды жеке тұлғаға бағыттаудың он тәсілі» тақырыбында (үлестірме материалдары, 193 бет), топ мүшелері осы ресурспен танысып, кластер немесе инфосхема жасайсыздар, кейін «Айналмалы эстафета» әдісі бойынша талқылап, өзге топтарға түсіндіресіздер. Тыңдаушылар өз пікірлерімен бөліседі;
Тыңдаушылар жжеке оқып, топтарымен талқылап, кластер немесе инфосхема жасап, бір қорғаушы топта қалып, қалғандары өзге топқа барып, ондағы қорғаушының айтқанын түсініп, кейін осы келген топтың ішініен біреуі келесі топқа ол кісінің түсіндергінін барып айтады. Осылайша жалғаса береді (Мұнда сөйлемей қалған адам болмайды, бәрі де қорғап шығады, түсінеді).
Бағалау 10мин «Доллармен бағалау» Әр топ өзге топтарға жасаған жұмыстары, кластер бойынша, комментарий айтып 50, 20, 10 доллар табыстап, бағалайды.
Сергіту жаттығуы 5 мин «Көршінің суреті» әдісі (Әлімов, 163 бет). Тыңдаушы өзінің басына ақ бетті қойып, көршісінің бейнесін оған қарамай салады.
Кері байланыс 10 мин «3,2,1» әдісімен бүгінгі өтілген материалға кері байланыс жасайды.
Тыңдаушылар бүгінгі сабақ бойынша 3 факт, 2 қызықты нәрсе, 1 сұрақ немесе ұсыныстарын жазады.