Тарих п?нін о?ытуда жа?а технологиялар негізінде о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту


Тарих пәнінін оқытуда жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылығын дамыту
Мемлекеттің болашағы білімді ұрпақтың қолында. Білімді ұрпақты қалыптастыруда мемлекет ұстаздарға үлкен жауапкершілік артып отыр. Ұстаздың басты міндеті- жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуға, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Ұстаз аталмыш міндеттерді жүзеге асыруда ақпаратты технологияны тиімді қолданып, сапалы білім беруге көңіл бөлуі қажет. Сапалы білім оқушылардың сабаққа қызығушылығы болған кезде ғана жүзеге асады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-тарауында «Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғаламдық коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесіне үлкен талаптар қояды. Олай болса, оқушылардың білімін қоғамдық қажетті деңгеймен қамтамасыз ету, Отандық, ұлттық, әлемдік мәдениет арналарынан сусындату қазіргі заман мұғалімдерінің басты міндеті болып табылады. Жаңашыл педагогтар оқушыны дамытып қана қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік береді. Оны «жаңа технологиялардың» көмегі арқылы жүзеге асырады. Бұған мысал ретінде В.Ф.Шаталовтың тірек сызбалар арқылы оқыту әдісін айтар едім. Бұл әдіс жаңашыл жастарға арналған ең қолайлы, тиімді әдіс болып табылады. В.Ф.Шаталовтың қолданған әртүрлі әдістері түсіндіру, тірек сызбалар, оқулықпен жұмыс, өзара бақылау қағаздарын толтыру, т.б.
Мен өз сабақтарымда негізінен тірек сызбалар бойынша жұмыс істеймін. Бұл әдістеме көбінесе оқушылардың тарихи мәліметтерді тез ұғып, есте сақтауға және уақыт үнемдеуде көп көмек беруші құрал болып табылады. Қазақстан тарихын тереңірек үйретіп, молырақ білім беру баяндалған әдістермен шектеліп қоймасы анық. Сондықтан өз тәжірибемде қол жеткен кейбір пайдалы әдістерімді көпшілікпен бөлісіп, ортаға салуды жөн көрдім.
Тақырыбы: «Сақ тайпасының тарихы»
Кесте №1.
28438651736950Сақ тайпасы туралы деректер
2837180110490508437511049053266511035553284011303000
ГректерПарсыларИрандықтар
«Азиялық скифтер» «Құдіретті еркектер» «Жүйрік атты турлар»
Кесте №2.
Сақтардың тайпалық құрамы
№ Тайпа аттары Орналасқан жері
1 Аримаспы Шығыс Қазақстан
2 Савромат Батыс Қазақстан
3 Аргипей Солтүстік Қазақстан
4 Исседон Оңтістік Қазақстан
5 Массагет Оңтістік Қазақстан
6 Дай Оңтістік Қазақстан
Кесте №3.
Сақ тайпасының негізгі одақтары
286570002865507010170220
4356570103643Хаумаварга
(Хаома сусының дайындағандар)
0Хаумаварга
(Хаома сусының дайындағандар)
212448983820Тиграхауда
(Шошақ бөрік кигендер)
Тиграхауда
(Шошақ бөрік кигендер)
-32476173826Парадария
(Теңіздің арғы жағындағы сақтар)
Парадария
(Теңіздің арғы жағындағы сақтар)


Міне, заман талабына сай әр оқытушы өзі жүргізген пәндер бойынша жңа технологияларды тиімді пайдаланса, онда болашақ маманның білім сапасын тереңдетіп, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болар еді деп ойлаймын.
№10 жалпы орта білім беретін мектеп
8436-10341Баяндама
00Баяндама

Тақырыбы:
Тарих пәнінін оқытуда жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылығын дамыту
Оқыған: Бекетов С.А