«Диалог ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлауды дамыту»


Шебер сабақ жоспары
«Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»
Дайындаған: Абдрахманова Куляй Солтанқызы
Талдықорған қаласы, №9 орта мектептің ІІ деңгейлік курстан өткен бастауыш сынып мұғалімі, басшыға арналған біліктілік курсының тыңдаушысы.Мақсаты: Мұғалімдер диалог арқылы оқыту әдістерін тиімді қолданып, сыни тұрғыдан ойлаудың маңыздылығын түсіну.
Күтілетін нәтиже: мұғалімдер диалог арқылы оқытудың ауызекі сөйлеу тіліне тигізер маңыздылығын және күнделікті сабақта сыни ойлаудың маңыздылығын диалог әдісін қолдану арқылы жүзеге асыруға болатынын түсінеді.
Уақыты: 45 минут
Мастер-класс барысы:
Таныстырылым: «Диалогтік оқыту
Диалогтік оқытудың түрімен таныстыру, қысқаша талқылау
Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ол субъектіге тартылатын әңгімелесудің үш түрін құрайды:
Әңгіме-дебат
Кумулятивтік әңгіме
Зерттеушілік әңгіме
«Молекула» ойыны – Топқа бөліну арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Топқа бөліну бойынша рефлексия жүргізу, яғни топ мүшелерінің рөлдерін анықтау (көшбасшы, дизайнер, тайм спикер, баяндамашы)
Практикалық жұмыс. Интербелсенді тақтадан портрет көрсету және тақтада жазылған сөздердің ортақ қатынасын табу, сосын жазған жұмысын қорғайды.
Топпен жұмыс, постер құрастыру, оны қорғау
Сыни тұрғыдан ойлау неге соншалықты маңызды?
Оқу бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлауды қалай енгізуге болады?
Оқушыларға сыни ойшыл болуға мүмкіндікті қалай туғызуға болады?
«Екі қабырға» әдісі. Қатысушылар топтың ортаға салған түйіндері бойынша, «келісемін, өйткен..., келіспеймін, себебі..» - деп өз ойын қорытады.
Кері байланыс орнату «Екі жұлдыз, бір тілек» өз тілектерін жазады.