«И.Н. МУРАШКОВСКА, Н.П.ВАЛЮМС ?ДІСТЕМЕЛЕРІ АР?ЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КАРТИНА БОЙЫНША ??ГІМЕ ??РУ?А ?ЙРЕТУ». (?ДІСТЕМЕЛІК ??РАЛ)


Павлодар қаласының білім беру бөлімі
«№121 сәбилер бақшасы» МҚКК

«И.Н. МУРАШКОВСКА, Н.П.ВАЛЮМС ӘДІСТЕМЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КАРТИНА БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРУҒА ҮЙРЕТУ».
(ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ)



Павлодар
2011ж.
Құрастырушылар: Гүлбағира Рамазанқызы Мырзаханова,
Салтанат Рамазанқызы Рахымбаева
«№121 сәбилер бақшасы» МҚКК тәрбиешілері
Рецензеттері: А.Б.Бақраденова Павлодар мемлекеттік педагогика
институтының профессоры, п.ғ.к.. доцент
С.Д.Нұрғалиева Павлодар облысының педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институтының әдіскері
Тіл дамыту сабақтарында тәжірибеге алынған картина бойынша әңгіме құрастыру жөнінде жаңа әдістеме ұсынылды. ТРИЗ әдістерін қолдана отырып әзірленген әдістеме. Әдістемелік нұсқаулықтар бейнелі, балалардың қабылдау үдерістеріне жақын, қолайлы ретінде көрсетілді. Қосымша беттерде картина, жай суреттер бойынша нақты сабақтарда қолдана алатын үлгілер ұсынылып, сонымен қатар сөздік жұмысын молайтатын әдіс – тәсілдер берілді.
Қазіргі кезеңде тапшы, нағыз қажетті материал ретінде көріп, осы жұмысымызды мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдеріне де ұсынамыз.

Мазмұны
Кіріспе: ........................ .................................................................1-3
Әдістемелік қадамдар (сызба)...............................................................4
Әдістемелік қадамдар
1 қадам. Картинаның құрамы.............................................................5-9
2 қадам. Нысандар арасындағы байланыстар мен өзара қатынас...9-12
3 қадам. Нысандар мен әрекеттерге сипаттама...............................13-18
4 қадам. Бейнелі сипаттамаларды жинақтау..................................19-21
5 қадам. Болып жатқан және ілеспе оқиғалар................................22-24
6 қадам. Түрлі көзқарас...................................................................25-26
7 қадам. Қорытынды. Нәтиже..............................................................26
Қосымша: сабақтардан мысалдар..................................................27-33
Қорытынды: нәтижелер мен болашақтағы көрініс неден табылады?-33
Дидактикалық ойындарға сипаттама...............................................34-35
Картинамен жұмыс жасау үлгісі..........................................................36
Саусақ ойындары ........................................................................... 37-42
Психожаттығулар топтамасы..........................................................43-44
Картинаны қарастыру бойынша сабақтардың дайын әзірлемелері. 45-72
Картинаны қарастыру бойынша сызбалар......................................73-77
Картиналар топтамасы....................................................................78-84
Қолданылған әдебиеттер........................................................................85

Кіріспе
Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Тілді дамытудың соңғы нәтижесі, ол – ең кереметтің, күштінің және қиынның көрінісі, яғни адам өз тілінің, өзінің байланыстырып сөйлеу тілінің жемісі болып саналады.
Байланыстырып сөйлеу тілі сөз қорының байлығын, тіл заңдылықтары мен мөлшерін, яғни грамматикалық құрылымын меңгеру, сонымен қатар оларды тәжірибеде қолдануға әкеледі, ал тәжірибелік білім тіл материалын меңгере білуіне, соның ішінде толық, байланыстыра, бірізділікті және қоршаған ортадағы жағдайларды қарастыруда дайын мәтіннің мазмұнымен немесе өз бетімен байланыстырап мәтін құруға итермелейді.
Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша мектепке дейінгі және кіші жастағы балалардың тілін дамыту тек қарапайым ситуациялық түрде ғана көрінеді. Бала мақсатсыз түрде ойындағы жалғыз бір көріністі бір ғана сөзбен сипаттайды. Басқа да ой елегінен өткізіп, толық, мәнді айту оның ойына келмейді, тек сұрақты жаудыртсаң ғана сол сұрақтарға нақты жауап беруге тырысады не бірден ойын толық жеткізуге тартынады. Сол себептен балада өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Балаға өз ана тілін меңгерту мектепке дейінгі берілер білімнің маңыздысы болып табылады. Ол қазіргі мектепке дейінгі білім беру ісінде бала тәрбиесінің негізгі іргетасы ретінде бағаланады. Мектепке дейінгі баланың тілді меңгеру үдерісі үлкендер және балалармен қарым – қатынас жасауымен және қоршаған ортаны тануда, өзінің ойы мен сезімдерін толыққанды айта білу мүмкіндігімен тығыз байланысты.
Соңғы жылдары балалардың сөйлеу деңгейлері дамуының төмендеуі ерекше байқалуда. Ең біріншіден бұл балалардың денсаулығының нашарлауымен байланысты, бұл фактор олардың (сөйлеу деңгейлері) дамуына тікелей әсер етеді. Тілдің жақсы дамуы – мектепалды дайындықтың негізгі көрсеткіші болып табылады. Баланы мектепке жақсы дайындау, сауатын ашудың негізін қалау тілді ауызша дамыту үдерісінің сапасына байланысты. Тілді дамытуға:
Сөйлеу үлгілерін беретін тілдік орта;
Тілдік белсенділік;
Балалардың өзінің тілдік тәжірибесі қажет.
Отбасындағы үлкендер мен балалардың, балабақшадағы бүлдіршіндердің өзара сөйлесуі тілдік орта болып табылады. Егер де бала тіл мәдениетін меңгерген адамдардың арасында болса, үлкендер балалармен белсенді қарым – қатынас жасап, оның әңгімелесудегі белсенділігін мақтайтын болса, тілдік ортаның тіл дамытудағы әсері нәтижелі болады.
1
Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен тілдескенде айналасындағы адамдардың дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы мен тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Ал ата – аналар мен тәрбиешілердің балаларға үлгі болатындай дұрыс бейнелі сөйлеуі балалар тілінің тез дамуының алғы шарты болып табылады.
Балалармен оқып – талдайтын әдеби шығармаларды іріктеуде де белгілі бір мақсатты көздеу керек. Шығармалар мазмұны негізінде әсерлі, ойнақы, танымдық дүниелер және балалардың өзара тұлғалық қарым – қатынас тәжірибесін байыта түсетін мағлұматтар болуы назарға алынған. Шығарма мазмұны арқылы әр баланың тілдік белсенділігін қолдап, сабақта бала өзінің неге және не үшін сөйлеп тұрғанын түсініп, өзінің тілдік тәжірибесін жасауына жағдай туғызу қажет.
Бүлдіршіндерді өзіндік тілдік тәжірибе жинау мақсатында біз картинаны қарастыруды және сол картина бойынша шығармашылықты әңгіме құруды алдық.
Картина бойынша әңгіме құру – бір көзбен қарағанда оп – оңай сияқты. Мәнісіне келгенде педагог өз тарапынан көп айтып, ал баланың «аузын ашты, бірақ не дегені естілмеді» деген «сахналық көрініске» ие болады. Ендеше, бұл мәселеде балаға келіп тиетін тастың бір қиыршығы бар сияқты. Егер де оны жеңіп өтіп, сол қиыршықты қағытпаса, бала өз жолында көп қиындыққа ұшырайды. Бұл мәселені біз тек осы картинаны қарастырумен ғана байланыстырып отырған жоқпыз. Байланыстырып сөйлеу бар сабақта да қажет екенін білеміз. Жалпыға міндетті білім беру стандартында мынадай мақсат көзделген – балаларды «өз ойларын және сезімдерін саналы түрде әрбір тыңдаушы мен баға берушіге ұғынықты болатындай, олардың ой мен сезім – ықыластарын көрсете алатындай» жағдай жасау. Ендеше картина бойынша әңгіме құру әр баланың аузынан мүдірмей шығуына қалай әкеліп соғады екен деген сауал туындайды.
Бұл сауалдарға жауап алу үшін кез келген бір картинаны қарастырайық. Мысалы, «Ит күшіктерімен» картинасы болсын. Біз бірден картинада не көріп тұрсыңдар? Олар не істеп жатыр? Неше күшігі бар? Күшіктерге ат қояйықшы – деп сұрақтың астына аламыз. Бала «ит», «ойнап жүр», «екі» деп қысқа жауап береді. Сонымен картина қарастыру толастап қалады, яғни баланың ойын одан әрі оятпайды, сөйлеу түрткісі пайда болмайды. Балалар белсенділік танытпайды және беретін жауаптары бір сөзбен шектеулі. Міне мәселе қайда жатыр?
Сондықтан біз И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмстің әдістемелерін алып қарастырып, осы мәселеде көмек көрсететініне кәміл сендік. Бұл әдістемеге қойылатын талаптар:
Әдістемелік қадамдардың толықтығының арқасы;
Әр қадамның қажеттілігі;
Балалардың көзқарастары бойынша әр қадамның себептілігі;
Әр баланың картинаны қабылдаудағы жеке көзқарасын жетілдіруі;
Нәтижелілігі, мақсатқа жету;
Басқа сабақтармен байланыстылығы.
2
Әдістеменің негізіне ойлаудың жүйелі – диалектикалық түрін қалыптастыру үшін ТРИЗ –да әзірленген қадамдар қаланған.
Алдымен біз әрбір көпірдің мықтылығын тексердік, содан кейін ортақ бір жол құра бастадық, ол мақсатты түрдегі картинаны мүдірмей қарастырып айтып беру еді.
Аталмыш әдістемені қадамдарға байланысты ашып көрсету үшін жоғарыда айтылған көпірлерді сызба түрінде көрсетеміз.
3
И.Н.МУРАШКОВСКА, Н.П.ВАЛЮМСҚОРЫТЫНДЫ
НӘТИЖЕ
ТҮРЛІ КӨЗҚАРАС
БОЛЫП ЖАТҚАН ЖӘНЕ ІЛЕСПЕ ОҚИҒАЛАР
БЕЙНЕЛІ СИПАТТАМАЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ
НЫСАНДАР МЕН ӘРЕКЕТТЕРГЕ СИПАТТАМА
НЫСАНДАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР МЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС
КАРТИНАНЫҢ ҚҰРАМЫ
ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАДАМДАР 7 ҚАДАМ
6 ШАГ

5 ҚАДАМ
4 ҚАДАМ
3 ҚАДАМ

2 ҚАДАМ
1 ҚАДАМ

4
Жалпы бөлік: әдістемелік қадамдар
1 қадам. Картинаның құрамы.
Картинада не салынған? Осы сұраққа жауап беруде балада қиындық туындай ма екен? Әрине, иә.
Бірден картинаға қарасаң, салынған сурет көп. Барлық нысандар мен заттар бір – бірімен матасып жатыр, бір – бірлерін жауып тастайды, дәп қарап айтуға қиындық туғызады. Сол үшін де педагог қай нысанды нақты алып тұрғаны белгісіз болады. Сол нысанды қалай тапсам екен? Әдемі суреттің ішінде бір нысанды қалай бөлсем екен? – дейді. Ендеше қойылған сұрақты басқа түрге ауыстырамыз. Суретте кім салынған?
Міне, ол осы суреттегі негізгі белсенді бейне адамға әкеліп соғады. Ендеше дұрыс жауап – қыз болады. – Ол не істеп жатыр? – Үйректерге жем беріп жатыр. Осымен картинаның мазмұнын ашып тастадық та, бар сөздік қор аяқталды. Неге дейсіз ғой? Өйткені басқа «кім» суретте жоқ. Ендеше сөйлесуді жалғастыру үшін қайтадан баяғы жайылып кеткен «мынау неге» әкеліп соғамыз.
Осындай келеңсіз жағдайды жеңе білу үшін бізге түрлі сиқыршылар көмекке келеді. Ол «сиқыршыларды» әр қадамды ашу барысында беріп отырамыз.

5
Дәп осы қадамда, осы жағдайда бізге көмекке сиқыршы «БӘРІН БӨЛ» келеді. Ол баланың қабылдауы үшін ыңғайлы сәтте ӨМШТ (ТРИЗ) түсінігін – жүйелілігін көрсетіп түсіндіреді. «БӘРІН БӨЛ» дүниеде барлығын және барлық затты бөледі. Мысалы, ол адамға қарайды да, оны бірден бөліктерге бөле бастайды, яғни қол, аяқ, бас, көз, т.б. Ендеше бұл суретке осы сиқыршының көмегімен қарадық та, картинаны нысандарға бөлдік, ол үшін қолымызға ұсақ заттар мен нысандар көзден таса қалмауы үшін ойыншық
«ДҮРБІ» алдық, оны қолмен де көрсетуге болады, яғни алақанды дөңгелетіп,
ортасына көз көретін тесік болады, содан қарап көреміз. Қарағанда тек қана бір нысанды бөліп алу керектігін ешқашан ұмытпауымыз керек.
Сонымен дүрбіден не көріп тұрмыз? Енді картина нақтылана бастайды: көзіміз әрбір нысанды жекелеп бөле бастайды және балалар кім не бөліп алғанын айтып отырады. Әрбір табылған не айтылған нысанды біз сызба түрінде немесе алдын ала суретке салу арқылы және сол суреттерді, сызбаларды шеңберге қоршап, тақтаға іліп отырамыз. Мысалы, қыз, үйрек, жем, тегене, қалақша т.б.

Балалар жапа – тармағай жарысып тәрбиешіге жағыну үшін емес, басқалар таппаған нысандарды іздеумен әлек болады. Қызығуларында шек болмайды, тіпті бір қарағанда көзге ілінбейтін ұсақ заттарды тауып алып жатады. Біз бұл кезде балалардың көзқарасын шектемейміз. Алдымен баланың ізденісіне бөгет болмау керек, картинаның ең негізгісін бөліп алу, артығын алып тастау – бұл әрекетті үйретуді кейінге қалдырып қоямыз. Нақ осы мезетте маңыздысы – бөліп алу.
Кей кездерде балалардың дүрбілері нысанның жеке бөліктерін көреді: қыздың орамалы, үйректің тұмсығы, аяғы, басы, денесі деген сияқты, ол
6
кезде біз балаларға тұтастай алуды меңзейміз, ал қызды не үйректі кейін тағы да осы дүрбі арқылы бөлуімізге болатынын не кейін жеке оларды суретке салуымызға болатынын айтып кетуге болады. Мысалға төмендегі суреттегідей

Кей кездерде біздің көзқарасымызша картинаны үстірт қарағандай боламыз. Тақтада үйрек салынғаны бар, бірақ картинадағы үйректер көп қой және олар әр түрлі. Ендеше балалардан «үйректердің бәрі бірдей ме немесе олар өзара әр түрлі ме?» деп сұраймыз. Балалар қайтадан сиқыршы «БӘРІН БӨЛДІҢ» көмегімен үйректерді қарастыра бастайды, сөйтіп үйректер қара немесе ала, түрлі түстіге, үлкенді кішіге бөлінеді екен. Ал шөп бірдей ме? – Жоқ, олар кей жерде биік өскен, кей жерде аласа екені байқалады. Бұл айтылғандарды өз тарапымыздан алдын ала ескеріп, дайын суреттерді балалардың айтуы бойынша тақтаға ілуімізге болады. Сонымен жоғарыда айтылған «қыз» бен «ол үйректерге тамақ беріп жатыр» деген көзқарас міне қаншама сипаттамалардың пайда болуына әкеліп соқты, яғни бала сөйлей бастады, сөйлегенде толық ойын білдіре бастады. Мысалы, «мен картинадан әдемі қызды бөліп аламын», «мен картинадан үйректі бөліп аламын», «мен суреттен шарбақты бөлгім келіп тұр» деген сияқты толық сөйлемдерді бала өз аузынан қалай шығарып жатқанын байқамай да қалады және өзара бәсекелестік пайда болады, яғни кім көп айтады, қалып қойған, көрмей қалған нысандар бар ма екен – деп ізденіс үстінде отырады.
1 ҚАДАМ: «БӘРІН БӨЛ» (құрамды анықтау).
Қысқаша сипаттама.
Дүрбіні картинаға бұрып, картинадан тек қана бір нысанды бөліп аламыз. Нысандарды атап отырамыз және олардың суреттерін шеңберге қоршап отырып тақтаға іліп отырамыз.
7
Осы тарапта «БӘРІН БӨЛ» сиқыршысының суретін көрсетуді жөн көрдік. Негізі әдістеме бойынша жалпы осы сиқыршыларға ғана сүйеніп, басқа ештеңенің ойлап табуына шек қойылмайды, яғни қатып қалған қағида емес, әрбір тәрбиеші өз ізденісіне қарай осы әдістемелерді оқи отырып өз тарапынан басқа да кейіпкерлер ойлап табуына болады. Біз барлығы сиқыр түрінде өтетін болғандықтан осындай «сиқыршыларды» ойлап таптық. Енді әрбір кезеңді ашып отырғанда осындай сиқыршылардың суреттері қосымша бөлікте беріледі.

«Картинаның құрамын анықтау»
Мақсаты: Картинадағы бейнелерді санап отырып (бөлу, үлгілеу, топтастыру) балаларды ойлау операцияларына үйрету.
Картинадағы нысандарды бөліп алуға және балалардың қызығушылығн оятуға арналған ойын «Дүрбі» болып саналады.
Ережесі: дүрбінің көзін белгілі бір нысанға қадап, атауын атап беру. Ол үшін «Аукцион», «Ең зейінді кім?» тәсілдері қолданылады. Аталған нысандарды сызбалармен, суреттермен, түспен, әріптермен үлгілеуге болады. Ол үшін тақта немесе үлкен қатырма қағаз керек.
Әдістемелік ұсыныстар.
Педагог қызығушылықты бірден оята білуі керек.
Нысандарды белгілеу екпіні жылдам болу керек.
Нысандарды бөліп алу реті сақталынбайды.
Соңында міндетті түрде қорытынды шығару керек.
2 қадам. Нысандар арасындағы байланыстар мен өзара қатынас.
«Не істеп жатыр?» деген сұрақ бала ойына бірден түсінікті болмайды. Егер де қыз қолын созып тұр және оның қолдары күректі қатты қысып алыпты десе, қарсы шығып көр! Біз әрине, қыздың үйректерге жем салғанын ғана естігіміз келеді. Бірақ үйректерді тамақтандыру ол көп істі қажет ететінін білеміз ғой, яғни күрекпен тегенеден жем сыпырғанын, күректі тегенеге жақындатқанын, тегенеден жемді алып шашқанын және сол сияқты көптеген қайталанатын қимылдарды ойластырып қоюға болады. Тамақтандыру жалпылауыш әрекет қана. Ендеше өзіміздің қарапайым сұрағымызбен суреттегі қатып тұрған қыздың сан түрлі қимылдарын айтып берсе екен деп ойлаймыз. Егер де бала жалпы осындай тұрмыстық жағдайлардан хабары болса, әрине есіне түсіріп айтып бере алады, ал егер де хабары болмаса онда оған қиыншылық тудырады. Бұл жөнінде, мұндай жағдай туындаған кезде не істеу керектігін біз кейінге қалдырамыз.

8
Қайтадан қарапайым түрдегі «не істеп жатыр?» сұрағына оралатын болсақ, көп жауап ала алмайтынымыз анық әрине. Қыз үйректерді тамақтандырып жатыр, үйректер жем жейді, тағы не айтуға болады? Нысандар арасындағы байланыс аяқталған жағдайды үнемі көрсете бермейді. Біз әрине бұл дүниедегі барлық нәрсе өзара байланыста болады деген қағиданы ұстанамыз. Ендеше алдымызға мынадай мақсат қоямыз: картинадан бөлініп алынған нысандардың өзара байланыстарын табу.
Бұл үшін бізге «БӘРІН ҚОС» сиқыршымыз қонаққа келеді. Сиқыршы, мысалы, ойланып қарындашқа қарайды. Сендер қалай ойлайсыңдар, қарындашты немен қосуға болады? Ақ қағазбен. Неге? Өйткені қарындашпен ақ қағазға сурет саламыз не жазамыз. Қолмен қосамыз. Қол сурет салады. Суды, аяқты немен қосуға болады? Суды шелекпен, өйткені шелекке құйылады, аяқты жермен қосамыз, өйткені аяқ жерді басып жүреді т.с.с. Міне осындай ойларды түрткіге ала отырып, енді тақтада тұрған шеңбер ішіндегі нысандарды өзара қоса бастаймыз. Яғни ретке келтіру әдісі басталады, барлық нысандарды өзара қосып бір бүтін аламыз.
Неден бастаймыз? Қандай екі шеңберді өзара қосамыз? Ойлап тапқан бала тақтаға шығып сиқыршылардың арнайы әкелген «сиқырлы таяқшасымен» өзара екі шеңберді сызып қосады. Бұл жерде бала өз ойын дәлелдеу керек.
Сонымен:
Үйректер мен жем: үйректер жем жейді.
Үйректер мен қыз: қыз үйректерді тамақтандырды.
Әзірше еш жаңалық жоқ. Бірақ жалғастыра береміз. – тағы да айтатындар бар ма?
Иә!
Қыз бен тегене: қыз тегенені ұстап тұр.
Тегене мен жем: тегенеде жем бар.

9
Тақтадағы бағыттаушы «сиқырлы сызықтар» саны өсе бастайды. Суреттер өзара өрмекшінің торындай матаса бастайды. Бірақ балалар қызығып өзара екі нысанды алып қосқысы келе береді, яғни әлі қосылмағандарын іздейді.
Жер мен шарбақ: жерде шарбақ тұр.
Үйректер мен құм: үйректер құм үстінде жүр.
Бала шеңберді өзара қосып алып, асығып айтатын ойын ұмытып қалады не не айтарын білмей қалады. Сонда бір нысан екіншісімен не істейді деп сұраймыз?
Үйректер мен тегене: үйректер тегенемен не істейді немесе тегене не істейді? Үйректер тегене жанында тұр. Үйректер тегенеге бастарын салды.
Балалар өз байланыстарын айтып жатқанда олардың өзара бірізділігі бар ма, жоқ па, айтқандарынан байланысқан әңгіме шыға ма, оны ойламайды. Сондықтан олардың бірден пайда болған көтеріңкі көңіл – күйлерін бұзбай, ізденістік жолдарына бөгет болмай тыңдаймыз. Бұл жерде бала өзінің тапқырлығына масаттанып алсын делік! Қазір оларға нақты мақсат емес, айтатын ой керек. Ал тәрбиеші байланыстарды тақтаға не дәптерге түртіп жазып отыруына болады. Алғашқыда барлық айтылған көзқарастар үзілмей қабылданады. Кейін әбден кез келген картинаны қарастыруды үйренген кезде артығын балалар өздері де сезетін болады. Ал балалар ойына шек берсек, яғни айтқандарын үзбей тыңдасақ, онда аталмыш картинаны ұзақ уақыт, тіпті 1 айға дейін қарастыруға болады. Ал балалар тарапынан тағы да өздері байқамай айтып отырған сөйлемдері, иә – иә, толық байланыстырып айтып отырған сөйлемдері ағылып келіп жатады. Сонда бастапқыдағы қатып қалған екі сөйлем «Қыз», «Қыз жем беріп жатыр» қайда қалды? Оған көмекті осы сиқыршылар жасады.
2 ҚАДАМ. «БӘРІН ҚОС» (байланыстарды табу).
Қысқаша сипаттама.
Екі шеңберді өзара қосып және олардың өзара байланысын түсіндіріп береміз. Түсіндіріп қана қоймай дәлелдеу қажет екені тағы бар.
ІІ. «Картинадағы нысандар арасында өзара байланыс орнату»
Мақсаты: картинадағы нысандар арасында өзара байланыс орнату кезіндегі ойлау әрекеттеріне үйрету.
Балалармен жұмыс жасау әдістемесі.
Нысандар арасында өзара байланыс жасау кезінде келесі шығармашылықты тапсырмалар ұсынылады.
1). «Бәрін қос» сиқыршы келді де, екі нысанды қосты. Ол неге олай жасағанын дәлелдеуін сұрады.
2). «Дос іздеймін» - өзара байланысы бар нысандарды бірден тауып, қосу.
3). «Дос болмайды» - өзара достаса алмайтын нысандарды табу.
10
3 қадам. Нысандар мен әрекеттерге сипаттама.
Әңгіменің негізін дайындадық, бірақ оның қиял шегін шарықтататын бейнелер жетіспейді. Әңгімені одан әрі суреттеу керек, яғни ашық түсті сипаттаулар керек ақ, сонда біздің қабылдауымыздағы картинаға жан біте бастайды.
Картинаның құрамын анықтағанда үйректерді қара мен аққа, шөпті аласа мен биікке бөлгенімізді еске түсірейік. Осы сипаттамаларды байланыстыра құрастырған кезде қолдануды ұсынамыз. Онда мысалға алғанда мынадай сөйлемдер легі шығады:
Ақ және қара үйректер құм үстінде жүр.
Шарбақ түбінде биік шөптер өсіп тұр, ал құмда – аласа шөптер өсіп тұр.
Осылай әңгіме барысына жаңағы белгілер, сипаттамалар, қасиеттер ене бастайды. Ал адамның қабылдауға қажетті басқа да дене мүшелері бар екендігі есімізге түскендіктен, бізге тағы да бір сиқыршы қонаққа келеді.
Оның аты «МЕН БӘРІН ЕСТІП ТҰРМЫН», оны «КАРТИНАҒА ЕНУ» ойын жаттығуымен байланыстыруға болады, яғни бір мезетте көздеріңді жұмып картина ішіне енетіндеріңді елестетіңдер. Мұқият тыңдап, картина ішіндегі оқиғаға көз салыңдар, сендерді қоршаған заттар не істеп жатқанын естіп көрейік. Не естіп жатырсыңдар?
Мен үйректердің барқылдаған дауысын естідім.
Мен олардың астауды тұмсықтарымен соққанын естідім.
Мен шарбақтың сықырын естідім.
Мен шөптің өсіп келе жатқанын естідім.
Мен тегенедегі жемнің сусылын естідім.
Бұл жерде балалардың нақты жауаптары берілген. Расында да, жанды, қызық, кейде күтпеген жауаптар айтылады. Сөйтсек балалар сөйлей білетіні байқалады. Біз бостан босқа барлық нысандарды мұқият бөлген жоқ едік, олардың арасында байланыс та орнаттық. Суреттерден құралған тор әлі де көз алдымызда тұрады және әрбір шеңбер, әрбір сызық бала қиялындағы жаңа ойдың көзі болып көрінеді. Дегенмен бала қиялында шек жоқ қой. Тіпті алыстағы дыбыстарды да естідім деп айтып жатады. Неге ол дауыс өктем, қатты шығады? – деп сұрақ қойып жатады. Сонда баланың алдындағы «қыз», «жем беріп жатыр» деп қана қорытып қойған ойы қайда кетті? Міне бір көзбен қарағанда жай ғана бір суреттің өзін осылай тамаша ойлармен көркемдеп, сөздермен суреттеуге болатыны анықталып келеді. Бұл жерде де, яғни бастапқыда балалардың айтқан көзқарастарын қақпай дәптерге не тақтаға түртіп жазып отырамыз. Әбден картинаны қарастырып үйренген кезде балалар өздері – ақ ненің артық, ненің тыртық екенін біліп отыратын болады. Естияр тобындағы балалар жапа – тармағай айтып жатса, ересек пен дайындық топтарындағы балалар үлкен болғандықтан саналы түрде жауап беруге тырысады. Жалпы бұл әдістемені сәбилер топтарынан қолдануға болатынын айта кеткен артық болмайды деп шештік.
11
Басқа да адамның үш сезімі: сипап сезу, дәмін тату және иісін сезу де көбіне бір кинестикалық қабылдау каналына бірігеді. Ендеше оларды да әрбір сиқыршы ретінде қолданып көрейік.
Бізде «БӘРІН ҚОЛЫММЕН СИПАЙМЫН ЖӘНЕ СЕЗЕМІН», «БӘРІН ИІСКЕЙМІН», «БӘРІНІҢ ДӘМІН ТАТАМЫН» сиқыршылары болады. Егер де картиналарда жейтін, иісін сезетін нәрселер болса, онда осы сиқыршыларды енгізуге болады. Бұл сиқыршылар тек қана «КАРТИНАҒА ЕНУ» ойын жаттығуын өткізу кезінде қолданған дұрыс. Сонда олар дәмін татып, иісін иіскеп, қолымен сипап көреді. Егер де жейтін, иіскейтін заттар болмаса сиқыршыларды енгізудің қажеті жоқ, ал қолмен ұстайтын зат әрине табылады, сондықтан бұл сиқыршы қай кезде болмасын керек екен. Сонымен:
Картинаға кірдік, енді тыныш жүреміз. Не сездіңдер? Жолда кездескеннің бәрін қолмен сипап өтейікші. Не байқадыңдар? Қоршаған заттардың иістері бар ма? Жейтіні ше? Дәмі қандай екен?
Мен шөптің аяқты піскенін сездім.
Мен шөптің иісін сездім.
Мен үйректердің иісін сездім.
Мен олардың мамық жүндерін сипадым, тұмсығы тегіс екенін сездім.
Мен жемнің қатты және тәтті емес екенін сездім.
Міне енді тағы қаншама сөйлемдер легі кетті. Сонда балалар осы сиқыршылардың арқасында картина бойынша көп сөйлемдер айтып, кәдімгідей әңгіме құрастыра бастайды. Біз төменде осы үш сиқыршының суреттерін әлбетте көрсетеміз.
3 ҚАДАМ (бейнелі сипаттамаларды күшейту).
Қысқаша сипаттама.
«Картинаға ену» әдісі қолданылады. Картинаны сезім мүшелерінің әрқайсысымен жеке зерттеп аламыз. Шеңбердегі суреттерді қарастырып отырып, сезім мүшелерін қолданамыз.
ІІІ. «Картинаны қабылдау кезінде сипаттауға сезім мүшелерін қолдану»
Мақсаты: Сезім мүшелері арқылы қабылданатын нысандардың белгілерін жалпылау. Сезім мүшелері арқылы қабылданатын негіздегі сипаттау әңгімелерін құрастыруға үйрету.
Балалармен жұмыс жасау әдістемесі.
Сезім мүшелері арқылы нысандарға сипаттама беруге үйрету «Картинаға ену» тәсілі арқылы өтеді. Тәрбиеші баланың иіскеп тұрып, дәмін татып көріп, қолмен ұстап, терісімен сезетін сезімдерін оятады.
Шығармашылық тапсырмалар беріледі:
«Бәрін иіскеймін» сиқыршысы қонаққа келді. (басқалары да бар)
Дыбыс шығаратын нысандарды ата.
Бәрін қолыммен сипаймын және сеземін.
12
4 қадам. Бейнелі сипаттамаларды жинақтау.
Осыған дейін қолданған әдістердің арқасында пайда болған әңгімеге қуану әлі ертерек. Дұрыс қойылған сұрақ баланың белсенді ақыл – ойындағы сөздерді қолдануды талап етеді, бірақ белсенді емес есте қалған сөздерді жинақтау қиынға түседі. Барлық бейнелі сипаттамалар «үлкен - кішкентай», «қара - аққа» келіп тоғысады.
Қорытынды біреу ғана: не ексең соны орасың. Егу мәселесін қоя тұрып, ору мәселесіне кірісейік, басқа сөзбен айтқанда сөздік қорды бейнелі сипаттамалармен толтырамыз. Бұл жұмыс міндетті түрде келесі кезеңдерді мынадай бірізділікпен айқындайды:
1-кезең: Белсенді емес. Балаға жаңа сөздің мағынасын ашу көп мысалдың арқасында түсіндіріледі.
2-кезең: Жартылай белсенді. Тәрбиешінің қойған сұрағына жаңа сөз тауып береді.
3-кезең: Белсенді. Бала өз бетімен жаңа сөзді есіне алады және оны алдына қойған мақсатты шешуге қолданады.
4-кезең: Автоматты. Бала тілінде жаңа сөз өз бетімен пайда болады, яғни ойды арнайы тапсырмалармен дайындауды талап етпейді.
Картинаға қайтадан қараймыз. Бір нысанға сипаттама таңдаймыз. Мысалы, үйректер – ауыр денелі. Бірақ «ауыр денелі» сөздерін түсіндіру балаға түрткі болмайды. Сондықтан үйректер жайында әр түрлі ойлар бар екендігін айтамыз: біреулер оларды ауыр денелі десе, екіншілері жылдам қимылдайды дейді. Басынан бастап балаларды тілге деген қатаң көзқарасқа үйрете бастау керек. Сондықтан көпжақты емес, нақты сөздік қорымен анықталады. Сонымен түсіндірмелік не синоним сөздігін ашып қараймыз, ауыр – 1. Салмақты, ірі, кесек, зор. Ауыр денелі. Орындыққа зор денесімен келіп отырды. 2. Ауыр, көп салмақты. Ауыр жәшіктер.
Пысық, қимылды – 1. Жылдам жүру. 2- Жеңіл, пысық, жылдам жүгіріс. Осындай мағыналарды оқып алған соң, дау – дамайды шешуге кірісеміз. Балалар үйректердің жартысы ауыр денелі десе, басқалары пысық, жылдам жүреді дейді. Сонымен қатар астау да ауыр бола бастайды. Солай 1-кезеңнен өтеміз.
Келесі жартылай белсенді кезеңде балаларға ауыр және қимылды нысандарды тапқызамыз.
Белсенді кезеңде мынадай тапсырмалар қолдана аламыз, яғни салыстыру немесе жұмбақтарды құрастыру. Салыстыру «БӘРІН БӨЛ» сиқыршысының көмегімен іске асады. Сонымен үйректі тауықпен салыстырамыз. Тақтаға осы құстардың суретін ілеміз. «БӘРІН БӨЛ» сиқыршысын шақырып, құстар қандай бөліктерден тұратынын сұраймыз. Бөліктерін шеңберге алып тақтаға іліп отырамыз.
Сонда салыстыру кезінде екі құс бірдей дене мүшелерін иемдене ме немесе олар біреуінде аз не ірілеу болып келетіні байқалады. Мысалы, үйрек тұмсығы тауық тұмсығынан қалай ерекшеленеді? Ал табандары ше? Денесі?
13
Балалардың жауаптарында жаңа сөздердің баршылығы байқалады. Егер ол жоқ болса, жартылай белсенді кезеңді жалғастыра береді.
Жұмбақтарды құрастыру әдістемесін алсақ, онда жұмбаққа қажетті сызбаны қолдана аламыз, яғни жұмбақталатын нысан мынадай сұрақтармен анықталады: қандай? Бұл не? Мысалы, арба сөзін жұмбақтап, тақтаға іліп қоямыз. Балаларды сұраққа жауап беруді өтінеміз және оларды тіркеп отырамыз.
АРБА қандай? Осы сияқты тағы не бар?
Қимылдыбұлт
Ағаш күрек
Төртбұрышты үстел
Егер екі қатарлы сөздердің арасына «бірақ ... емес» сөздерін қойсақ, жұмбақ былай естілетін болады: қимылды, бірақ бұлт емес, ағаш, бірақ күрек емес, төртбұрышты, бірақ үстел емес. Балалар қуана – қуана жұмбақтарды құрастырып және жауаптарын шешуге тырысады, ал біз олар үшін тағы бір кезеңнің ашылғанын көреміз, яғни «белсендіге» көшкеніміз айрықша көзге түседі. Егер де солай болса, онда келесі – автоматты кезең туындағанша жұмысты жалғастыра береміз.
ІҮ. Картина бойынша жұмбақ құрастыру.
Балаларды жұмбақ құрастыруға үйрету үшін міндетті түрде кестемен жұмыс жасау керек.
Балалармен бір нысан бөлініп алынады. «Қасиеті мен сапасы» деген кесте беріледі. Балалардың берген таңдаулы жауаптарын бос бөліктерге жазуға болады.
Қандай? Тағы да осыған ұқсас не бар?
Балалармен нысан белгіленіп алынады. Оның қимылын білетін боламыз. Жұмыс «Қимылы» деген кестемен жүретін болады.
Не істейді? Тағы да осы сияқты қимылдайтын кім немесе не бар?
14
Нысан бөліні алынады да «Бөліктер» деген кесте толтырылады.
Қандай бөлік? Тағы да қандай нысанда осындай бөлік бар?
Нысанның бөлігі алынады. Олардың саны «Бөлік және олардың саны» кестесімен анықталады.
Бөлік Қанша? Тағы кімде, неде осынша бөлік бар?
Әдістемелік ұсыныстар:
1). Бірлесіп жасаған, ойластырған жұмбақ мәтінін тәрбиеші өзі оқып береді, ал балалар оны қайталайды.
2). Жұмбақ құрастыруға бөлінетін нысан әр түрлі сипатқа ие болатын таңдалынуы керек. Сонда оны салыстыру жұмыстары да жүреді.
4 ҚАДАМ. Бейнелі сипаттамаларды жинақтау (әңгіме үшін емес). Суреттердегі заттарды, нысандарды қарастыра отырып сөздік қоры молығады. Оларды салыстыру, жұмбақ шешу үшін пайдаланамыз.
15
5 қадам. Болып жатқан және ілеспе оқиғалар.
Біздің «Бәрін бөл» мен «Бәрін қос» сиқыршыларынан сұрап алынған «дүрбі» не керек картинаның түкпір түкпірін аралады. Осымен жұмыс бітті деп ойлаймыз ба? Әрине жоқ. Басқа жаңадан көзқарас алу үшін біз дүрбімізді енді жаңа бір қонақ «МЕН УАҚЫТ КӨЛІГІМІН» дегенге береміз. Ол болып жатқан, ертеректегі және ілеспе мен алдағы оқиғалармен таныстырады, яғни әңгіменің басы мен аяғын білуіміз керектігін көрсетеді. Негізі әдістемеде бұл қонақты «қалып қою» мен «қуып жету» деген түсінікпен берген. Біз мұны балаларға түсінікті болу үшін «уақыт көлігі» деп атадық. Мысалы,
Қазір біз сендермен балабақшадамыз. Ал (қалып қою – қонағымен қарасақ ) сендер қайда болдыңдар және онда не істедіңдер?
Біз таңертең үйде болдық, ұйықтадық.
Тақтаға қонағымыздың суретін іліп қоямыз. Ал сосын екінші бөлігі «қуып жет» келген соң не болады?
Біз оянып жуындық. Содан кейін не істедіңдер?
Осылай қонағымыздың күнделікті істейтін күн тәртібін ашып алуымызға болады. Олар бұрын не болды және сосын не болды сұрақтар төңірегінде болады. Сөйтіп қонағымыздың ісін реттеп аламыз. Балалар себеп – салдар байланысын анықтайды, яғни болып жатқан және ілеспе оқиғалардың бірінсіз – бірі болмайтынына көз жеткізеді. Мысалы, таңертең, сосын түн болады деген сияқты. Осындай дайындықтың арқасында біз картинаны қарастыруға қайтадан кірісетін боламыз.
Сонымен, қыз қазір үйректерді тамақтандырып жатыр. Ол алдында қайда болды?
Алдында үйінде болды, ойнады. Ойнап болған соң, бірден үйректерге барды ма? Әлде біз бір қадамды тастап кеттік пе? (қуып жет?)
Иә, тастап кеттік, алдымен қыз жемді алды.
Жемді қолына алды ма?
Жоқ, тегене тауып алды, сосын оған жем салып болған соң барды.
Ендеше ешқандай жағдайларды тастап кетпей маған толық қыздың қимылдарын айтып бере алды ма?
Қыз үйде ойнап жүрді, сосын үйректерге тамақ бергісі келді, жем қораға барып, тегенеге жемді салып алып, аулаға шықты, ондағы астауға жем салды да, үйректерді тамақтандырды. Осыншама сөйлемдерді, сөз тіркестерін айта келіп, манағы жай ғана қарапайым «қыз үйректерге жем бердіге» келеміз, сонда сол ұғым қайда қалды? Осылай «Уақыт көлігінің» қадамдарын аңдып отырамыз. Балалар тіпті басқаша айтуы да мүмкін. Мысалы, 1- қыз үйректерді көрді, 2- оларды шақырды, 3 – қыз астауға жем шашты, 4 – үйректер жүгіріп келіп жем шоқи бастады, 5 – қыз үйректердің тамақ жегеніне қуанды. Осылай да 7-10 қадам жасап жіберуге болады, әлгінде біз 5 қадам жасадық. Ендеше біздің дүрбіміз баяуырақ жылжып отырады да, барлық жағдайларды тіркеп отырады. Егер қажеттілік туып жатса, мұндай ұсақ қадамдарды әңгіменің кез келген жерінде қолдануға болады.
16
Сонымен енді жалпы әңгімемізде белгілі бір тәртіп орнатсақ деймін. Балалардың 2 және 3-қадамындағы жауаптарын еске түсірейік. Оларды былай бастаймыз. «Жерде шарбақ тұр». Кім оны және қай уақытта байқап қалуы мүмкін? Мүмкін, қыз үйректерге жақындап қалғанда шығар? Мүмкін ол туралы үйректер айтып жатты ма? «Қыз тегене ұстап тұр». Осы сөйлемді қай кезде қолданған ыңғайырақ? Қыз енді ғана келе жатқанда ма әлде үйректерді тамақтандырып жатқанда ма? Әр түрлі жауаптар легі болуы мүмкін. Біздің мақсатымыз осы жауаптардың нұсқаларын таңдап жатқанда олардың себеп – салдар байланыстарын ғана емес, сонымен қатар қызықты әңгіме құрастыру емес пе. Әрине кейбір сөйлемдерді алмаймыз, өйткені әңгімемізді көп ойлармен былықтырған жөн емес.
Әрине әрбір бала өз айтқан ойын есіне сақтап отырса шіркін, сонда әңгіме тіптен көп және әр қилы болар еді. Бірақ балалар әлі кішкентай болғандықтан осындай қулықтарға баруға тура келеді. Сонда осы «Уақыт көлігімен» біз әңгіменің соңына жете аламыз деген сөз. Негізінде әр нысанға байланысты осы қонақпен жеке әңгімелер құруға болады. Мысалы, ағаш қорада жұқа ағаштар жатты. Қыздың әкесі олардан шарбақ жасады. Шарбақ ұзын болды. Шарбақпен үйректерді қоршады. Үйректер шарбақтардан шықпайды. Міне 5 қадам жасалынды да, әңгіме тек қана шарбақ жайлы болып кетті. Үйректер жайында алсақ: үйректер таңертең тұрды. Қауырсындарын тазалады. Қанаттарын қақты. Бір – бірлерін оятты. Сосын аулаға шықты. Аулада күн шығып тұр. Күн ыстық екен. Үйректер бірден астауға барды. Астауда су жоқ. Бір кезде үйден қыз шықты. Міне енді 10 қадам да жасалды. Сонда әңгіме тек үйректер жайында болды. Ал осылай жалғастыра берсек әңгіме соңы «қыздың жем бергеніне» дейін қаншама ойлар айтылды емес пе. Бірақ мұндай әңгімелер құру үшін әрине уақыт көп керек және картинаны айлап қарастырған жөн. Ол үшін болашақта көп жұмыс атқарған жөн.
5 ҚАДАМ. Болып жатқан және ілеспе оқиғалар. (уақыттың бірізділігін құру). Қысқаша сипаттама.
Кез келген кейіпкерді аламыз да, оның қадамын санап отырамыз, картинаға енгенше не болды, сосын не болады деген сияқты. Қажет болса ұсақ қадамдар да жасаған жөн. Әңгімені аяқтауға тырысамыз. Бірақ әңгіме мәнді болу үшін осы қонақтың маңызы зор.
Ү. «Уақыт ағымына нысандардың ауысуы»
Мақсаты: балаларды уақыт ағымына ауыса алатын нысандармен ойлау операцияларына үйрету. Нақты бір нысанды бөліп алып, соның болашағы мен өткені туралы әңгіме құрастыртып үйрету.
Әдістемелік ұсыныстар
Қиялды әңгімелерді құрастыруға үйрету үшін қонаққа «Мен уақыт көлігімін» сиқыршысы келеді. Ол арнайы бір нысанды бөліп алады да, оның алдында жасаған қимылын немесе болашақта болатын әрекетін ойластыруға мүмкіндік береді.
Әңгімесіне бала міндетті түрде ат қоюы керек.
17
6 қадам. Түрлі көзқарас.
Картинамен жұмыс жасаған кезде бала өзінің жеке қабылдау ерекшеліктерін толық пайдалана алуды қалай жүзеге асырсақ екен? Баланың айтқан әңгімесі басқаларының мен де айтам деген сезімін оятар ма екен? Тәжірибеде осы мәселемен көп айналыстық. Картина бойынша әңгіме құрастыру сол картинаның өзіне ғана емес, әңгімелеушіден, оның жеке көзқарасына тәуелді. Баланың қызық көзқарасы ғана әңгімені ерекше, тартымды қылып береді.
Адамдардың өз пікірлері көптеген әр түрі көзқарастарға байланысты: кәсіби, ұлттық, діни, жасқа байланысты және т.б. Біз қарапайым заттардан бастаймыз, яғни пікір адамның көңіл – күйіне тәуелді болуынан басталады. Мысалы,
Біз бәріміз үйрек екенімізді елестетіп көріңдерші. Міне біз шөп үстінде жайылып жүрміз – Уақыт көлігі керек – сол кезде әрине, қыз келмеген шақта. Біздің қарнымыз ашып тұр және көңіл – күйіміз қандай? Иә, жаман, өйткені қарнымыз ашып тұр. Кәне асқазандарың бос, қарындарың аш екенін сезіңдерші, ішек шұрылдап жатыр. Ендеше айналадағы заттарға бір көз тастап қойыңдар және қоршаған заттар қандай екенін айтыңдар.
Шарбақ ескі, шіри бастаған.
Астау кір.
Шөп құрғақ, тікенді.
Қыз жаман, жалқау.
Ал енді Уақыт көлігінің (қуып жеті) кірсін! – қыз келді және барлығымызды тамақтандырды.
Біз енді тоқпыз, көңіл – күйіміз жақсы. Ендеше айналамыздағы заттар да қандай?
Астау ыңғайлы екен.
Шарбақ жақсы, ол бізді қорғап тұр.
Шөп те құнарлы, жап – жасыл.
Қыз мейірімді, жақсы, өйткені бізге тамақ берді.
Картина көз алдымызда өзгеріп шыға келді. Балаларға одан әрі жақындай түсті, өйткені олар өздері соның ішінде болды, «үйрек» болып олардың көңіл – күйлерін байқады, әр түрлі жағдайлар болды, сондықтан өз пікірлерін де жасырмай айтып берді. Сонымен көңіл – күйге байланысты көзқарастар да түрлі болып шыға келді, яғни көңілді – мұңды, сабырлы – қорқынышты, сау – сырқат, разы болу – ренжулі және т.б. Осыларды нақты бір суретке қалай «байлап» қойсақ екен? Егер де картинада бірнеше кейіпкер болса, онда әрине біреулерінде бір басқа көңіл – күй, енді біреулерінде бір басқа болуы мүмкін. Басқа мүмкіндік беретін болсақ, онда мысалы, басында басқа көңіл – күй болса, сосын басқа болуы мүмкін. Онда «Уақыт көлігімен картинаны мұқият аралауымыз керек. Уақыт көлігінің (қуып жеті) көптеген өзгерістерді таба алады. Ол ауа – райының өзгеруі, басқа кейіпкердің пайда болуы т.б. Ал егер де көңіл – күйді өзгертетін себеп табылса, онда пікірлер де табылып, әрине өзгеріп отырады.
18
6 ҚАДАМ. Түрлі көзқарас. Қысқаша сипаттама.
Бір кейіпкердің көңіл – күйін аламыз. Оның жағдайына енеміз және айналаны қоршаған заттардың жағдайына сол кейіпкердің көңіл – күйі арқылы пікір айтамыз. Басқа кейіпкерді алып осымен салыстыру арқылы әңгіме құрастырамыз. Барлығын осы шақтағы болып жатқан көзқараспен, пікірмен айтып әңгімені толықтырып отырамыз.
ҮІ. «Картинадағы нысандардың тұрған орнын анықтап сипаттап айту»
Мақсаты: Картинада кеңістікті бағдарлауға үйрету. Кеңістікті бағдарлауда сөздік қорды белсендіреді.
Балалармен жұмыс жасау әдістемесі.
Картина бойынша бұл ойынды ойнатуға «Иә - Жоқ» ойыны мен «Жанданған картина» ойыны қолданылады.
«Иә - Жоқ» ойыны келесі түрде ұйымдастырылады: жүргізуші бала картинадан бір нысанды бөліп алады, балалар сұрақ қоя отырып нысанның тұрған орнын анықтап, атын атайды.
ҮІІ. «Әр түрлі көзқараспен әңгіме құрастыру»
Мақсаты: Картинадан бір нысанды бөліп алып, оның эмоционалды көңіл – күйін анықтап береді, соның атынан шығармашылықты әңгіме құрастырады.
Балалармен жұмыс жасау әдістемесі.
Картинадан нысанды бөліп алу
Оның эмоционалды көңіл – күйін бөліп алу
Кейіпкер бейнесіне ену
7 қадам. Қорытынды. Нәтиже.
Балалар әу бастан келе жатқан әңгіме легін босатып алмай, соңына жетуге дейін тырысады. Тақтаға тілі жатық, шығармашылықты айта алатын бір баланы шақырып өз тарапынан әңгіме құрастыртуға болады. Бала өзінің әңгімесін айта келе соңына жеткенде сол әңгімесіне, яғни картинаға ат қояды. Жалпы картинаға ат қоюды әр түрлі ойын жаттығулары арқылы өткізуге болады. Ең үздік атаулардың ішінен біреуін алып, нақты атауына жақындастыру керек.
«Картинаның мәнеріне қарай атауы»
Мақсаты: картинаның мәнеріне қарай атауын табуда ойлау операцияларын қолдануға үйрету. Құрастырған әңгімелеріне қарай таңдаулы атау құру.
«Картина неге солай аталған?» ойыны
«Картинаға ең таңдаулы атауды қой» ойыны.
19
Қосымша бөлік: сабақтардан мысалдар.
Бұл бөлікте көптеген мысалдар беріледі, негізі әдістеменің өзі осы сабақтарды бергенде туындағанын айтамыз. Бұл жерде балалардың алғашқы сабақтан бастап көрген қиындықтарына аса назар аудара отырып ақырын жүріп, ұсақ қадам жасап отырған еңбектердің жемісі десе де болады. Алдымен бұл әдістемемен жұмыс жасай бастағанда барлығы шатасып кетеді. Әрине сабақ уақыты аз болғандықтан барлық сиқыршыларды алып, олармен картинаны жекелеп қарастырып, толық, қызық шығармашылықты әңгіме құрастыру мүмкін емес екенін оқи отырып өздеріңіз де байқаған шығарсыздар. Картинаны қарастырғанда алдымен картинаның сюжетін жақсылап қарастыру керек, керекті сиқыршыларды ғана алып, солармен жасалатын жұмыс бабын таңдау керек, яғни нысандарды айтамыз. Ал соңғы «Уақыт көлігі» сиқыршысы әр картинаға керек екенін ұмытпауымыз керек. Кейіннен айлап сол сиқыршымен ғана да картинаны қайта – қайта қарастырып небір түрлі әңгімелер құрастыра беруге болады. Сонда балалардың сөздік қорлары молая түседі, қызығып үйлеріне айтып барса, әке – шешелері де өз тарапынан «бұлай неге айтпадың» деген көзқарастар да туындап отырады және бала соны еске сақтап келесі сабақта айтуға тырысады. Дегенмен сөздік жұмыс жасау керектігін ұмытпау керек. Бар жұмыс алдын ала жүргізілген сөздік жұмыстарынан басталады. Осы әдістемемен жұмыс жасағысы келетін тәрбиешілерге не педагогтарға бірден барлық сиқыршыны алып толық әңгіме құрастырыңыз деген пікірден аулақпыз. Алдымен бірнеше қадамдарды өтіп алу керек. Сонда ғана біртіндеп қадамдарды қосып отырсаң ғана нәтиже пайда болады. Бәрінің өз уақыты бар. Сонымен назарларыңызға қадамдарды қайтадан қайталап жазып, еске түсіреміз.
1 қадам. КАРТИНАНЫҢ ҚҰРАМЫ
2 қадам. НЫСАНДАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР МЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС
3 қадам. НЫСАНДАР МЕН ӘРЕКЕТТЕРГЕ СИПАТТАМА
4 қадам. БЕЙНЕЛІ СИПАТТАМАЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ.
5 қадам. БОЛЫП ЖАТҚАН ЖӘНЕ ІЛЕСПЕ ОҚИҒАЛАР
6 қадам. ТҮРЛІ КӨЗҚАРАС.
7 қадам. ҚОРЫТЫНДЫ. НӘТИЖЕ.
20
1-мысал.
Тәрбиеші: Картинаға мұқият қараңдар. Ұл басқа жаққа қызыға қарап тұр. Ол: «Айнұр, қарашы, қарағайлар қандай мамық!». Айнұр қарады да былай деді: «Несі мамық, тікенді олар». Осында кім дұрыс, кім бұрыс айтып тұр?
Балалар өз пікірлерін айтады.
Тәрбиеші: Балалар ендеше сөздікті қарайық, «мамық» сөзін түсіндіріп берсін. Ол бізге «мамық» пен «тікенді» сөзінің мағынасын ашып берсін.
«Мамық – ұлпадай жұмсақ майда» дегенді білдіреді екен. Ендеше осы сөзіміз қарағайымызды суреттеуге келе ме?
Балалар: Иә.
Т: Тағы да не мамық бола алады?
Б: Түлкінің құйрығы, қыздың шашы, балапанның жүні, жастықтың жүні, кірпік т.б.
Т: Енді «тікенді» сөзінің мағынасын ашып көрейік. Кейбір өсімдік жапырағында болатын ұш жағы үшкір зат.
Ендеше қарағайды тікенді деп айта аламыз ғой.
Б: Иә, оның бұтақтары жуан, тікенді.
Т: Тағы не тікенді болуы мүмкін?
Б: Кірпі, шөп тікенекті т.б.
Осылай сөздік жұмыс жүргізе бастаймыз.
2-мысал.
Т: Қандай ағаштар суретте бейнеленген?
Б: Биік, мамық, сұңғақ бойлы.
Т: Ал егер осы ағаштар барлығы орманда өссе, орман қалай аталар еді?
Б: Аралас орман.
Т: Орман осылай өсе береді, сонда ол қалай аталады?
Б: Кәрі, нулы орман.
Т: Егер де біз осындай орманға кіріп келсек, не сезер едік? Орманның иісі қалай болар еді?
Б: Дымқыл татады, саңырауқұлақ, гүлдер, қарағай мен шыршалардың иісін сеземіз.
Т: Не естір едік?
Б: Ағаштардың шуылын, кірпінің пырылын, құстардың айқайын, тоқылдақтың тоқылын естиміз.
Т: Егер де осы зәулім ағаштардың бұтақтарын сипасақ не болады?
Б: Олардың бұтақтары кәрі, қабыршақтары қатты келеді.
3-мысал. Картинаны сөзбен суреттеу түрі.
Т: Қарындаштың тақтаға ілген суреттерін қарайық.
Б: Орман, шөп, ауыл.
Т: Балалар, жаз мезгілін, ауылды көз алдымызға елестетіп көрейікші. Қазір орманды саламыз. Көздеріңді жұмыңдар және орманды көруге тырысыңдар. Кім өзіне орманды нулы, қараңғы, дымқыл, шулы қылып
21
елестетті? (Балалар қол көтереді). Ал кімнің орманы сирек, арасында жазық даласы бар екен? Күн жарқырап шығып тұр, жазық даласында көптеген хош иісті шөптер өсіп тұр. Елестеттіңдер ме? Кімнің шөбі биік өскен, мамық сияқты? Мүмкін басқаларыңда басқа шөп өскен шығар?
Б: Аласа, құрғақ, тікенді.
Т: Енді өзенді елестетейік? Кімнің өзені орман арқылы ағып жатыр? Кімдікі орман артында, алыста? Мүмкін басқаша ойлаған шығарсыңдар?
Б: Менің өзенім ауыл ортасынан ағады. Менікі орман жанында ағады.
(Үйде сөзбен құрастырған әңгімелерінің суретін салып келу беріледі).
4 - мысал. Белсенді емес кезеңдегі жұмыс түрі. Бақылау үшін: өткір – өтпес, тегіс – қатпарлы, мамық – тікенді сөздері алынады.
Осы сөздердің мағынасын бекіту үшін арнайы ұсынылған картинадан өткір, өтпес, тегіс т.б. заттарды тауып алуларын өтінеміз. Балалардың мысалға алғандағы жауаптары: үстелдің қыры өткір, өткір ара, өткір қыр, өткір иіс, аспазшының өткір иісті дәмдеуіші, өткір пышақ т.б.
Енді баланың сөздік қорына «тегіс» сөзін енгізу үшін «қазан» туралы жұмбақ құрастырамыз.
Т: Балалар суреттегі қазан қандай?
Б: Дөңгелек, тегіс, іші бос.
Т: Тағы да не дөңгелек болады?
Б: Асқабақ, алма, доп, күн.
Т: Тағы да не тегіс болады?
Б: Шалқан, тақтай, араның бүйірі.
Т: Тағы да іші бос не болады?
Б: Малақай, құмыра, сөмке.
Т: Енді ең жақсы жауаптары жинап алып, оларды біріктіреміз. Сонда бізде қазан туралы мынадай жұмбақ шығады: дөңгелек, бірақ асқабақ емес, тегіс, бірақ шалқан емес, іші бос, бірақ малақай емес.
5 - мысал. Картинаны сөзбен суреттеу.
Т: Суретте не бейнеленген?
(балалар сөздерді атайды, тәрбиеші олардың суреттерін іледі).
Т: Енді ойлап көріңдер, қайсысы немен байланысады, әр заттан екіншісіне сызық өткізіп, дәлелдеп беріңдер. Ана кіммен байланыста болады?
Б: Шұжықпен, маймен, сүтпен: оларды дүкеннен сатып әкелді.
Сөмкемен: азық – түліктерді сөмкеге салды да үйге әкелді.
Мысықпен: оның үйінде мысық бар.
Т: Ал мысық кіммен және немен байланыста болады?
Б: Шұжықпен және сүтпен: мысық шұжық пен сүтті жақсы көреді.
Анаммен: ол анаммен бірге тұрады және анашым оған тамақ береді.
Сөмкемен: мысық сөмкені иіскейді, сөмкеден шұжықтың иісі шығады.
Т: Ал егер мысық шұжықтың иісін сезіп қойса, онда не істейді? – Уақыт көлігі келеді.
22
Б: Мысық анамның аяғына жабысады, мияулайды, шұжық сұрайды.
Т: Әрі қарай жүріп, қадам жасайық: ана үстелге азықтарды қойды да шырылдаған телефонға жүгіріп кетті. Ол дәлізге телефон тұтқасын көтеруге шықты. Осы кезде мысық не істейді деп ойлайсыңдар?
Б: Мысық үстелге секіріп мініп, шұжықты алып қашып жей бастайды.
Мысық шұжықтарды тартып үстелден түсті, біреуі сығалап қалып қойды.
Т: Енді ана келді. Не болады?
Б: Анашым мысықтан шұжықты тартып алып, оған ұрысты.
Т: Мысық қандай?
Б.Ұрлықшы, қу, аяушақ.
Т: Қараңдаршы, міне қандай қызық әңгіме шықты.
Б: Қызық. Күлкілі.
(Балалар отырып сөзбен суреттеген картиналарын сала бастайды).
6-мысал.
Т: Балалар суретте не бейнеленген?
Б: Зообақ.
Т: Кім зообаққа барғанын есіне алады? Кәне Уақыт көлігін шақырайық (қалып қойы) – зообаққа дейін не болды?
Б: Біз автобуспен жүріп келдік, сосын зообаққа кіруге анам билет алды, сосын зообаққа кірдік.
Т: Зообақта қандай аңдарды көрдіңдер?
Б: маймылдар, аюлар, қасқырлар, арыстанды т.б.
Т: Енді қолымызға дүрбіні аламыз да осы зообақтағы ең үлкен аң – арыстанға қараймыз. Оның басын бөліп алайықшы. Қандай ол? Арыстанның басында не бар және ол қандай?
Б: Басы үлкен және мықты.
Басында шашы бар, бірақ олар өте қалың, қою.
Көзі де үлкен, айбатты, сұсты, қатігез.
Т: жақын келіп денесін қарайықшы. Қандай екен?
Б: Денесі мықты, епті, жон арқасы күдірейіп тұр. Тор ішінде арпалысып жүр.
Т: Дүрбімізді аяғына қаратайық. Аяғы қандай?
Б: Аяқтары мықты, айбатты тырнағы бар.
Осылай зообақта көрген барлық аңдар мен құстарды дүрбі арқылы бөліктерге бөліп отырып, әжептуір сөздік қорды молайтып, әңгіме құрастыруға болады. Тіпті ойша сипатып, үстіне мінгізіп те көруге болады. Балалар қорықса да өздерінің ішкі сезімдерін айта алады.
Т: Осымен зообаққа серуенімізді аяқтайық, енді не болады – Уақыт көлігі – қуып жет.
Б: Автобусқа отырамыз да үйге қайтамыз.
Т: Үйде не айтасыңдар?
Б: Мен арыстан туралы айтып беремін және тағысын тағылар.
Т: Суретімізді қалай атасақ екен?
Б: Зообақта. Зообаққа саяхат деп атайықшы.

23
7 – мысал.
Т: Балалар дүрбілеріңмен нені көріп тұрсыңдар? (балалар барлық нысандарды толық атай бастайды).
Т: Олар өзара байланыса ма? Қандай?
Б: Балалардың қолдарында күрек бар. Олар шұңқыр қазуда.
Үйдің жанында бөшке, су құйғыш, тырнауыш жатыр.
Торғайлар нан қоқымын шоқып жатыр.
Үйдің алдында көлеңке бар.
Терезе алдында гүлдер өсіп тұр. Шымылдық желпілдейді.
Үйдің алдында жер бар. Жерде ағаштар өсіп тұр.
Ағаштар таяқшаларға байланған.
Үйді қорған қоршап тұр.
Қорған сыртында да ағаштар өсіп тұр.
Т: Енді Қуып жетпен алға қадам жасап жылжып, қандай өзгерістер болатынын байқайық.
Б: Балалар күректерін қойды, ағаштарды алды. Оларды шұңқырға тұрғызады.
Т: Сосын?
Б: Сосын шұңқырды топырақпен толтырып басады.
Т: Енді не істейміз?
Б: Балалар су құйғыштағы суды әкеліп жаңадан отырғызған ағашқа су құйды.
Су біткен соң тағы барып бөшкеден су алып келді.
Жанындағы шашылған топырақты тырнауышпен тегістеді.
Т: балалар қандай ағаштарды отырғызып жатыр?
Б: Алма, алмұрт сияқты.
Т: неге оларды отырғызды?
Б: Мен алма болғанын қалаймын, мен алмұрт болғанын.
Т: Жарайды, алма ағашы өскен соң не береді?
Б: Алма.
Т: Оның дәмі қандай?
Б: тәтті.
Т: Ал керісінше?
Б: Қышқыл.
Т: тағы не тәтті болып келеді?
Б: Торт, компот, тосап, кәмпит.
Т: Не қышқыл болып келеді?
Б: Алма, лимон, орамжапырақ.
Т: Балалардың көңіл – күйлерін қарайықшы? Қандай?
Б: Көтеріңкі.
Т: Неге?
Б: Балалар жұмыс жасап жатыр, мүмкін сосын оларға алма беретін шығар.
Т: Осындай пайдалы жұмыс жасап жатқанда көңіліміз шаршаңқы бола ма?
Б: ЖОҚ!
Т: неге?
Б: Өйткені жұмыс біткен соң алма жейміз!
24
8-мысал.
(тақтада дайын суреттер ілінеді).
Т: Тақтаға қараймыз да, нысандар арасындағы байланысты байқаймыз.
Б: Суықторғайлар ағаштарда отыр және шетенді шоқып отыр.
Суықторғай аққаланың шелегінде отыр.
Т: Суықторғайлар тағы қайда болуы мүмкін?
Б: Ағаш жанында. Жол үстінде секіріп жүр.
Т: Сырғанақ немен байланыста болады?
Б: Балалармен: олар шанамен сырғанақ тебуде.
Балалар шаналарын сырғанақың дөңіне сүйрейді.
Балалар сырғанап болды енді үйлеріне қайтып барады.
Балалар сырғанаққа бара жатқанда суықторғайларды көрді. Тоқтап қарап тұр.
Т: Суретте қай жерде аққаланы қоямыз?
Б: Ағаштың жанына қояйық.
Менің аққалам сырғанақ жанында тұр.
Менікі жолдың жанында.
Т: Сырғанақты қайда қойсақ екен?
Б: мен оны жақын саламын, алыста шетен ағашы мен аққаланы саламын.
Менікі алыста болады, қар көп жерде болады. Ал аққала мен шетенді үйдің қасына саламын.
Т: Сырғанақтарың қандай?
Б: Сырғанақ биік және тайғақ.
Менікі онша биік емес.
Т: Егер де қар жауып кетсе ше? Қар қандай болады?
Б: Жұмсақ, мамық, суық. Ал ұлпақарлар әдемі.
Т: Енді сендер осы картинаның ішіндегі балаларсыңдар. Не естіп тұрсыңдар?
Б: Қар сиқырлайды.
Суықторғайлар шоқып жатыр.
Суықтан ағаштар сықырлайды.
Жел соғып тұр.
Басқа балалардың шулары естіледі.
Т: Ауаны иіскесек қандай иістер шығады?
Б: Қардың таза иісі.
Т: Шетен ағашын сипап көріңдер? Қандай?
Б: Қатпарлы, суық.
Т: Шетенді ауыздарыңа салып жеп көріңдер? Қандай?
Б: Суық, тәтті, ащы.
Т: Қатқан шетеннің дәмі тәтті келеді. Сендер сырғанақ тепкенде көңіл – күйлерің қандай?
Б: Көңілді. Айнала әдемі. Сырғанақ биік. Торғайлар қорықпайды. Аққала күліп тұрған сияқты.
Т: Енді сендер ойнап жүргенде қараңғы түсіп кетті, сендер шаршадыңдар, су болдыңдар, үйге барасыңдар. Енді айнала қандай?
Б: Әдемі емес. Қараңғы, Қорқынышты. Ағаштар қисық сияқы.
25
Аққала ашулы. Айғайлап есін шығардық. Сырғанақ биік болыпты, басына шығу қиын болды ма қалай? Суықторғайлар шулы. Шана ауыр, енді оны үйге сүйреу керек.
Т: Міне көрдіңдер ме, егер көңіл – күй жақсы, көтеріңкі болса, айналадағының бәрі жақсы, әдемі көрінеді екен. Ал егер көңіл – күйлерің шаршаңқы, жаман болса, онда айналадағының бәрі ұсқынсыз, жаман, қорқынышы көрінеді.
(Үйде не бос уақытта суретті саламыз).
Қорытынды: нәтижелер мен болашақтағы көрініс неден табылады?
Аз уақыт болса да осы И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс педагогтардың «Картина бойынша шығармашылықты әңгімелеуге балаларды үйрету» әдістемесін қолдану қандай нәтиже берді?
Балалардың белсенділігі артты, олар жауап беруге, өз ойларын білдіруге жанталасады. Балалар сөзбен сурет салу тәсілін де жақсы меңгере бастады, бәрінен бұрын бала өзі сезбесе де сөйлей бастады. Сөзбен суреттеу сосын кәдімгі ақ қағазға сурет салуға айналады. Суреттер тақтаға ілініп көрме ашылады.
Сонымен балалардың қол көтеруі көбейді, барлығы тақтаға шығып жеке нысандарды өзара қосқысы келеді. Енді картина бойынша әңгімелеуді тілі жатық балалар ғана емес, сонымен қатар әу бастан үндемей отырған бала да сөйлей бастайды. Сабаққа дайындалу жеңіл бола бастады. Картинаны алдымен қарастырып, содан кейін толық, мәнді әңгіме құрастыруға үйретуге болады. Бұрынғыдай тәрбиеші ғана көпіріп сөйлеп, көптеген сұрақ қойып жатпайсың, онсыз да бәрі айдан анық көрініп тұр ғой. Кей кездерде қалай оңай болса да, белгілі бір кезеңде қажетті сөздер табылмай қалады және бала айтамын деп тырысса да айта алмай қалатын жәйттар да болады. Сондықтан бос уақытта «Иә - Жоқ» ойынын ойнауға болады, мысалға кез келген нысан алына береді, «Жанданған картина» ойнатуға болады. Жұмбақ шешкізіп, ұйқасын таптыруға да болады. Сабақтар барлығы «сиқырлы түрде» өтеді. Олар «Сиқырлы картина», «Сиқыршылар», «Сиқырлы дүрбілер», «Сиқырлы таяқша», «Сиқырлы фломастер», «Сиқырлы жолақтар», «Сиқырлы кілем» тұрпатында болады. Сиқыршылардың атаулары «Бәрін бөл», «Бәрін қос», «Уақыт көлігімін», «Бәрін естіп тұрмын», «Бәрін иіскеймін», «Бәрін қолыммен сипаймын және сеземін», «Бәрінің дәмін татамын» деп аталады. Жалпы сіздер ойлана келіп өз тарапыңыздан басқа кейіпкерлерді ойлап табуға болады. Мысалы, Ертегідегідей бір көзді дәулерді, күшік, мысықай т.б. жанды заттарды алуға болады. Мектепке дейінгі балалармен картиналар бойынша әңгіме құрастыруда ойлау операцияларын көп қолданған жақсы. «Картина бойынша әңгіме құрастыруға үйрету» әдістемесі көптеген ойын жаттығуларының жүйесімен құрылған сияқты. Әңгімелеуге үйретуде қолданылатын форманың бірі – ол дидактикалық ойындар. 26
Ойын нақты бір құрылымды игереді: дидактикалық мақсатты, ойын ережелері мен қимылдарды жүйелейді, сұрыптауға үйренеді, болжам жасап және өз әңгімелерін құрастыра алатындай бұрмалап, жаңартып алады.
Дидактикалық ойындарға сипаттама.
«Дүрбі» ойыны. Балалар алақандарын дөңгелетіп «дүрбі» жасайды. Сол дүрбімен картинадағы нысандарды бөле бастайды. Нысандарды жай ғана бөлеміз демей, осындай ойынды қолданып, яғни «дүрбіні» ойын жаттығуына айналдырса, балалар көптеген нысандар тауып алады. Тіпті кейбіреулері дүрбілерін бұрап отырады.
«Шеңберде кім тұрады?». Балалардың атаған нысандарын шеңберлер ішіне қойып, тек жай ғана ататып қоймай, ойын арқылы шеңберде кім тұрады? Десек, бала бірден қызыға бастайды. Шеңберде сырғанақ тұрады, шеңберде суықторғай тұрады т.б. деген көптеген жауаптар туындайды. Әрі ойын, әрі ойды бекітеміз.
«Туыс іздеймін». Бәрін қос сиқыршысы нысандарды өзара қоса бастағанда тек жай ғана мен мысықты сүтпен қосамын дегізбей, оның орнына осындай ойынды енгізсек, қызық болады, яғни суреттер бір – бірлеріне туыс іздейді.
«Дос іздеймін». Мағынасы жоғарыдағы ойын сияқты. Бұл жерде тәрбиеші өзі ойындарды таңдай алады. Мысалы, шеңбердегі суықторғай өзіне дос іздейді. Кім болар екен? Суықторғайға дос: аққала, ағаш, шетен, бола алады.
«Дос болмайды». Мағынасы дәл солай. Бірақ дос болмайтын нысанды іздейміз. Мысалы суықторғайға кім дос болмайды? Сырғанақ, жол, қар т.б.
«Картинаға ену». Бұл ойынды тек сиқыршылардың көмегімен ғана жүргізе аламыз. «Бәрін естимін, Бәрінің дәмін татамын, Бәрін қолыммен сипап сеземін, Бәрін иіскеймін» сиқыршыларын көзді жұмып картинаға кіргіземіз. Сонда олар картина ішінде жүріп естіп, көрген – білгендерін айтады, әрине балалар атынан.
«Осы түс сияқты таңда». Картинадағы нысандардың түстерін қарастырамыз. Сосын осы сияқты нысанды, түсті тап деп талап қоямыз. Бұл жерде тек қана түсі емес, пішіні, материалы, дәмі, иісі т.б. алынуға болады.
«Иә - Жоқ». Бұл ойынды ойнаған кезде алдымен тақтаға бір бала шақырылады, ол бала тәрбиешіге картинада қандай нысанды жасыратынын айтады, мысалы, сырғанақ болсын. Сосын балалар картина бойынша кеңістікке байланысты сұрақар қояды, ал тақтадағы бала оған «иә немесе жоқ» деп жауап қайтарады. Мысалы, ағаштың жанында ма? ЖОҚ! Балалардың жанында ма? ИӘ! Деген сияқты. Сөйтіп картинаның ішін тағы торып шығуға болады.
27
Тәрбиешілерге И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс әдістемелерін қолданып балалармен картинаны қарастырғанда шығармашылықты әңгіме құрастыруға үйрету бойынша ұсыныстар беріледі. Ұсынытар дидактикалық ойын түрлерімен бірге көрсетілген.
Картинамен жұмыс жасау үлгісі.
кезең «Картинаның құрамын анықтау»
«Дүрбі» ойыны
Шеңберде кім (не) тұрады? Ойыны
«Туыс іздеймін» ойыны
Кезең «Картинадағы нысандар арасында өзара байланыс орнату»
«Дос іздеймін» ойыны
«Дос болмайды» ойыны
Кезең «Картинаны қабылдау кезінде сипаттауға сезім мүшелерін қолдану»
«Картинаға ену» ойыны
Бізге қонаққа «Мен бәрін естимін» гномы келді
Бізге қонаққа «Мен иіс сеземін» гноым келді
Бізге қонаққа «Мен бәрінің дәмін татамын» гномы келді
Бізге қонаққа «Мен қолыммен және теріммен сеземін» гномы келді
Кезең «Нысандарға бейнелі мінездеме құрастыру»
«Осы түс сияқты таңда» ойыны
«Пішінімен салыстыр» ойыны
«Материалы бойынша салыстыр» ойыны
Кезең «Уақыт ағымына нысандардың ауысуы»
Бізге қонаққа «Мен уақыт көлігімін» гномы келді
Кезең «Әр түрлі көзқараспен әңгіме құрастыру»
Әдістеме екі түрлі әңгіме құрастыруға бағытталған.
Бірінші түрі «Шынайы сипаттамалық мәтін» - сипаттау әңгімесі
Мақсаты: Дидактикалық талаптарға сай картина бойынша сипаттау әңгімелерін құрастыруға үйрету.
Екінші түрі «Қиялды сипаттамалық мәтін» - картина бойынша шығармашылықты әңгімелеу (қиялдау)
Мақсаты: Қиялды әңгіме құрып үйрету.
28
Қазіргі бағдарламалардың талабы сабақты тек қана ойын түрінде өткізу болып отыр, сабақты психожатығуларды қолданумен не саусақ ойындарын қолданумен бастаймыз. Сол себептен тәрбиешілерге аз да болса көмегін тигізетіндей саусақ ойындары мен психожаттығуларды ұсынамыз.
Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық.
Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады жәе өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету – тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және й жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық, мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі.
«Адамдар келеді»
Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойынын саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады,
Мысалы, «Моншақ»
Қызыл - сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп қатарға тізе бастайды. Қимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді. Сонымен қатар қол саусақтары қимылын жетілдіру үшін ұсақ таяқшалардан, жемістердің дәндерінен, түймелерден әртүрлі бейнелерді тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
29
Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдарымен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Төмендегі көрсетіліп отырған саусақ ойындарын балалар ақындарының өлең-тақпақтарымен байланыстырып, ұсынуға болады.
Саусақ жаттығуларын ұсынамыз.
«Тиін»
Тиін арбада отыр,
Жаңғақты сатып жатыр.
Түлкі әпкеме,
Торғайға, шымшыққа,
Маймақ аяқ аюға,
Мұртты қоянға. (саусақтарды бірінен соң бірін қайтарып отырамыз).
«Ұйқышы саусақтар»
Мына саусақтың – ұйқысы келеді,
Мына саусақ төсекке секіреді.
Мына саусақ қорылдап,
Мына саусақ ұйықтап,
Сосын бәрі бірге тұрады –
Алақай!
Балабақшаға кім барады.
«Ақ тауық»
Ақ тауық – ау, ақ тауық,
Ақ тауық неден қақсауық
Ертеменен қыт – қыттайды,
Ауламыздан шықпайды
Шеп – шеп десем келмейді,
Берген жемді жемейді.
Ауруы қандай қауіпті,
Деп аяймын тауықты.
Деп жүрсем тауығым,
Ақ жұмыртқа тауыпты.

30
«Қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан артынан,
Көжегі екен өзінің.

«Құлып»
Орманда бір үй тұр
Есігінде құлып тұр.
Айыңдаршы балалар,
Құлыпты кім ашады

«Қайық»
Қайық суда жүзеді,
Сақинасын тізеді.

31
«Әтеш»
Әдемі әтеш,
Таң атпай тұрыпты.
Ойқастап жүріпті,
Жан – жаққа қарапты,
Айдарын тарапты.

«Қазым»
Қазым – қазым қаңқылда,
Көлде жүзіп салқында.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ,
Кәмпит тәтті болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш.

32
Психожаттығулар топтамасы
«Мысық тышқанды ұстайды»
Тәрбиеші: біз мысықтармыз, тышқан ұстап жегіміз келеді, бірақ тышқан қашып кетуі мүмкін. Тышқанға жақындау үшін ақырын, тыныш, дыбыссыз жүруіміз керек (балалар тышқанға жақындайды).
Тәрбиеші: Енді мысық жылдам секіріп, тышқанды ұстап алуы керек, ол қашып үлгермесін (балалар алға секіреді де тышқанды ұстап алады).
«Қонжықтар».
Тәрбиеші: Сендер қонжықтар боласыңдар, мен Аю – ана боламын. Міне қонжықтар апаннан шығып қыдыруға кірісті. Орман ішінде қыдырып жүріп, ақырып қояды: а-а-а! (балалар даысын келтіріп, дауыстайды). Қыдырып, ойындары қанған соң апанға анасына қайтып оралады. (қонжық жүрісін ырғалып жүріп көрсету).
«Шар үрлеу».
Тәрбиеші: бәріміз шар үрлейміз, міне былай: сссссс! (көрсетеміз). Шар қалай үрленетінін көрсетіңдер, қандай әдемі шарлар үрленетіні көрсетіледі. Ал енді осы үрлеген шарларыңмен кішкен ойнаңдар!
«Барабан соғайық».
Балалар шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Әрбіреуіңде иықтарыңда барабан ілініп тұр деп елестетіңдер. Енді осы барабандарды таяқшамен соғамыз (балалар барабан соғысын соққанын көрсетеді, «тра – та – та » деп айтады). Енді барабанды соғып тұрып марш жүрісіне көшеміз.
«Ұлпақарлар».
Тәрбиеші балаларға ұлпақарларды көз алдарыңа елестетіңдер дейді. Балалар қолдарын көтеріп және ептеп, ақырын айналып, сосын ақырын жерге ұлпақарлар сияқты қона бастайды. Содан кейін тәрбиеші әр балаға қолына қағаздан қиылған ұлпақар таратады, балалар оларды жоғары лақтырып, жерге түскендерін бақылайды. Өздерінің жасаған қимылдарымен салыстырады. Тәрбиеші жер аппақ қарға көмілгенін, ақ кілемдей болғанын айтып өтеді.
«Қыс пен жаз».
Далада қар жауып тұр, қыс, сендер тоңдыңдар. Кәне тоңғанымызды көрсетейікші (балалар көрсетеді). Енді далада жаз мезгілі, күн шығып тұр, жылы, біз қуанып жатырмыз. Кәне қуанғанымызды қалай көрсетеміз (балалар күліп, секіреді, шапалақтайды).
33
«Қар»
Балалар шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: далада қар көп екен, ал қыста балалар далаға шығып қар лақтырып ойнағанды жақсы көреді. Ендеше қолымызға қар аламыз (балалар еңкейіп қар алады), екі алақан арасына салып доп сияқты дөңгелетеміз (қимылдарын көрсетеді), содан кейін бір – бірімізге лақтырамыз (лақтырғаны көрсетіледі). Алдымен сол қолмен, сосын оң қолмен лақтырамыз. Балалар тіпті еңкейіп қалғанын, шалқайғанын, қар тигенін бейнелеп берсе тіпті жақсы.
Тәрбиеші: енді қолымыз тоңды. Биалайымызды шешіп, қалтаға салып, қолымызға үрлейміз (қимылдарды көрсету). Үрлеп қолымызды жылытамыз.
«Көбелектер мен гүлдер».
Әрбір жерге гүлдерді шашып тастаймыз. Содан кейін балаларға көбелекті бейнелеулерін ұсынамыз. Балалар қанаттарын қағып жүріп, гүлден гүлге ұшып жүреді. Музыка тоқтағанда әр көбелек өз гүлін тауып алуы керек, яғни әрбір гүлге бір – бірден көбелек қонуы керек.
«Ақырын, қатты».
Тәрбиеші: Біз сендермен ойын ойнаймыз. Менің қолымда срет бар деп елестетіңдер, мен сол сурет бойынша әңгіме айтамын, сендер соны қимылмен келтіресіңдер.
Менің суретімде масалар салыныпты. Олар қандай болады және ызылдайды? Зззззз! – дейді. Міне масалар меннен алыстап ұшып барады. Балалар тәрбиешіден алыстайды. Қатты ызылдайды: ззззззз! Енді әбден алыстап кеткенде ақырын ызылдайды: зззззз.
«Аңдардың, жануарлардың қимылын келтір»
Тәрбиеші олардың қалай жүретіндерін көрсетуді ұсынады.
Тышқан (тез, ұсақ қадамдармен жүреді)
Қоян ( секіреді)
Бақа (сәл отырыңқырап, секіреді)
Түлкі (құйрығын бұлғаңдатып, майысып жүреді)
Аю (шолжаңдп жүреді)
«Күлімде күн»
Балалар шеңберге тұрады. Күнге қарап күлімдеп, амандаса бастайды.
Амансың ба, күн! (бастарын иіп сәлем береді)
Амансың ба, жер!
Амансың ба, аспан!
Амансың ба, жел!
Амандықты сұрасайық,
Күнді күліп қарсы алайық!
34

Картинаны қарастыру бойынша
сабақтардың
дайын әзірлемелері.
35
Тіл дамыту сабағынан
«Мысық пен мысықайлар» картинасына әңгіме құрастыру
тақырыбына
ашық сабақ конспектісі
Тәрбиеші Г.Р.Мырзаханова
Павлодар, 2010ж.
36
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мысық пен мысықайлар
Мақсаты: Шығармашылықты әңгіме құрастыруды жетілдіру.
Бағд.мазмұны: 1. Картинада нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді үйрету. Жұмбақ мазмұнын аша білуді үйрету.
2. Бөлініп алынған нысадарды сызба арқылы қосуды,олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Зат есімдерді сипаттауды жаттықтыру. Зейіндерін, естерін, байқағыштықтарын, шығармашылықтарын, қиялдарын дамыту.
3. Достыққа, бір-бірін тыңдауға, үлкен сөзін бөлмеуге тәрбиелеу. Өз ойларын толық айтып, өз көзқарасымен дұрыс бөлісуге тәрбиелеу.
Құралдар: «мысық пен мысықайлар» картинасы, ақ қағазда салынған мысықтың қаңқасы, «сиқырлы» фломастерлер, нысандардың үлгілері, медальондар, сиқыршылар суреттері, сиқырлы таяқша, мольберт.
Сөздік жұмыс: мысықайлар, үлпілдек, алаша, ойынқұмар
Билингвалды компоненттер: мысық – кошка
мысықайлар – котята
үлпілдек – пушистый
жүн – шерсть
мейірімді – добрый

37
Психожаттығу «Шаттық шеңбері»
Балалар біз қазір әдемі шеңбер құрып бүгінгі күнге алғысымызды білдіріп, бір – бірімізге жылы лебіздер айтып, шаттық сыйлайтын боламыз, сөйтіп көңіл – күйімізді бір көтеріп аламыз.
(Аспан ашық болсын, күлкі, көтеріңкі көңіл – күй, шаттық мол болсын, ауырмайық т.с.с.)
Тәрбиеші бүгінгі болатын жайттардың, сабақтың сиқырлы болатынын атап өтеді.
Сонымен сиқыр басталды. Балалар, біз қазір әдемі сиқырлы сөздермен суреттеп, мына алдарыңда тұрған мысықтың суретін салып шығамыз. (тақтада ақ қағазға салынған мысықтың жай денесі, басы болады). Кәне әдемі сөздеріңді аямай, мысықты суреттеңдер.
Мысықтың әдемі көздері бар (мысыққа көздер салынады)
Мысықтың ұзын мамық құрығы бар (құйрығы салынады)
Мысықтың тікірейген екі құлағы бар (құлақтары салынады)
Мысықтың майысқан әдемі мұрттары бар (мұрты салынады)
Мысықтың оймақтай ауызы бар (ауызы салынады)
Мысықтың ұлпа жүндері бар (жүндері салынады)
Мысықтың мықты төрт аяғы бар (4 аяғы салынады)
Сөйтіп, мысық суреттеледі, қандай сурет шыққанын өздері байқайды. Міне біз осындай әдемі сөздермен керемет сурет салып шықтық.
«Жақсы, жаман» ойыны
-Балалар, мысықтың жақсы жағы қандай? (тышқан ұстайды, ауырған жеріңді басады, бала болып ойнайды, еркелейді)
-Жаман жағы қандай? (тырнайды, сүт көп ішеді, иірімді тарқатады).
-Дұрыс, сонда біз мысықты көбіне мейірімді, нәзік деп айтамыз.
-Енді бүгінгі сабақта осы суретімізді сиқырлап жіберсек қайтеді. Ол үшін бізге «сиқырлы таяқша» керек. Сендер көздеріңді жұмыңдар, ал мен сиқырлаймын.
Сиқыр – сиқыр болады, ғажайыпқа кенелтеді. (таяқшамен ауада иректер жасалады).
(балалардың көздері жұмулы тұрғанда, тез арада мольбертті теріс қаратып, артындағы үлкен картинаны бұра қоямыз).
-Міне керемет, балалар, сиқыр деген қандай екен. Мынау не? Картина. Онда не салынған «Мысық пен мысықайлар» салыныпты.
38
Енді ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Дүрбі».
Тәрбиеші сиқырлы таяқшасымен дүрбілерді жанап өтеді, сонда олар сиқырлыға айналады. Енді алақанымызды домалатын жасаған дүрбімізбен біз қазір картинаны қарастыратын боламыз. Ендеше бізге көмекке «Бәрін бөл» сиқыршысы келеді. Ол қазір бәрін жеке – жеке бөліп тастайды. (балалар нысандарды атап, бір – бірден картинадан бөліп ала бастайды, ал тәрбиеші оларды тақтаға іледі).
Ойын «Шеңберде не тұрады?»
Тәрбиеші тақтадағы нысандарды сұрайды, мына шеңберде не тұрады екен? Мынада ше?
Мысық тұрады.
Ол қандай?
Үлкен.
Тағы не бар?
Мысықайлар.
Олар нешеу?
Үшеу.
Мысық не істеп жатыр?
Ештеңе, ол балаларына қарап жатыр.
Олар қандай жануарлар?
Үй жануарлары.
Біз тез бағдарлау үшін, ендеше осы мысық пен мысықайларға ат қояйық. Мысалы, үлкен мысық – Бағлан болсын, кішкене сары мысықай – Алтынай, сұр мысықай – Еркетай, қара аласы – Томпақ. Енді біз суретті қарастырғанда мысықтарды атымен атайтын боламыз.
-Балалар, бізге тағы бір қонақ келіп қапты, оның аты «Бәрін қос» деген сиқыршы екен. Бұл сиқыршы барлығын бір – біріне қосып жүреді екен. Ендеше қазір сендермен тағы бір ойын ойнаймыз.
Ойынның аты «Дос іздеймін».
-Қазір мына тақтадағы шеңбер ішінде тұрған нысандарды біз бір – бірлеріне қосамыз. Ол үшін бізге «сиқырлы фломастер» керек. Сиқырлы фломастер шеңбер ішіндегі заттарды бір – бірлерімен достастырады.
(балалар нысандарды өзара қоса бастайды)
Неге мысықты алашамен қостың?
Өйткені ол алаша үстінде жатыр.
Неге Бағланды Еркетаймен қостың?
Өйткені ол оның баласы.
Неге Алтынайды сүтпен қостың?
Өйткені ол сүт ішіп жатыр.
39
(осылай тақтадағы нысандар өзара шым – шытырық болып қосылып жатады).
Енді дем алайық. Кімнің үйінде мысық бар, сендерді мысықты қалай еркелетесіңдер?
СЕРГІТУ СӘТІ
Май берейін, құрт берейін,
Құйрығыңды бұлғаңдатшы (қимылмен көрсетіледі, мысықтың құйрығын сипаймыз).
-Балалар, бізге қонаққа «Бәрін естіп тұрмын», «Бәрін қолыммен сипаймын» сиқыршылары келіпті. Олар бізді картинаның ішіне шақырып жатыр. Барамыз ба? Ендеше тағы да көзімізді жұмамыз. Мен сиқырлы таяқшамен сермейін. (көз жұмылып, таяқша сермеледі).
Ойын «Картинаға ену»
-Балалар, міне картинаға ендік, енді мысықтар отбасын шошытып алмау үшін, тыныш жүреміз. Кәне «Бәрін естимін» сиқыршысы бірдеңе айтқысы келеді екен. Ол: мен мысықтың пырылын естідім – дейді. Сендер не естіп тұрсыңдар?
- мен Алтынайдың сүт ішкенін естідім, ол ерке екен.
- мен Еркетайдың жіппен ойнағанын естідім. Тырнақтары қышып тұрған соң, жіпті тарқатты.
- мен Томпақтың мияулағанын естідім. Ол анасының жанынан шықпайды.
- мен себеттің құлағанын естідім. (осындай болжамдар айтылады) Үстел үстінде тұрған себет ауыр.
- Енді «Бәрін қолыммен сипаймын» деген сиқыршымыз бірдеңе дейді. Ол: «мен алашаны сипадым, ол қатты екен» деді. Сендер ше?
- мен себетті сипадым, ол бұдыр.
-мен Бағланды сипадым, ол жұмсақ екен.
- мен Еркетайды сипадым, ол кішкентай, нәзік екен. (т.с.с. шағын әңгімелер құрастыра беруге болады).
- Енді көзімізді қайтадан жұмайық, картинадан шығып, тобымызға қайтайық. Сиқырлы таяқшамен сермейін.
Ойын «Иә - жоқ»
Тақтаға бір жүргізуші бала шығады. Ол тәрбиешіге картина ішінен қандай затты жасырғанын айтады. Балалар оны бағдарлау арқылы тауып алға тырысады. 40
Ол сол жақта ма? (Иә не жоқ дейді)
Бағланның қасында ма?
Себеттің алдында ма?
Жерге жақын ба? (т.б. балалар сұрақ қоя береді, ал жүргізуші дұрыс табылса, жауабын атайды).
Ойын «Кейіпкерге айнал»
-Балалар қазір мен сендерге мына медальондарды кигіземін, сосын сиқырлы таяқшаммен сиқырлаймын. Сендер сол медальондағы кейіпкерлерге айналып кетесіңдер.
Медальондар: себет, үстел, Бағлан, сүт, тәрелке, алаша, Еркетай, Томпақ, Алтынай.
Кейіпкерге айналған балалар өз атынан әңгіме айтады:
Мен Бағланмын, үлкенмін, балаларымды жақсы көремін. Олар ерке. Сүт ішкенді ұнатады.
Мен Еркетаймын. Атыма сай еркемін. Сүт тәтті болған соң оны ішкім келе береді.
Мен Томпақпын. Кішкентаймын, көбінесе анамның жанында ұйықтағанды жақсы көремін.
Мен үстелмін. Қаттымын, мені ағаштан жасайды. Менің үстіме көп заттар қойылады.
Мен Алашамын. Т.б.
(әңгіме құрастырылады)
-Балалар сонымен картинаны қарастырған қызық болды ма? Біз оны әлі басқа қонақтармен қарастыратын боламыз. Енді осы картина бойынша шағын әңгіме құрастырып көрейікші. Әңгіменің басы, ортасы, аяғы болатынын бәрлерің білесіңдер ғой. Суретте нелер бар екен? Олар не істеп жатыр? (1-2 баланы тақтаға шақырып әңгіме құрастырылады).
Қорытынды
-Балалар маған сендердің әңгімелерің өте ұнады.
-Қалай ойлайсыңдар, сөзбен кім әдемі суреттеді? Кім суретші екен?
- үй тапсырмасы: үйде осы айтылған әңгімеге байланысты суретті өздерің ақ қағазға бояумен салып келесіңдер. Келесі жолы сол суреттерді қарастырамыз.
-Суретке қандай ат қойсақ екен? Кім ойлап табады?
-«Мысықтар», «Мысықтар отбасы», «Мысықайлар ойнап жүр», «Мысық пен мысықайлар». Барлық қойылған аттарың тамаша. Негізі бұл картинаның суретші қойған атауы «Мысық пен мысықайлар».
41


42


43


44
516255-3810
45


46
Тіл дамыту сабағынан
«Солтүстік бұғылары» картинасын қарастыру
тақырыбына
ашық сабақ конспектісі
Тәрбиеші Г.Р.Мырзаханова
Павлодар 2009ж.
47
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Солтүстік бұғылары
Мақсаты: Шығармашылықты әңгіме құрастыруды жетілдіру.
Бағд.мазмұны: 1. Картинада нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді үйрету. Жұмбақ мазмұнын аша білу және оны құрастыра білуді үйрету.
2. Бөлініп алынған нысандарды сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Зат есімдерді сипаттауды жаттықтыру. Зейіндерін, естерін, байқағыштықтарын, шығармашылықтарын, қиялдарын дамыту.
3. Достыққа, бір-бірін тыңдауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Құралдар: «мысық пен мысықайлар» картинасы, ақ қағазда салынған мысықтың қаңқасы, «сиқырлы» фломастерлер, нысандардың үлгілері, медальондар, сиқыршылар суреттері, сиқырлы таяқша, мольберт.
Сөздік жұмыс: бұғылар, вигвам үйі, бұғы айдаушы
Билингвалды компоненттер: Бұғы - олень
Бұғы баласы - олененок
мейірімді – добрая
солтүстік – северный

48
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психожаттығу
- Сәлем күн!
- Сәлем жел!
- Сәлем жер!
- Сәлем саған туған ел!
ІІ. балалар, бүгінгі сабақта суретті қарастыруды жалғастырамыз, содан кейін әдемі шығармашылықты әңгіме құрастыруды үйренеміз.
- Дымбылмес бізге бір хат алып келіпті, ол қонақтармен бірге сабаққа қатыспақшы екен. Хатын оқып көрейік.
- Балалар біз суреттер жер бетінде адасып қалдық, қайда баруымыз керек екенін білмей отырмыз, бізді өз елімізге қайтарыңдаршы – дейді. Балалар, мына суреттерді қараңдар, қандай әдемі. (хаттың ішінде бүтіндей суреттер болады).
- Алдымен суретті қайда салушы едік? Әрине ақ қағазға. Ендеше мен де ақ қағаз дайындайын.
- Мына бір үйді қайда қояйын? (үстіне, астына, ортасына өздері айтады)
- Бұғының баласын ше?
- Бұғының өзін?
- Бұғышы қайда кетіп бара жатыр? Оны қайда қояйын?
- Бұғы не жеп жатыр? Оны қайда қояйын?
(Осылай барлық атаулар үлкен ақ қағазға қойылып шығады).
Енді осы суретті сиқырлы таяқшамызбен сиқырлаймыз, ол үшін көзімізді жұмамыз (сиқырланады, нағыз әдемі картина көз алдымызда пайда болады).
Міне керемет, енді әдемі картинамен біздің жасаған картинамызды салыстырайық.
Ойын «Дүрбі»
-Қолымызға дүрбілерімізді алып картинаны зерттей бастаймыз. (картинаны қарайды).
- Бізге досымыз «Бәрін бөл» сиқыршысы көмектеседі. Ол нысандарды бөлуді талап етеді? Балалар
- Кім қандай нысанды бөліп алады?....
- Мен бұғыны бөліп алдым.
- Мен бұғының баласын бөліп аламын.
- Мен Мен үйді бөліп аламын.
- Мен шөпті бөліп аламын.
- Мен қарды бөліп аламын.
- Шананы бөліп аламын.
- Бұғы айдаушыны бөліп аламын.
- Шауып бара жатқан бұғыларды бөліп аламын.
- Мен алыстағы тауларды бөліп аламын. (бөлінген нысандар тақтаға ілініп отырады).


49
Ойын «Дос іздеймін»
- Балалар өзара нысандарды қосып, оларға дос іздей бастайды.
- Мен бұғыны бұзауымен қосамын, өйткені оның анасы.
- Мен бұғыны шөппен қосамын, ол шөп жеп жатыр.
- Мен Бұғы айдаушыны бұғылармен қосамын, өйткені ол оларды айдап бара жатыр. (осындай сөйлемдер легі кете береді)
Балалар келесі сиқыршыларымыз бізді сиқырлы саяхатқа шақырмақшы, барамыз ба?
Сиқыршылардың аттары «Бәрін естимін», «Бәрін иіскеймін», «Бәрін қолыммен сипаймын». Бұл сиқыршылар бізді картинаға енуімізді сұрайды. Көзімізді жұмып сиқырлы кілемге отырып ұшайық.
«Картинаға ену» ойыны
Не естіп тұрсыңдар?
Не сезіп тұрсыңдар?
Ненің иісі бар екен? (шұғыл қойылған сұрақтарға жауап алу)
ІІІ. СЕРГІТУ СӘТІ
Ойын «Бұғының үйі үлкен»
Бұғының үлкен үйі бар,
Ол әйнекке қарайды.
Қоян жүгіріп келді,
Есігін оның қақты.
«Тоқ – тоқ» есік аш,
Орманда аңшы бар - қаш.
Қоян – қоян кіре ғой
Алақанды бере ғой.
Балалар картинадан шығып топқа қайтатын уақыт келді. Барлығымыз көзімізді жұмып сиқыршылар бізді қайтарсын деп өтінейік.
(топқа оралу)
ІҮ. Әңгіме құрастыру.
-Балалар өздерінің көрген білгендеріңді әңгіме ретінде айтып бере аласыңдар ма?
-Кім тақтаға шығып әдемі, әсерлі әңгіме айтады?
(әңгімелер тыңдалынады)
Ү. Картинаға ат қою.
- Енді картинаға ат қояйық. Қалай деп ойлайсыңдар?
-«Бұғы», «Бұғы айдаушы», «Солтүсік бұғылары» т.б.
ҮІ. Қорыту
-Қандай суретті талдадық?
- Кімнің әңгімесі ұнады?
- Қанадй қонақтар келді?
- Сиқыршылардың аттары қандай?
- Картина қарастырған ұнады ма?
Сабақ аяқталды.
50
51


52
Тіл дамыту сабағынан
«Тиіндер» картинасын қарастыру
тақырыбына
ашық сабақ конспектісі
(1-2 сабақ)
Тәрбиеші С.Р.Рахымбаева
Павлодар 2009ж.
53
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Тиіндер
Мақсаты: Шығармашылықты әңгіме құрастыруды қалыптастыру.
Бағд.мазмұны: 1. Картинада нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді үйрету.
2. Нысандарды іріктеп және олардың арасындағы іс – әрекетті айтып берулерін, сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын толықтыру, зат есім, сын есім, етістіктерді қолдануды, мағыналы жауап берулерін дамыту.
3. Достыққа, бір-бірін тыңдауға, мейірімділікке, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құралдар: Тақта, «Тиіндер» картинасы, «сиқырлы» фломастерлер, нысандардың үлгілері, медальондар, сиқыршылар суреттері, сиқырлы таяқша, мольберт, тақта, ойлау операциялары, ребус «Көктем».
Сөздік жұмыс: тиіндер, жұмсақ, үлпілдек, бұтақтар, ағаштар, бұдыр, нәзік
Билингвалды компоненттер: тиіндер - белки
Үлпілдек – пушистый
бұтақар – веки
нәзік – нежный
Әдіс – тәсілдер:
Жұмбақ шешу. Ребус.
Сиқырлы таяқша және «Сиқырлы хат»
Ойлау операциялары
Ойын: «Шеңберде не тұрады?»
Ойын: «Дос іздеймін»
Сергіту сәті
Картинаны талдау
Үй тапсырмасы – тиінді мүсіндеу
54
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психожаттығу
Сәлем көк аспан,
Сәлем алтын күн.
Сәлем берем достыма,
Сәлем берем қонаққа!
ІІ. Бүгін біз сендермен жасайтын іс – әрекеттеріміз – ой операциялары мен сиқыршыларға сүйенеміз.
Сонымен сиқыр басталды.
Бізге сиқыр жасау үшін не керек?
«Әрине сиқырлы таяқша» керек.
Осы сиқырлы таяқшамен сиқырлы зат табамыз.
Сиқырлы хатта ребус шешу тапсырмасы берілген. Әріптерді сандамер сәйкестендіріп, сиқырлы сөзді тап.
Т И І Н - І Т Н И
1 2 3 4 - 3 1 4 2
Дұрыс, тиін сөзі болып шықты.
Қандай ойлау операциясын қолдандық? (Ойла)
Енді жұмбақ шешеміз:
Тоқ сары түсі бар,
Үлпілдек жүні бар. Ол не?
Әрине тиін, бірақ біздің тиініміз жалғыз емес, олар екеу және кішкентай екен. Ендеше біз сендермен «Тиіндер» картинасын қарастыратын боламыз.
Ойын «Дүрбі»
Мен сендерді сиқырлап тастаймын, сендер қазір барлық дүниені тек дүрбі арқылы көретін боласыңдар. Дүрбімен қарап отырып тек бір нысанды бөліп алып, сол туралы айтып беретін боласыңдар. Ол үшін бізге сиқыршылар келеді. Алғашқы келген сиөқыршымыздың аты «Бәрін бөл». Ол картинаны көп бөліктерге бөліп тастайтын болады. Кәне енді кім нені бөліп алады?
Мен тиінді бөліп аламын.
Мен ағашты бөліп аламын.
Мен тиіннің інін бөліп аламын.
Мен жаңғақты бөліп аламын.
Балалар барлық бөлінген нысандарды мен тақтаға іліп қойдым, қараңдаршы қандай керемет болып шықты. Біз дүрбілеріміз арқылы көп нәрсені көрдік.
Енді келесі ойынды ойнатуға бізгі басқа қонақ келді, оның аты «Бәрін қос» сиқыршысы. Ол осы тақтадағы сендер бөліп қойған нысандарды өзара қосуға көмектеседі. Ол үшін біз мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын «Шеңберде не тұрады?»
Балалармен тақтаға ілінген нысандарды өзара қосып, ойын арқылы достастырамыз.
Тиінді ағашпен қосамын, өйткені ол ағаштың бұтағында отыр.
Тиінді тиінмен қосамын, өйткені олар бір отбасы т.б.
Ағаш қуысын тиінмен қосамын, өйткені ол оның іні.
55
ІІІ. Сергіту сәті
Ормандағы тиіннің,
Жаңғақтары көп екен.
Ол жаңғақты тасыды,
Былай – былай. (қимылмен көрсету)
Келесі ойнайтын ойынымызды тағы бір келген қонақ сиқыршы «бәрін естимін» өткізеді. Ол ойынды ойнау үшін сиқырлы картинаның ішіне енуімізді сұрайды.
Ойын «Картинаға ену»
Балалар сиқырланып, көздерін жұмып картинаның ішіне енеді. Онда «Бәрін естіп тұрмын» сиқыршысымен айналадағы еститін заттарды естиді. Естігендерін балалар ақырын сыбырлап айтып берулері керек.
Мен тиіннің жаңғақ шаққанын естідім.
Мен тиіннің секіргенін естідім.
Мен желді естідім.
Мен бұтақтың сықырын естідім т.б.
-Міне тиіндер жерге түсті, енді оларды ақырын үркітіп алмай қолымызбен сипап көрейік, тиіндер жерге түсіретін сиқыршы «Мен қолыммен сипаймын» болады. Кәне сиқырлап жіберейік.
- мен тиінді сипадым, ол жұмсақ екен.
- мен де тиінді сипадым, ол кішкентай екен.
- мен ағашты сипадым, ол қатпарлы екен.
- мен ағаш қуысын сипадым, ол шұңқырлы екен т.б.
ІҮ. СӨЗДІК ЖҰМЫС – жұмсақ, қатпарлы, үлпілдек, нәзік
- Балалар айналаға қарайықшы, осында дәмді нәрселер бар ма екен? Бар болса аттарын атайықшы?
- Тиіннің еті қандай?
- Ағаштың дәмі қандай?
- Жаңғақтың дәмі бар ма?
(балалар өз көзқарастарын айтады)
- Балалар сонымен қонақтарымыз бізді картинадан шығарамыз дейді, көзімізді жұмайық, топқа қайтайық.
- Көрген – білгенімізді енді бір ортаға салып, әңгіме құрастырып көрейік.
- Кім маған әңгіме айтып берем дейді?
- Әңгіменің аты не болсын?
- Дұрыс әңгімеміздің аты «Тиіндер» болсын, ендеше карина да «Тиіндер» аталсын.
- Тосын –сый Көктемнен хат келді.
Осы сабаққа жақсы қатысқанымыз үшін бізге көп жаңғақ беріп жіберіпті.
Ү/тапсырмасы: тиінді мүсіндеп келесіңдер.
Ү. Қорытынды.
-Сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Балалар қонақтарға рахмет айтайық та қоштасайық.
56
2107565-840105

57
494030183515


58
Сиқыршы «БӘРІН БӨЛ»


59
Сиқыршы «БӘРІН ҚОС»


60
Сиқыршы «МЕН БӘРІН ЕСТІП ТҰРМЫН»

61
Сиқыршы «БӘРІН ИІСКЕЙМІН»


62
Сиқыршы «БӘРІНІҢ ДӘМІН ТАТАМЫН»
63
Сиқыршы «БӘРІН ҚОЛЫММЕН СИПАЙМЫН
ЖӘНЕ СЕЗЕМІН»

64
Сиқыршы «УАҚЫТ КӨЛІГІ»

65
АЛҒАШҚЫ КӨРІНІСТЕГІ БЕЙНЕЛЕР
НЕГІЗГІ МАЗМҰНДЫ БӨЛІП АЛУ
ТАЛДАУ
ІЛЕСПЕ БЕЙНЕЛЕР
КАРТИНАНЫ ҚАРАСТЫРУ
И.Н.МУРАШКОВСКА, Н.П.ВАЛЮМС әдістемесімен картина бойынша әңгіме құрастыру

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ӘҢГІМЕ ҚҰРУ

66
ДИАЛОГ

ӘҢГІМЕ, ЕРТЕГІЛЕРДІ МАЗМҰНДАУ

Фонетикалық
ЛЕКСИКАЛЫҚ
ОЙЫНДАР
СЕРУЕН
ТАҢЕРТЕҢ
ТЕАТРЛАНДЫРУ

САХНАЛЫҚ ОЙЫНДАР

БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІ
ДИАЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ




Алдын ала дайындалған әңгіме
ӘҢГІМЕ

СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ



Грамматикалық

Байланыстырып сөйлеу

67
Диалогты сөйлеу және оның ерекшеліктері
Сөйлеуді (2 не одан да көп адамның әңгімесі,
сұрақ қою және оған жауап алу) толық емес бір ауыз сөздік жауаптарға итермелейді.


Негізгі тұрпаты: толық емес сөйлемдер, одағай сөздер, мәнділік, ым, және т.б.

.
Естілгенге сай сұрақтарды қоя білуге және дұрыс сұрақ қоя білу білімдері маңызды, әңгімеленушіні толықтырып және түзетіп отыру маңызды.

68
Сипаттау әңгімелері
Қиялдау әңгімелері

Картина бойынша шығармашылықты әңгіме құру



МОНОЛОГТЫ СӨЙЛЕУ

СИПАТТАУ ӘҢГІМЕСІН ҚҰРУ
Өз тәжірибесінен әңгіме құрастыру


Ертегі, әңгімелерді мазмұндау


Тақпақты мәнерлеп оқу

Дидактикалық ойындар арқылы
Тәрбиешінің көмегімен
Тірек сызбалар

Тәрбиешінің көмегімен
Ойыншықтарды сипаттау және салыстыру

69
Монологты сөйлеу және оның ерекшеліктері


Ойды толық жеткізуді, нақтылықты, байланысты талап етеді. Әңгімелеушіден сөйлеудің мазмұндылығы және оны сөзбен көркемдеуі, сонымен қатар сөйлеу тілінің құндылығ ескертіледі.


Негізгі құндылығы әңгімелеушінің сөйлеуде толық, нақты ойын білдіргені.

70
ҚАРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КАРТИНАЛАР ТОПТАМАСЫ
71
72
73
74

75
2099310-94551576
77


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. А.М.Бородич «Методика развития речи детей» Москва 1981г.
2. Т.И.Петрова, Е.С.Петрова «Игры и занятия по развитию речи дошкольника» Москва 2004г.
3. И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс «Картинки без запинки» Санкт – Петербург 1995г.
4. О.С.Ушакова, Е.М.Струнина «Диагностика речевого развития дошкольников» Москва 1999г.
5. О.С.Ушакова «Развитие речи и творчество дошкольников» Москва 1999г.
6. Я.Бабич «365 увлекательных занятий для дошкольников» Москва 2000г.
7. Н.В.Новотворцева «Развитие речи детей»
8. Л.А.Венгер «Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дошкольного возраста»
9. Учебный центр им. Л.А.Венгера программа «Развитие»
10. Н.Егорова «Учитесь фантазировать»
11. В.Погаст «ТРИЗ в д/с», «Ребенок в д/саду» 2001
12. «Играем по системе ТРИЗ» №5 1998г.
13. О.Ушакова «Развитие речи детей»
14. В.Гербова «Развитие речи на занятиях с использованием сюжетных картинок».
15. В.Гербова «Занятия по развитию речи».
16. «Отбасы және балабақша» журналдары
78