«Ата-ана мен бала арасында?ы ?арым-?атынас».


Тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас».
Мақсаты:
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.
Түрі: дөңгелек үстел
Кезеңдері:
Танысу (тренинг арқылы)
Топқа бөліну:
«Біздің балалар» бейнебаян
Жағдаятты талдау
Постермен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру
Ой толғаныс: алған әсерлерімен бөлісу
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
«Бала әр ата-ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы» дегендей бүгінгі дөңгелек үстелімізді бастаймыз.
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз ерекше сипатта өтпек. Сондықтан да, белсенді түрде қатысып отыруларыңызды сұраймыз. Барлығымыз бірге қол ұстасып, «Шаттық шеңберіне» шығайық.
Бейнебаян
Осы бейнебаянды көріп отырып, ой түйіп отырыңыздар.
Осы бейнебаяннан алған әсерлерімен бөлісу.
Жағдаятты талдау
Мақсаты: Өз балаларының іс-әрекетіне дұрыс бағыт бере білуге баулу.
1 – жағдаят
«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
2 – жағдаят
«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды.
Ата – ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
3 – жағдаят
«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
Постермен жұмыс: Ата-аналарға тақырып беріледі.
Отбасындағы қарым-қатынасты қалай елестетесіз?
Отбасындағы баланың орны?
Бейнеролик арқылы ашу?
Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру. Ата-аналар топ бойынша ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас ережелерін құрастырады, сызба, кесте, модель түрінде таныстырып, қорғайды. Сонымен ата-аналар бала тәрбиесі ең маңызды - мәселе. Ең басты – ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздарОқушылар тілегі:
Бейнетаспа арқылы
Ой толғаныс: алған әсерлерімен бөлісу
Ән : «Жан жосым» әнін бірге орындаймыз

1 – жағдаят
«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
2 – жағдаят
«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
3 – жағдаят
«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?