«Білім алушы мен о?ытушы арасында?ы ?арым – ?атынасты ны?айту»


Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі
Абушарипова Шынар Темирбековна
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Тақырыбы: «Білім алушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынасты нығайту»Мақсаты: Білім алушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынасты нығайтудың тиімді жолдарын айқындау
І.Кіріспе
Қазіргі қоғамда білім алушы мен оқытушы арасындағы қарым - қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр. Оқытушы өз міндетін орындай отырып, ауызбірлік, ізгі ниеттілік, жолдастық сезімді, өзара түсіністік пен өзара көмекті, бір-біріне деген сенімді көрсете отырып білім алушылармен жоғары адамгершілік қатынасын сақтауы қажет. Оқытушылар мен білім алушылардың ар-намысы мен қадір-қасиеті өнегелі салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі. Білім алушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынасты нығайтудың тиімді жолдарын қазір біз сіздермен айқындап көрейік.
ІІ. Негізгі бөлім. а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Шынар шыншылмын, шыдамдымын....
б) «Автопортрет» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын оқытушы ретінде тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. Жаттығу шарты: Сізді таныс емес аудиториямен ,мысалы 1 курс білім алушыларымен кездесу күтіп тұр делік, олар бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. 
в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады. Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар білім алушы ретінде ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін білім алушылардың көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады. Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан білім алушының көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. 
ІІІ. Қорытынды бөлім. а) «Жүйрік ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ -Білікті оқытушы ретінде маған қажет қасиеттер, мыналар...... - Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... - Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... - Мен бірлесіп мына оқытушылармен ашық сабақ,сыныптан тыс шаралар өткізер едім, себебі ..... Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
ә) «Майшам» жаттығуы.Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!