Ашы? саба? ?аза?станда?ы экологиялы? м?селелер, атомды?,ракеталы? ж?не бас?а да полигондар ?ызметіні? салдары.


Белгібаева Нұргүл Тезекбаевна
Березняковка орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Зеренді ауданы
Ақмола облысы
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстандағы экологиялық мәселелер, атомдық,ракеталық және басқа да полигондар қызметінің салдары.
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы экологиялық мәселелердің шығуын біледі,полигондағы жұмыстың түрлерін айыра алады,Арал мен Балхаш мәселелерін шешу жолдарын үйренеді.
Оқу нәтижесі:
Қазақстандағы экологиялық мәселелердің шығу себебін біледі.Арал және Балхаш мәселелерін,Семей мен Байқоңыр мәселелерін талдай алады.Бұл мәселелерді шешуде өз ойларын қоса алады.
Түйінді идеялар:
Экологиялық мәселелердің шығу себебі.Оны шешеу жолдарын талдау.Арал мен Балхаштың мәселелері жайында білу..
.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
оқушыларды түгендеп,сергіту сәтін өткіземін.
Сергіту сәтін орындайды.
1 мин. (АКТ). Сабаққа көңілді,жағымды әсермен кіріседі.
2.Топқа бөлу:
Алма мен алмұртты келіп бір-бірлен алады сол бойынша екі топқа бөлінеді..
Топқа бөлінеді. 2 мин. (Оқытуды басқару және көшбасшылық).
Әр топ өз көшбасшыларын тағайындайды.
Үй тапсырмасын сұрау:
кестені толтыру, оқиғаларды сәйкестендіру.
Үй тапсырмасын орындайды. 4+4=8 мин.
Үй тапсырмасы бөліміндегі 2 жұмыстың әрбір сұрағының дұрыс жауабына 1 ұпайдан беріліп отырады. 4 топ сабақ барысында жарысып, жеңімпаз топ анықталып,марапатталады.Екі тапсырмада қағазға шығарылып,топтарға таратылады.
«Кестені толтыр».
Қазақстандағы демографиялық жағдайлар Оларды шешу жолдары
.
Жаңа сабақ.
(Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу).
4.Жаңа сабақтың тапсырмаларын орындайды. (Дөңгелек стол)әдісі
1-топ Қазақстандағы экологиялық дағдарыс Семей полигоны.
2- топ Байқоңыр космодромындағы экологиялық мәселелер. Оқушылар өз топтарында тапсырманы орындап, флипчартқа түсіреді. Әр топтан бір оқушыдан шығып ортада қорғайды. Әр топтың жасаған жұмысын 1,2,3,4 ұпайлық жүйемен бағалаймын..Осылай жаңа сабаққа енеміз. 5 мин.
(Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету).
5. Автор орындығы.Шарты: 1- топ тақырып ішіндегі «Арал теңізіндегі экологиялық мәселесі»бөлімін оқиды.
2-топ «Балхаш көлінің экологиялық мәселесі» бөлімін оқиды.4 минут.Екі топта өз топтарында талқылайды.Әр топ маңызды,сапалы 4 сұрақтан дайындайды.Әр топтан бір оқушы ортадағы орындыққа отырып, Қазақстанның бас экологі ретінде 4 сұраққа жауап береді.
(Талантты және дарынды балаларды оқыту; Диалог арқылы оқыту). 5+5=10 минут.
сабақты бекіту:
6. Фишбон» немесе «Балық қаңқасы»
1-қадам: мәтінді әр оқушы жеке оқу.2-қадам: оқу үрдісінде қаңқаның басында мәтіндқарастырылатын проблема белгіленеді. 3-қадам: жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады. 4-қадам: балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады.5-қадам: жұпта, топта жұмысты талқылау.6-қадам: топ жұмысын аудиторияда презентациялау.
Тапсырма.1- топ Арал экологиялық мәселесін талда география пәнімен байланыстар.2- топ Балхаш экологиялық мәселелерін талдаңдар география пәнімен байланыстырыңдар.
Дереккөздер және жабдықтар: ХІХ ғ. І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы» атты карта, ҚР әкімшілік картасы, Интерактивті тақта, слайдтар, тірек – сызбалар, оқулық, камера, фотоаппарат, флипчарт, стикер.
Кейінгі оқу:
Тақырыпты оқып келу.
Арал мен Балхаштың экологиялық мәселелерін шешуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы реферат жазыңдар..
Сабақты бағалау:
Сабақтың кезеңдері бойынша оқушыларды бағалау парағы
№ Оқушының аты жөні 1.Үй жұмы сы бойын-ша оқушын ың білімі. 2.Топтас-тарына көмек көрсетуі. 3.Мәнді,орын-ды сұрақтар қоюы.Дөңгелек стол 4.Нақты фак-тілерді(мәлім еттер мен де- ректер) білу
Фишбон. 5.Жалпы
ұпайы.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды: бағалау 3,4,5 деген сандармен жасалады.4 критерий бойынша бағаларын қойып, 5 бағанға жалпы ұпайын жазып, 4-ке бөліп шыққан санды жазып мұғалімге тапсырады.
Топ басшысын мұғалім бағалайды. 4 минут.
(оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау).
“Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері байланыс”.
ББҰ(Білемін,Білгім келеді ,үйрендім);Кері байланыс.Оқушылардың сабақтан алған әсері.1 мин.