Урок :?аза?станда?ы экологиялы? м?селелер.


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп
Сейтмамбетова Айткүл Қоянаққызы
Тарих пәні мұғалімі
Пән аты: Қазақстан тарихы
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Қазақстандағы экологиялық проблемалардың асқынуы халыққа үлкен зиян келтіргені туралы мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже
Қазақстан аумағындағы әскери және ғарыштық полигондардың зияны туралы оқып, түсінеді.
Арал теңізінің апатты жағдайының халық өміріне тигізетін кері әсері, оның зияны туралы оқиды, түсінеді, біледі.
Негізгі идея Оқушының ойын, жеке пікірін дамыта отырып, сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру.
Тапсырмалар 1. Үй тапсырмасын тексеруге арналған тапсырма.
2. Жеке тапсырма
3. Топтық тапсырма:
1-топ: Арал апаты.
2-топ: Семей полигоны.
3-топ: Байқоңыр ғарыш айлағы.
4-топ: Қазақстандағы жалпы экологиялық ахуал.
4. Қорытынды
5. Рефлексия: «Бес саусақ»
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
2. Оқушылар өздері ұсыныстары бойынша топқа бөлінеді.
II. Үй тапсырмасын сұрау: « Кім жылдам?» ( топ мүшелері бірін-бірі толықтырып жауап береді.)
Демография ұғымының мағынасы қалай?
Қазақ халқы неліктен демографиялық дағдарысқа ұшырады?
1990 жылдардағы елдің демографиялық дамуының ерекшелігі неде?
1991 жылдан бастап көші-қон үрдісінде қандай құбылыс орын алды?
Қазақстан халқының саны қанша?
1999 жылы 2009 жылы 2013 жылы
  Бағалау: Жұлдызша жинау арқылы бағалау.
Үй тапсырмасын оқушылар Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы өз ойларымен қорытады.
III. Жеке тапсырма: Еске түсір: Қазақстандағы экологиялық аймақтарды картадан көрсету.
IV. Топтық тапсырма: Жаңа сабақ: Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
Мағынаны тану
Экологиялық тақырыпқа байланысты бейне –сюжет көрсетіледі.( оқушылар өз ойларын берілетін тапсырмамен байланыстырып түйіндейді.)
Әр топқа тақырып үлестіріліп беріледі. (тақырыпты әр топ постер арқылы қорғайды)
Бағалау: «Табыс критериі арқылы бағалау» , топтар бірін-бірі бағалайды.
V. Есте сақта: Дәптермен жұмыс:
Арал теңізі 1960-1970 жылдары дүниежүзілік теңіз деңгейінен 53,0 биіктікте жатса, 1998 жылы 18 метрге төмендеген. Теңіз 2 суайырыққа: Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (1992 ж.). Арал апаты қалыптасты.Теңіздің жиегінен 400 шақырымға созылған «тұзды бұлт» өсімдіктер мен жануарлар түрлерін азайтты.
Балқаш алабын тиімсіз игеруден 1970-1985 жылдары көлге құятын өзендер суының көлемі азайып табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдайы асқына түсті.
Семей полигонында 1949-1989 жылдар аралығында қуаты әр түрлі 470-тей жарылыстар.
Оның 90-ы әуеде, 26-сы жер үстінде, 354-і жер астында өткізілген.
1961-1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-дей ядролық сынақ өткізілді.
1963-1988 жылдары жылына 14-18 сынақ өткізіліп, жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалған.
Семей ядролық полигонындағы сынақ қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 есе асып түсті.
VI.Бекіту сұрақтары:
Арал апаты қалай пайда болды?
Балқаш көлі алабында қандай проблема қалыптасты?
Семей полигонынан басқа республика жерінде қандай сынақ алаңдары салынды?
Байқоңыр ғарыш айлағы туралы не білесіңдер?
Қазақстан экологиясын қалай жақсартуға болады?
Бағалау: «Шапалақ» әдісімен бағалау
VI. Рефлексия. «Бес саусақ»
VII.Кейінгі тапсырма: Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу үшін менің қосар
үлесім.(ой-толғаныс)