?аза?станда ?алыптас?ан экологиялы? проблемалар


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар
Сабақтың мақсаты: Экологиялық апат,оның тигізетін зардаптары және қорғану жолдары жайлы мағұлмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Экологиялық апаттар және олардың зардаптарын меңгерте отырып,білім деңгейлерін жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Студенттердің дүниетанымдылығы,қоршаған ортаға қорғай білуге,ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірбиелері мен тәлім-тәрбиесін қалыптастыру.
Дамытушылығы:Студенттердің сөз байлығын ,ойлау қабілетін, байқағыштық қасиетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Іздену сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,зерттеу,ой тастау,ой бөлісу,этнопедагогика технологиясы.
Сабақтың жабдығы:Интерактивті тақта,плакаттар,презентация, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: Экология, география, химия, этнопедагогика
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
(студенттермен амандасу, түгендеу, оқу-құрал жабдықтарын қадағалау) (2 мин)
2. Жаңа сабақты түсіндіру.(бейне таспа «Қазақстанның апатты аймақтары» жайлы ) (3 мин.)
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
Оқытушының нұсқауы: Экология ұғымы жайлы не білеміз?
Оқытушының нұсқауы: Қазір осы сұрақ бойынша барлығыңыз ойланып,алдарыңызда жатқан ақ параққа жеке түрде барлық білетін ақпараттарыңызды жазып шығыңыздар. (3 мин)
Оқытушының нұсқауы: Жазып болсаңыздар, осы жазған ақпараттарыңызды топта барлығыңыз бірге талқылап,ортақ ойды жариялауға дайындалыңыздар. (3 мин.)
Мұғалім тақтаға «Не білеміз?» деген бағанды толтырып шығады?
Әр топтан бір студент топтың ойын жариялап шығады,ойлар тізбектеліп тақтаға жазылады.
Оқытушының сұрағы:Тағы да қосатын ойларыңыз болса,мәліметтер айтыңыздар. Бағанды толтырып болғаннан кейін,мұғалім ақпараттар тізбегінің астын сызып қояды.
Оқытушының сұрағы: Студенттер енді Экология ұғымы жайлы тағы
«Не білгіміз келеді?»
Оқытушының нұсқауы: Қазір осы сұрақ бойынша барлығыңыз ойланып жеке түрде барлық білгіңіз келетін ақпараттарыңызды сұрақ түрінде рәсімдеп шығыңыздар. (3 мин.)
Оқытушының нұсқауы: Енді бір-бірлеріңізге қосқан ақпараттарды топта барлығыңыз бірге талқылап,ортақ ойды жариялауға дайындалыңыздар. (3 мин)
Мұғалім тақтаға «Не білгіміз келеді?»деген бағанды толтырады. Әр топтан бір студент ойын жариялап шығады. Ойлар тізбектеліп тақтаға жазылады.
II.Мағынаны ажырату сатысы:
Топ өз жанұя тобында жұмыс жасайды. Әр топқа «Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар» жайлы мәтін таратылады.
1-ші топқа: ( Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары)
2-ші топқа: (Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар)
3-ші топқа : (Ұлттық табиғи саябақтар)
4-ші топқа: ( Экологиялық апат және қорғану жолдары)
Студенттер мәтінмен толық танысып шығады. 10 мин.беріледі.
Оқытушының нұсқауы:
Мәтінмен толық танысып болсаңыздар ,ойларыңызды топта бөлісулеріңізді сұраймын. 4 мин.
Топ мүшелері мәтінмен танысып шыққаннан кейін ойларын ортаға салып ой бөліседі. 3мин.
Оқытушының нұсқауы:
Әр топ басшыларына киіз үйге бекітілген тапсырмалар беріледі.Тапсырма жер,су,ауа,топырақ, тақырыбына байланысты ,әр топқа берілген тапсырма бойынша жұмбақтар,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер,аңыздар айтылады. ( 3 мин)
III. Ой толғаныс сатысы:
Студенттердің айтылған ақпараттары бойынша «Не үйрендім» бағаны толтырылады.Алғашқы бағандағы студенттердің білімдерін «Не үйрендім» бағанымен салыстырып ойды дәлелдегенін сұрақтарын өз жауабын талқылап,жауабы табылмағанын сұрақтарға үйге ізденіп келуге тапсырылады. 3 мин
Бағалау:
Топ басшылары , топ студенттерін бағалап ,мұғалімге жариялайды.Мұғалім студенттерді бағалайды. 3мин
Үйге тапсырма: Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар.
Рефлексия 2 мин
Астана қаласы Білім басқармасы
Еуразия гуманитарлық институтының колледжі
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар
( биология пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі)


Өткізген: химия,биология және география
пән мұғалімі Қасен Г.А.