Блум таксономиясы бойынша саба? жоспары. Та?ырыбы: ?сімдіктерді? тіршілік жа?дайлары, олар?а ?сер ететін негізгі экологиялы? факторлар 6 сынып


14.09.2016 Биология 6 «а», «б»
Сабақтың тақырыбы § 4. Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдіктердің тіршілік орталары. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің табиғи жағдайлардағы өзгерістері, олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты,міндеті Оқушыларға өсімдіктердің тіршілік жағдайлары туралы білімін қалыптастыру, өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Оқыту нәтижелері Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары туралы мәлімет алады.
Өсімдіктің табиғаттағы және адам өміріндегі мағызын түсінеді және өмірде қолдана алады.
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ой-қорытуға тұжырым жасауға дағдыланады.
Сілтеме Биология оқулығы 6 сынып, слайд
Негізгі идеясы Жер бетіндегі өсімдіктерге әсер ететін экологиялық факторларды талдау,себептерін білу,түсіну , жинақтау.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Жеке, топпен жұмыс, «Миға шабуыл»,
Ресурстар Интерактивті тақтамен жұмыс, сызба-кестелер, суреттер, сұрақтар жазылған парақтар
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу(шартты белгілерді таңдау арқылы), мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді
Оқушыларды топқа бөлу: Топқа бөлу
«Шартты белгілер»
1 топ: жаңбыр
2 топ: ашық күн
3 топ: қар
Оқушылар шартты белгілерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді
Білу Үй жұмысын сұрақтар қою арқылы сұрау

1. Вегетативті мүше?
Вегетативтік органдар – өсімдіктердің қоректену және өсу мүшелері. Төм. сатыдағы өсімдіктерде жапырақ,
сабақ, тамыр болмайды, олардың вегетативтік денесін таллом деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің В. о-ына тамыры, сабағы, жапырағы жатады. Тамыр – өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді, топырақтан су мен минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ, жапыраққа жеткізеді. Тамырда қор заттары жиналып, кейбір органик. заттар синтезделеді және тамыр арқылы өсімдіктер вегетативтік жолмен көбейеді. Сабақ – өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерінің көлемін үлкейтеді, жапырақ және өсімдіктің жыныстық кебею мүшесі гүл шығарады. Жапырақ өсімдікте фотосинтез қызметін атқарады, тыныс алу кезінде оттегін  сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады және артық суды буландырады. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде В. о-мен қатар генеративтік органдар  (лат. genero – ұрпақ беремін) да болады. Олар өсімдіктің жыныстық жолмен көбеюін қамтамасыз етеді. Генеративтік органдарға гүлді өсімдіктердің гүлі, жемісі, тұқымы жатады.
2. Генеративті мүшелер?
Генеративтік мүшелер - жыныстық көбею  қызметін орындайтын мүшелер.
 Өсімдіктерде вегетативтік көбею мүшелерімен бірге репродуктивтік мүшелерге жатады. Әр түрлі систематикалық топтардың генеративтік мүшелері әр түрлі болады, сондықтан генеративтік мүшелер туралы толығырақ деректер әрбір топта жеке түсіндірілген.
3. Споралар дегеніміз не?
Спора (грек. spora – себу, егу, тұқым), балдырларда, саңырауқұлақтарда және жоғары сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбею кезінде түзіледі. Бір не көп клеткалы болады. Балдырларда талшықтарымен суда қозғалып жүретін спора лар зооспоралар деп аталады. Хлореллада талшығы жоқ автоспоралар, қызыл балдырларда – тетроспорангийде талшығы жоқ тетраспоралар, моноспорангийде талшығы жоқ моноспора түзіледі. Саңырауқұлақтарда да спорангийде – спора, суда өсетіндерінің зооспорангийлерінде зооспоралар жетіледі. Балдырлар мен саңырауқұлақтардың зооспорангийлері мен спорангийлері бір клеткадан түзіледі.
Кейде бұл көбеюді вегетативті көбею деп есептейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде (тамыры, сабағы, жапырағы бар) жыныссыз ұрпағы мен жынысты ұрпағы ауысып отырады. Жыныссыз ұрпағында көп клеткалы спорангийде жетіліп, олардың әрқайсысы жыныстық мүшелері не жыныстық клеткалары жетілетін өскіншеге айналады. Спора сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан өнбей қалатындықтан, өте көп болып түзіледі. Саңырауқұлақтар жыныссыз көбею кезінде конидий сағақтарынан (жіпше) бөлініп, бір, екі және көп клеткалы споралар түзіледі. Өсімдіктердің көбеюінде споралар маңызды рөл атқарады. Кейбір төм. сатыдағы өсімдіктер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан сақтану үшін спора түзеді.
Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну Жаңа сабақ түсіндіру.
Әр топқа тапсырма.
«Миға шабуыл »
Өсімдікке әсер ететін орта факторлары?
Абиотикалық, биотикалық факторлар?
3. Өсімдіктердің тіршілік ортасы?
Топтар талдап түсіндіреді. Постер қорғайды
Қолдану Биологиялық диктант.
1. Өсімдіктер қолайлы жағдайға түскен кезде және белгілі бір жасқа келгенде ............. бастайды. (көбейе)
2. Өсімдік тіршілігінің қоршаған орта жағдайларын ғылыми тілде ....... ..... деп атайды. (орта факторлары)
3. Өсімдік тіршілігіне ең қажетті жағдай - ........... . (жарық)
4. Ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын .............. ғылымы зерттейді (экология)
5. .......... – ұзақ уақыт ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың шіріген қалдықтарынан пайда болған табиғи құбылыс. (Топырақ)
6. Адам әрекетінен өзгерген орта жағдайларын ........ ........... деп атаймыз. (антропогенді факторлар) Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады
Талдау Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды. Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді
Салыстырады, сараптайды
Жинақтау Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?
Ой толғау
Өсімдіктер болмаса адамның өмірі қандай болмақ? Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды
Бағалау Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.
Критерийлер бойынша бағалайды Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді? Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.




\