Отынны? энергиясы. Отынны? меншікті жану жылуы. та?ырыбына ?ыс?а мерзімді жоспар


Сабақ: физика
Тақырыбы:
§12. Отынның энергиясы. 
Отынның меншікті жану жылуы.  Мектеп: Қоянды орта мектебі
Күні: 23.09.2015ж. Мұғалім есімі: Қалиева С.С.
Сынып: 8«а»
Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны: 2
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Отынның жану процесі, меншікті жану жылуы туралы түсінік алу, отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтауды үйрену.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
«отынның энергиясы» ұғымын , «отынның меншікті жану жылуы» шамасының тұжырымдамасын, есептеу формуласын, өлшем бірлігін білу, отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеуді үйрену
Оқушылардың басым бөлігі
Есеп шығару барысында оқушылар берілген формуладан басқа физикалық шамаларды анықтайтын формуланы туындатуды үйрену
Кейбір оқушылар
Азық-түлік заттарының меншікті жану жылуы көрсеткіштерін анықтауды үйрену, «энергетикалық құндылық» сөз тіркесінің мәнін ашу, оның маңыздылығын түсіну
Тілдік мақсат
Оқушылар отын жанғанда энергия бөлінетінін түсінеді, отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді және белгіленуін,өлшем бірлігін,отын түрлері және олардың қолданылуы туралы біледі, отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептей алады
Негізгі сөздер мен тіркестер
«отын», «отынның энергиясы», «меншікті жану жылуы», «отын-энергетикалық ресурстары», «энергетикалық құндылық»
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған мақсаттар:
Отын не себепті жанатынын, отынды түрлеріне қарай топтау,отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Не себепті балауыз оты сөнді?
Қай жағдайда от сөнбейді?
«Отын» сөзіне ассоциация құру
Энергияны қалай алуға болады?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Есептің берілуі, бір формуладан екінші формула туындату
Алдыңғы тақырыптағы «ішкі энергия» ұғымын қалыптастыруды жалғастыру
Жоспар Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз ) Ресурстар
Басталуы 1.Психологиялық ахуал 3мин.
«Күн сәулесін төгеді»
2.Топтарға бөлу, топ ережесін қайт. 2 мин
3.Физикалық диктант 4 мин.
Оқушылар жұмыстарымен ауысып тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріп, бағалау критерийлері бойынша бағалайды
4. Миға шабуыл 2 мин.
Көрсетілім (балауыз жағу), оқушылармен диалог жүргізу арқылы сабақ тақырыбын ашу. Сұрақтар келесідей-
Көрсетілім барысында біз не көрдік?
Не себепті балауыз оты сөнді?
Отты төнкерілген шыны ыдыспен жабсақ не көреміз?
Қай жағдайда от сөнбейді?
Ендеше бүгінгі сабақта біз отынның жану процесімен танысамыз. Бүгінгі тақырыбымыз – §12. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.
5. «Отын» сөзіне ассоциация құру. 5мин
Балалар «отын» сөзін естігенде қандай ассоциациялар туады? Отынға не жатады?Отынның қандай түрлерін білесіңдер? (флипчартта жазып, қорғау- топтық жұмысты оқушылар өздері бағалайды, ынталандыру ретінде смайликтер беріледі)
6.Балалар сендердің айтқандарын қорыта келсек,көрсетілімде көрінгендей жану кезінде оттек жануды қолдайды және отын жанғанда энергия бөлінетініне көз жеткіздік. Ендеше отынды түрлеріне қарай топтайық. (Отын түрлерін топтау ) 2мин Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3,4
Көрсетілім
балауыз,
сіріңке, шыңы ыдыс
Слайд 5
Слайд 6,7
Ортасы 7.Тыңдалым 5 мин
Отын жанғанда энергия немесе жылу мөлшері бөлінеді, оның белгіленуі – Q, өлшем бірлігі – Дж, калория.
Есептеу формуласы Q=q*m, мұндағы q-отынның меншікті жану жылуы, ал m-жанған отынның массасы.
q өлшем бірлігі-Дж/кг,кейбір отын түрлерінің меншікті жану жылуы оқулықтың 51бет 2 кестеде берілген.
Мысалы, таскөмірдің меншікті жану жылуы 2,7*107Дж/кг-ға тең. Бұл массасы 1кг таскөмір жанғанда 2,7*107 Дж-ге тең жылу мөлшері бөлінетінін білдіреді.
№10 слайдқа назар аударсақ, Q=q*m формуласынан
q= Q/ m, m= Q/ q формулалары туындайды.
8.Оқылым ҚР энергетикалық ресурстары - оқулықпен жұмыс ( 5мин)
Топтарға «көмірсутекті шикізат», «газ», «мұнай мен газ бассейндері», «мұнай кең орындары», «көмір» сөздер және сөз тіркестері таратылып, оқулықтағы мәтін бойынша мәлімет жинап, флипчартқа қысқаша жазып, қорғайды.
9.Көрсетілім карта, кесте бойынша 2мин.
Елімізде мұнайдың, газдың, көмірдің, уранның және жаңартылатын энергия көздерінің бай ресурстары бар. энергия және ресурс үнемдеу, энергияның тиімділігін арттыру туралы ойларын қорыту.
10.Мысал есеп, жазылым - 2 мин Слайд 8
Слайд 9,10,
Оқулық,
51-52 бет
Слайд 10,11
Слайд 12
Аяқталуы 11.Бекітуге есептер шығару 7 жат (1,4, 6) 9 мин
12.Үй тапсырмасы 7жат (3,7,8 есептер) (1 мин)
13.Бағалау -2мин Слайд13
13. Қосымша ақпарат/ тапсырма – алдындағы тапсыманы тексеру ( 1 мин)
1.Қабілеті төмен оқушыларға - 2кг үйдегі көмір жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінетіндігін анықтаңыздар.
2.Қабілеті орташа оқушыларға өз тағамдарыңыздың энергетикалық құндылық кестесін құру.
3. Қабілеті жоғары оқушыларға екі азық-түлік заттарының меншікті жану жылу көрсеткіштерін жазып, калориядан Дж-ге айналдыру, пайдасы мен зияны туралы мәлімет дайындау.
Саралау-cіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс
Қосымша көмекті есеп шығару барысында физикалық шамалардың белгіленуі, өлшем бірліктерін жазғанда, формуланы түрлендіруде жоспарлаймын.
1 мысал есептің толық шығарылуын көрсетуді жөн көрдім. Өткен тақырыпты игеруді айқындау мақсатындағы физикалық диктантты
оқушылар өздері тексеріп, бағалау критерийлері бойынша бағалайды,
бекітуге берілген есептерді арнайы бағалау парақтары бойынша топ басшылары бағалайды.
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін қайталау,
отын жағудағы қауіпсіздік шараларын қолдануды түсіндіру
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынай ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақтың және оқу мақсатын менің ойымша дұрыс құрдым. Оқушылар сабақ барысында отынның жану процесі туралы түсінік алды, яғни оттек болмаса ану процесі жүрмейтініне көз жеткізді. Тақырыпқа байланысты отын энергиясының, меншікті жану жылуының белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласын түсінді. Өзімнің жоспарлаған жұмыс түрлері өте көп болды, нақты 45 минутқа сыймайды. Сабақ соңында бекітуге арналған есептер шығарылмай қалды. Сондықтан келесіде санын толтырмай, сапалы жұмыстарға тоқталу керек деп ойламын. Өзімнің алдағы жоспарларыма осы түзетулерді енгізуге тырысамын.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:Сабақ барысындағы топтық жұмыс, балалар берілген тапсырмаларға қызығушылықпен кірісіп кетті.
2:Оқулықпен жұмыс барысында берілген сөз тіркестеріне мәлімет дайындау және қорғау кезінде оқушылар толық тақырыпты ашты.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?
1:Оқытуда топтық жұмысты ұйымдастыру,оқушылардың өз пікірлерін, ойларын, идеяларын ортаға салу.
2: Көрсетілімді қолдану балауыздың сөнгенін көре отырып олар жану процесі қалай жүретінін түсінді , АКТ-ны қолдану - слайдтардағы дайындалған мәліметтер бойынша уақытты үнемдеуге болады.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Бұл сабақта мен қабілеті жоғары, орташа, төмен оқушыларға деңгейлеп тапсырма дайындамадым, барлық тапсырмалар бәріне бірдей берілді. Алдағы сабақта соған көңіл бөлу керек деп ойлаймын.