Разработка панорамного урока по физике на тему Затты? агрегатты? к?йлері ?згерген кездегі жылу м?лшерін есептеу


8ә сынып Физика
Сабақ тақырыбы Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу
Сілтемелер Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.(Александр 2008ж) ,(Мерсер 1995ж),оқулық 8 сынып
Жалпы мақсаты Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу жолдарын үйрену
Оқыту нәтижесі -денені қыздырғанда немесе суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін
-денені балқыту, булау үшін жұмсалған жылу мөлшерін
- отынның меншікті жану жылуы мен жылу мөлшерін байланыстыра отырып, жағылған оттынның мөлшерін есептей алады.
Негізгі мақсаты -сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- оқушылардың ой-өрісін дамытуға,пікір алысуға өз бетімен ізденуге,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік қор жинауға
дағдыландыру
-өзін-өзі бағалауға ынталандыру
-теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету
1.Ұйымдастыру кезеңі /топтарға бөлу/
/Ақпараттық карточка/
Балалар, сабақ көрнекті өту үшін әдеттегідей «жасыл», «сары», «қызыл» түсті ақпараттық карточкаларды пайдаланамыз.Есепті шығара аламын деп өзіне сенген оқушы «жасыл» карточканы, есепті орташа шығарамын деген оқушы «сары» карточканы, ал мүлдем есептерге түсінбей жүрген оқушылар «қызыл» карточканы таңдап карточка бетіне өз аттарыңды жазыңдар.Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың білімдері баллдық жүйеде бағаланады.
Үй тапсырмасы ActiVote құралы арқылы тест қабылдау


2880995-215328500
\ 3. Орманға саяхат «Ой тастау»
1.Ал, балалар біз орманға саяхатқа шықтық. Ауа- райының бұзылуына байланысты алып шыққан суымыз мұз болып қатып қалды. Ал, бізге су керек.
Ол үшін не істейміз? / мұзды ерітеміз/
Мұзды еріту үшін не керек? /жылу/
Жылу беру үшін бізге не қажет?/отын/
Бәрекелді, балалар олай болса мен сендерге отын түрлерін ұсынмын. Әр топтың басшылары келіп, карточка таңдау арқылы отын түрлерін алады. / құрғақ ағаш, ағаш көмірі, тас көмір/
Топтық жұмыс Таңдап алынған отын түрлерін ескере отырып, топтық жұмыс кірісейік.
1: Мұзды қыздыру және жылу мөлшерін анықтау
2: Мұзды еріту және жылу мөлшерін анықтау
3: Суды қайнату және жылу мөлшерін анықтау
4: Жалпы жылу мөлшерін есептеу
22352012573000
5: Отын мөлшерін есептеу

Сергіту сәті «Көршінің суретті» ойыны. Бұл ойын оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

226695-139954000
2931795-162560000
Бекіту 2728595209550001077595146875500Топтық жұмыстарда орындалған постерлерді қорғау:
340995508000
Бағалау: Бағалау критериялары
0-5 балл –қызыл түсті
6-8 балл- сары түсті
9-10 балл- жасыл түсті
Үйге тапсырма: 11- жаттығудың 6-8 есептері, 79-80 бет
Рефлексия Кері байланыс
1636395-151066500
Сабақ бойынша рефлексивті есеп.
Сабақтың құрылымы негізінен есеп шешуге бағытталып құрылған.Оқушылар саяхатта туындаған қиындықты жеңу жолын сыни тұрғыдан ойлау арқылы табады. Сабақта оқушыларға заттың агрегаттық күйлерін толық қамтитын есептер бердім. Бұл тәсіл есептер шешуде қиналатын балалардың қозғалуына ықпал етті.Мысалы: мұзды еріту үшін оны қыздырамыз деген пікірді бірі айтса, екіншісі от жағу керек екендігін, от жағу үшін отын керек екенін топта талқылап жатты.Ал, постер жасауда мен Назерке мен Айдостың сурет салатын қабілетін байқадым. Сабақ соңында мен мынадай қорытындыға келдім; әр топқа отын түрлерін 2,3-тен беруге болады екен. Сонда үлгерімі төмен оқушылар дайын формуламен есептер шешіп, өз тобына көмектесуге
тырысады екен.
№1 ОМ МДШО-мен
Тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері өзгерген
кездегі жылу мөлшерін есептеу

8ә сынып
Физика пәнінің мұғалімі: Бектібаева Г.Қ.
2014-2015 оқу жылы